Мамандық- мақсат, мақтаныш.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандық- мақсат, мақтаныш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдау мәселесі туындағанда «Қайда барам?», «Қандай маман болам?» -деген сан сұрақ менің де алдымда туындады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мамандық- мақсат, мақтаныш.

Мектеп түлектерінің алдында ең бірінші мемлекеттік емтиханды, ҰБТ-ді қалай тапсырам деген сұрақ туындайды. Ал екінші сұрақ «қандай оқуға, қандай оқу орнына барамын?». Екеуіне де немқұрайлы қарауға болмайды. Бірінші сұрақтың жауабы «пән мұғалімдерінің берген білімін өзің үшін меңгерсең, өзіңе жанашылықпен қарасаң ғана болғаны», ал екінші сұрақтың жауабы «ертеңгі күні сенің өмірлік жолың, өмірлік мүмкіндігің екенін ұмытпасаң болғаны».

Мамандық таңдау мәселесі туындағанда «Қайда барам?», «Қандай маман болам?» -деген сан сұрақ менің де алдымда туындады. Қанша мамандық туралы ақпараттар жинадым. Бірақ ешқайсысында мен өзімнің, қабілет-мүмкіндіктерімнің ашылуын көз алдыма елестете алмадым. Өзімді қай уақытта еркін сезінемін, қандай әрекетте менің қызығушылығым артады -соны сан мәрте ойластырдым. Айналып келгенде көп естелік дене шынықтыру сабағына келіп тіреле берді. Мектептегі барлық оқушы десем «артық айтпаймын» деп ойлаймын, дене шынықтыру сабағына қатысуға асық болатын. Мұғалімнің қатаң талаптары бар. Қауіпсіздік техникасын сақтауға және спорт киіміне баса назар аударатын. Сонда да сол сабақты бәріміз жақсы көретінбіз. Үзілісте қолымыз босай қалса, түстен кейін үй жұмысынан кейін жүгіріп спорт залға келетінбіз. Спорт залдан шаршап емес, демалып шығатынбыз.

Мұғаліміміз Данияр Ақбарұлы мектеп оқушылары үшін баскетбол, воллейбол, стол теннисі секцияларын ұйымдастыратын. Күрестен бапкерлікпен айналысатын. «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Дойбы», футбол ойындарын қосымша алып жүретін. Қыс кезінде шаңғы тебетінбіз. Қазір жақсы мектепте тіпті корд та бар. Балалар қазір конькимен сырғанаумен де айналысады.

Ұстазымыз салауатты өмір салтын сақтауға насихаттауда оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, ауыл жастарының арасында көптеген сайыс ойындар ұйымдастыратын.

Мектепте көптеген іс-шараларға қатыстық. Әр сабақ, әр мұғалім өзінше бір әлем. Әрқайсысы біздің жанымызға руханилықтың дәнін екті. Жалпы менің оқу-тәрбиеме үлес қосқан барша ұстазға айтар рахметім шексіз.

Мен бүгінде ұстазымның жолын ұстанып жас ұрпақты салауатты болуға тәрбиелеп жатырмын. Ұстазым тәрізді сан шәкірт тәрбиелеу менің бүгінгі мақсатым.

Көкшетау қаласы. №18 қазақ- ұлттық мектебі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және «Жас Қайрат»

клубының жаттықтырушысы-Шоқаев Ерлан Қайратұлы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2021
311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі