Материалдар / Мағжан поэзиясының тәуелсіз Қазақстан символикаларымен ұштасуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан поэзиясының тәуелсіз Қазақстан символикаларымен ұштасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: Мағжан Жұмабаев шығармашылығының көп қырлы тұстары әлі де жан –жақты зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: -М.Жұмабаев шығармаларының көркемдік әлемін, құрылымдық ерекшелігін тақырыпқа сай зерттеу ; -Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелерді айқындау; -Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау; Зертттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: Материалдарды мақсатқа сай іріктеу. Дерек көздері: ақынның өз өлеңдері, ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2022
649
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мағжан поэзиясының тәуелсіз Қазақстан символикаларымен

ұштасуы


Абдиров Асылжан, 22-13 топ, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және

жаңа технологиялар колледжі,Талдықорған қаласы,

Жетекшісі: Абушарипова Шынар Темирбековна


Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: 
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының көп қырлы тұстары әлі де жан –жақты зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
-М.Жұмабаев шығармаларының көркемдік әлемін, құрылымдық ерекшелігін тақырыпқа сай зерттеу ;

-Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелерді айқындау;

-Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;


Зертттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: 
Материалдарды мақсатқа сай іріктеу.

Дерек көздері: ақынның өз өлеңдері, ақын шығармашылығы туралы 
зерттеу еңбектер.

Зерттеудің нысаны: ”Жаралы жан“, ”Орамал“,”Мен жастарға сенемін“, 
”Шолпы“, ”Жел”,”Ой“, ”Ескендірдің екі мүйізі“, 
”Бір күні“, ”Қарындастар“, ”Толқын“, ”Түркістан“
”Жұлдызды -жүзік, Айды алқа ғып берейін“ 
өлеңдеріндегі символдық қолданыстар

Зерттеудің болжамы:
Мағжан бейнешілдігі тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік символдарының негізіне айналуда. 

Зерттеу бөлімі: «Мағжан-культурасы зор ақын. Сыртқы кестесінің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай», - деген еді Мұхтар Әуезов. Өз замандастарынан тума таланты мен білім деңгейі жағынан, жарты ғасыр алға жылжып кеткендіктен болар,қазіргі болып жатқан құбылыстарды,яғни «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болатынын сезгендей . Мағжан да болашаққа көз тігіп, Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізіп, «Мәңгілік Ел» болуға ұмтылатынын ,Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенгендей.

Мағжан - Батыс әдебиетінде ХІХ ғасырда, орыс әдебиетінде ХХ ғасырдың басынан гүлдене бастаған символизмді, қазақ әдебиетінің топырағында түрлендірген ақын. Бейнешілдікті халықтың әлеуметтік тұрмысымен байланыстырған қазақ әдебиетіндегі символизм мектебінің іргетасын қалады.

Қазақ символизмінің кульминациялық апогейі (шарықтау шегі) Мағжанның отты жырлары болып табылады. Мағжан тызетпе сезімнің емес, бауыры кең тұлпардай көсілетін арналы жүйеліліктің ақыны. Бұл тұрғыдан Мағжан өлеңдері де сол жүйенің кірпіші болып қаланады. Мағжанның оптимистігін оның қолданған символдарының тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік рәміздерінен көрініс табуымен дәлелдеуге болады. Мағжан ойды бейнелеп айтатын генетикалық көне дәстүрді поэзиясында ойларын образды бейнелеу үшін пайдаланған. Сөйтіп оқырманның сезімін басып, көңіл күйіне ықпал етіп, ойын толқытқан. Бұл арқылы Мағжан поэзиясына Европа мен орыс әдебиетінің әсері болмаған екен деген ой тумаса керек, керісінше ол Европа мен орыс әдебиетінің үздік тұстарымен кеңінен танысқан, нәрімен сусындаған адам. Оның ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен көрінген символистік тәсілі Сарыарқаның ызғарлы көктемінің арасынан басын көтерген бәйшешектей болды. Символистер поэзиясына тән сентименталистік сарын Мағжан поэзиясында да бар. Әсіресе, ұлттың ата-бабалары өткен даңқты тарихын ұмыта бастауы сезімтал ақынның поэзиясына күйректік (сентиментализм) сарынын қосты, сондықтан «жылауық ақын» аталды. Ол Мағжанның поэзиясындағы табиғат лирикасынан көрінгенде: мұң-зарына үн қосып, қайғысына ортақтасып қалтырап-дірілдеп тоңып жансызданып, ыстыққа күюі тәрізді, шарасыздықтар арқылы жасалды.

