"Мамандықпен мақтанамын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мамандықпен мақтанамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандықпен мақтанамын»

Ұстаз болғаныма мақтанамын. Себебі ұстаз — мақтан тұтарлық мамандық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп айтылғандай, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, жыршы ақындар да бәрі – бәрі ұстаздан білім алған. Мағжан Жұмабаев: « Алты Алаш баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп айтқандай, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен қарайды. Мектептің басты жүрегі — мұғалім. Мұғалім- баланың екінші ата-анасы, ақылшысы, тәрбиешісі. Баланың мектеп қабырғасынан білім мен тәрбие алып шығуы мұғалімнің еңбегі. Тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, баланың қабілетін, талантын ашу, шығармашылық тұлғаға тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

«Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» дегендей, әр баланың жанына жақын сүйікті ұстаздары болады. Менің де сүйікті ұстазым болған: Баян Ербатыровна апай! Ең алғаш рет ұстазымды көргенде сабаққа деген зейінім артып, осы кісідей мұғалім боламын деп ойлайтынмын. Тұла бойынан білімділікті, шеберлікті, мейірілімділікті сезіне білетінмін. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, ұстазымның теккен тері мен адал еңбегінің жемісімін.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осы мамандықты бала күнімнен армандайтынмын. Көрші-қолаң, туған-туыс балаларын жинап алып, «апай-апай» ойынын ойнап, мұғалім болатынмын. Жастық шақтағы арманым алға қойған мақсаттарымның бастауы болды. Бүгінде сол арманым-қазіргі мамандығым.

Мен – бақыттымын! Неге дейсіз бе? Неге деген сол сұрақты қойыңызшы маған. Өйткені, мен неге бақытты екенімді айтуға асығыспын!

Оның себебі, мен болашақ бастауыш сыныптың мұғаліммін. Мені ешқашан «оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін» деген сұрақтар мазалаған емес , себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін отбасынан сезініп өстім. Қасиетті ұстаздық жолын салған анама еліктеп, алыстаған сайын биіктеп, киелі қасиет қашықтаған сайын құны арта түсетіні анық. Бүгінде жапырағын жайған ұстаздар әулетіміз десек болады. Бұл дәйек менің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігімнің бірі болды және тек қана осы жерде, балаларға тәрбие, білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген сенім берді. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» дер едім.

Оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қарқынды жүретін маңызды буын - бастауыш саты. Кейбірі балабақшадан, кейбірі дайындық сатысынан, ал кейбірі әже мен атаның құшағынан, кейбірі ата - анасының жалғыз еркесі болып мектептің бастауыш сатысының алғашқы баспалдағы бірінші сыныпқа келеді. Алғашқы рет қолына әліппе кітабын ұстап, қызығу мен таңдану аралас сәби саусақтарымен парақтап ашады, қолына қаламын алып ақ қағаздың бетіне әріп жазады. Мұғалім не дер екен, бізге не айтар екен деген сұрақты әр баланың жүзінен оқуға болады. Оларға үйрете жүріп өзің де үйренесің, себебі әр баланы таныған сайын, оның жан әлеміне жақындаған сайын бір жаңалық ашқандай боласың. Бізде кейбіреулер бала деген осы ғой, олардың бәрі бірдей деп жатады. Дұрыс бала ойынға, айналасындағы нәрсенің не екендігін білуге ынтық болуымен ұқсайды, бірақ қабылдау мен жан дүниесі ешқашан бірін - бірі қайталамайды, ұқсамайды. Еңбек етіп келе жатқан осы жылдар ішінде оқытып тәрбиелеген оқушыларымның ішінде ұқсастық немесе қайталау көрген емеспін. Сыныпта 25 оқушы болса, осылардың ішінен біреуі өте жай қабылдайтын, біреулерінің отбасында баланың біліміне қарауға шамасы жоқ ата - аналар кездеседі.

Сол баланың ата - анасымен жиі қарым - қатынас жасау, бағыт - бағдар берумен оқушыны дұрыс білім алуға бағыттайсың. Балалардың дарындылығын, неге икемділігін немесе не нәрсеге қабілетті екендігін анықтауда бастауыш сынып мұғалімдері зор белсенділік танытулары керек. Егер де мұғалім осынау қызығынан қиындығы асып түсетін жұмысын шын жүректен атқара алмаса жанар шоқты жанбай жатып сөндіріп алады, өсетін жұлдызды өшіреді деуге әбден болады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім мамандығындағы менің парызым алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету...

Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне сенемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2021
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі