Мамандығым –
мақтанышым
Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе
бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі –
мамандық. Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз
өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз.
Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз,
елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер,
сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды
факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет
көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір
рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз
керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында жаңа кезеңнің негізгі
міндеттерінің бірі "осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың
негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды
дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық
экономиканы дамыту",-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының
болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі
басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық
аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі,
мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға
байланысты.
Мен Қызылорда қаласындағы
Өркениет медицина колледжінің білім алушысымын. Мамандығым-
фельдшер. Мен бұл оқу орнын және өз мамандығымды таңдағаныма еш
өкінбеймін. Жалпы, колледж тарихына көз
жүгіртетін болсақ:
«Өркениет» медицина орталығы болып Денсаулық
Білім және Спорт министрлігімен 1999 жылы 28 қыркүйекте №0000500
нөмерлі мемлекеттік лизенция негізінде құрылды. Оқуға қабылдау
2000-2001 оқу жылында төмендегі мамандықтар бойынша жүргізілді. 54
оқушы «Фельдшер-акушер» және 27 оқушы «Фармацевт-ассистент»
мамандығы бойынша оқуға алғашқы оқушылар қабылданды. Басқару
құрамы: директор А.Қ.Төрешева, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Г.М.Күлімбетова, тәжірибе меңгерушісі Б.Е.Абдиканиева,
әдіскер И.Н.Байменқызы және хатшы, есепші, лаборант, оқытушылар
құрамы 23 жоғары білімді оқытушыдан
құралды.
«Өркениет» медицина колледжі ҚР Білім және Ғылым
Министрлігінің 2002 жылғы 27 тамызындағы АА №0010094 нөмерлі
03.08.2001 жылы №643 бұйрғымен бекітілген мерзімі шектелмеген
мемлекеттік лизенция негізінде орта арнаулы білімді медициналық
кадрлар дайындайды. Кадрлар дайындау мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Оқуға қабылдау 2002-2003 оқу жылында 0401022 «Фельдшер-акушер»,
0407002 «Мейірбике ісі», 0403002 «Гигиена және эпидемиология»,
0406012 «Фармация» мамандықтары бойынша
қабылданды.
2004-2005 оқу жылында қабылдау негізгі және орта
білім базасында жүргізілді. 0401002 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша
«Жалпы тәжірибелі фельдшер» біліктілігі, 0407002 «Мейірбике ісі»
мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибелі мейірбике» біліктілігі, 0403002
«Гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша «Гигиенист-эпидемиолог
дәрігерінің көмекшісі» біліктілігі, 0406012 «Фармация» мамандықтары
бойынша «Фармацевт» біліктілігі берілді.
2008 жылғы 16 сәуір Денсаулық сақтау саласындағы
білім беру мекемелеріне мемлекеттік аттестациядан өткізу туралы ҚР
Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық қызмет көрсету сапасын
бақылау Комитетінің №103 бұйрығына сәйкес 19-24 мамыр аралығында
колледж мемлекеттік аттестациядан өтті және 2008 жылғы 16 сәуірдегі
№109 бұйрығына сәйкес «Өркениет» медициналық колледжі мемлекеттік
аттестациядан өтті. Нәтижесінде 0401002 «Емдеу ісі», 0407002
«Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша 5 жылға
аттестацияланды.
2009-2011 оқу жылдарында «Жол картасы»
бағдарламасы аясында 0401002 «Емдеу ісі», 0407002 «Мейірбикке ісі»
мамандықтары бойынша 100 оқушы қабылданды.
Колледж директоры болып 1999 жылы құрылғаннан
бастап 2012 жылға дейін дәрігер акушер-гинеколог Турешова Ақкенже
Қонысбекқызы жұмыс істеп келді.
2012 жылдан бастап колледждің директоры болып
жоғары категориялы денсаулық сақтау менеджменті, терапия пәнінен
сабақ беретін жоғары дәрежедегі оқытушы, жоғары санаттағы дәрігер
трапевт Кулимбетова Гүлнар Малибекқызы жұмыс істеп келе
жатыр.
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты
таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам
анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы
науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына
немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы
керек.