Мағжанның оптимистігін оның қолданған символдарының тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік рәміздерінен көрініс табуымен дәлелдеуге болады. Елдіктің белгісі - Елтаңбадағы ең маңызды әрі басты деталь – бұл тұлпар, жай жылқы емес, қос қанатты пырақ. Көшпенді философиясында үлкен мәнге ие бұл мифологиялық бейне символикалық жүк арқалап тұр. 
Жылқы – бұл қазақ халқының тегі, тотемі десе де болады. Бірде-бір рәміздерімізде – еліміздің логотипінде тұлпардың, жылқының болмауы – қазақ халқының жетімдігін білдірген болар еді. 
Қазақтың бір арманы- сәйгүлік мініп, желмен жарысқандай күйде қиын күндерде артқа тастап, болашаққа тез жету. Бұны Мағжан: 
Тұлпарға мініп бір шапсам, 
Болмас еді басқа арман! (”Жаралы жан“) – деп жырға қосады.
Елтаңба композициясындағы тұлпар - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Фольклористикада «қасарыса біткен қос мүйіз» деп сипатталатын пырақтағы ай мүйіз – ерліктің, қайсарлықтың белгісі еді. Мүйіз – киелілік. Ел мұрасында «Ескендірдің мүйізі», «Өтеген батырдың қос мүйізі» деген тіркестердің бар екенін білеміз. Мүйіз – қазақ халқының жауынгерлік рухын, қайсарлық қуатын, қайратты қабілетін айқындап тұр. М. Жұмабаев та ”Ескендірдің екі мүйізі“ өлеңінде сол ел аузындағы танымды негізге алған. 
Заманында Ескендір
Жеті ықылымды билеген.
Асқан алып, киелі,
Түссе де отқа күймеген.
Ескендірдей алыптар
Дүниеге енді туа ма? ...
...Ескендірдің басында
Екі мүйіз – нысана!
Жабайы жұртқа көрсетсе,
Қасиеті қала ма? (”Ескендірдің екі мүйізі“). Ақын қос мүйізді қасиетке балайды, екінің бірінде болмас нысана дей отырып, Ескендірдей ержүрек , ерекше болмысты ерлердің дүниеге келуін аңсайтынын тұспалдайды. 
Жылқы – қазақтың егізі. Ал қанат – бұл жаңашылдық та емес. ”Ер қанаты -ат“ демеп пе еді атам қазақ?! Қанат- бұл жебеуші, құтқарушы, сиқырлы күш. 
Күштісің ғой,
Құдірет, 
Періштеңе әмір ет! 
Қанатпен бір сипасын, 
Жазылсын ішкі-тысқы дерт.( ”Жаралы жан“) – дейді ақын.
Қанат – асқақ арман нышаны. 
Жас қырандар-балапан, 
Жайылып қанат ұмтылған. 
Көздегені көк аспан. 
Мен жастарға сенемін! (”Мен жастарға сенемін“) Өлеңдегі балапандардың қанатын жаюы – күш жинау, талаптану, алыс армандарға бет алуды білдіреді.
Халық мұрасында қанаты бар тұлпар бұл – арғымақтың мистикасын айқындай түсетін элемент, оның ерекшелігін, қандай да бір тылсым күшке ие екенін білдіретін деталь. Ал Елтаңбадағы қанатты арғымақ биікке ұмтылу, дамудың төменгі сатысынан жоғарғысына дейін көтерілу – әлемдік өркениетке жетуді білдіріп тұр. Асқақтық, самғау, биік мақсаттарға жету біздің халықтың жаңа заманда игерген жаңа танымы. Қанаттың өзі алтын түстес болуы – молшылықты білдіреді. Аңызға айналған ай мүйізді тұлпар – қазақтың киесі.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? (”Түркістан“) – деп ақын қазақ жерін бүкіл түркі баласының қасиетті Отаны ретінде жырға қосқан.
Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. ”Жұлдыз“ сөзін ақын бағалы, болашақ күндердің еншісіндегі құндылық ретінде жырға қосқан:
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін.
(” Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін.“)
Өлеңде қымбат адам да, асыл мұраттар да жұлдыз символына айналған. Жұлдыз қазақы дүниетанымда адам жанының көктегі көрінісі ретінде танылады да, ”Жұлдызым жоғары“ деп сыйынады. Бұл санадағы тәңіршілдіктің бір белгісі деуге де болады. Әр адамның өміріне байлаулы өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, Қазақ Елінің әрбір азаматы сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет. 
Осы жерде Елтаңбамызға ақын М. Жұмабаев жырлаған осындай киелі ұғымдарды топтастыра білген Шотаман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібековтің да таланты мен танымына бас иеміз.
Мемлекеттік Туымызда Күннің бейнеленуіне де Мағжан бейнешілдігі арқылы анықтама беруге болады.Мағжан өлеңдерінде нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты, салтанатты заманды бейнелейдi.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың! (”Қазақ тілі“). Аспан денесінің уақыт өлшеміне, заман бейнесіне айналғанын байқаймыз. Символизм дегеніміздің өзі де осы. 
Қорытындылар: Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі ”күн“, ”барыс“, ”тұлпар“, ”қыран“, ”жұлдыз“ т.б. символдардың тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік рәміздері мен ел болашағын айқындайтын мемлекеттік маңызды бағдарламалардың нышанына айналуы оның ұлттық дүниетанымы мен көрегендігін, философиялық ой тереңдігімен қоса, елінің жарқын болашағына сенген оптимистік рухын да айқындап тұр. Олай болса, Мағжан поэзиясы елімнің ертеңіне баруға лайықты қазынамыздың бірі деп айтуға толық негіз бар. Біздер үшін Мағжантану мәңгіге жалғаса бермек. 

Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев. 
XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман окиғалардың бәріне Мағжан Жұмабаев куә болды. Олардың бәріне ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді. 
Мағжан үшін ең негізгі мәселе-қазақ елі жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбады.Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын бүгінгі ұрпаққа артты.Отансүйгіштік рухты Мағжан ағамыздың поэзиясы әрдайым сөнбес...

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ю.М. Лотман.
Структура художественного текста. М, ”Искусство“, 
1975, 45-б. 
2. З. Қабдолов. Сөз өнері. ІІ томдық таңдамалы шығ. жин., 2- том. А., 
1983, 244 –б.
3. З. Ахметов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1993, 29-б
4. М. Жұмабаев. Шығармалары(өлеңдер, поэмалар, қара сөздер)А., 
”Жазушы, 1989,56-б
5. М.Әбдірәсілқызы «Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі», - автореферат- 239 б. 
6. Қанарбаева Б. Мағжан символист: Зерттеу.- Алматы: Экономика, 2007.- 
288 б












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!