«№11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Мәңгілік ел» атты мүшайра
2014-2015 оқу жылы«Мәңгілік ел» атты мүшайраМақсаты: Оқушылардың елге деген, Елбасына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, тілін дамыту.Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Кіріспе сөз:«Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 6-сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасына қош келдіңіздер!»1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сайланған күні! Бұл күн 2012 жылдан бастап мемлекет мереке ретінде қабылдап, бүкіл ел тойлап жатыр.Бір аптадан бері біздің мектебімізде де осы атаулы мерекеге орай түрлі іс-шаралар өтуде. Міне, 7-сынып оқушылары да өз үлесін қосып, елге, жерге деген,Елбасына деген сезімдерін, ризашылық көңілдерін өлең жолдарымен жеткізуде.Жас ақындарымыздың талантын,өнерін бағалайтын қазылар алқасын сайлаймыз.1. С. Дүйсенбеков – мектеп директоры2. П. Амангелдиева – оқу ісінің меңгерушісі3. Қ. Аблаева - тәрбие ісінің меңгерушісі.4. Р. Бейсенбаева- тіл маманы.Мүшайраға қатысушы ақындарға сәттілік тілеп, кезек береміз.1. Каналхан Рамазан2. Әсілтай Меруерт3. Оралхан Әдемі4. Қожантай Салтанат5. Сәрсенбек Аслан6. Амантай СымбатАмантай СымбатЕлін сүйген ЕлбасыАстана асқақтаған – асқар қала,Елімізді болашаққа бастар қала.Санаңа өмір салтын сіңірген деп,Сапалы білім берген жастар қала.Нұрсұлтан ата - ел басқарған азаматТәуелсіздік жарығын,жандандырған ғаламат,Өзге елден қалыспай еңбектенген, тер төккен,Ондай адам өмірде жарқырап тұрар тек көктен.91-дің басында «президент» болып сайландыңЕл басқарып, адамзатты жақсы жолға байладың,Өз еліңнің әнұранын, елтаңбасын, көк туын,Желбіретіп әлемге, көк туыңды байладыңНұрсұлтан Назарбаев көсемінің,Көзінен көрініп тұр отты айбары.Өзге елмен терезесін теңестіріп,Көгінде желбіреп тұр көк байрағы.Өркендеп, өсіп-өнген еліміздің,Білсеңіз Бәйтерегі басты айғағы,Алладан ел басымыз аман болса,Елімді талай шыңға бастайды әлі.Құтты болсын туған күні ел басымның,Еліме бақыт берген жанашырым.Сезімге толыққанды жетелеуде,Кейінгі ұрпағының жанашыры.Ел болып еңсемізді түзеу еді,Алғанда тәуелсіздік басты арманым,Елдердің өркениеті алды болыпТаймасын әрдайымда бастан бағың.Каналхан РамазанЕл және Елбасы.Жалықпайды,ел басқару салтымыз,Ұмытпайды,барша халық антымыз.Үлгі тұтар Нұр ағаны бәрі де,Қазақстан ұлы елге басшымыз.Елін сүйген Ел басы-Нұрсұлтандай атамыз бар қарашы.Құрметтейді қасиетін аямай,Адамзаттың асқақ ұлан арманы.Аялаймын Қазақстан елімді,Саялаймын көгершіндей көгімді.Ұмытпаймын,мәңгі жасар елімді,Елін сүйем қазағым қара жерімді.Әсілтай Меруерт.Көш бастады Нұр ағам.Ертеңін ойлап халқының,Көп тер төкті Нұр ағам.Есілдің сыңғыр суыменЖайқалған гүл боп Астанам.Қазаққа хандық орнатқан,Бұл бір сіздің арқаңыз.Алашқа бейбіт таң атқан,Білімі толық арнаңыз.Есілдің ерен жағасынШарпып жатыр ордаңыз.Билік күшін нығайтқан,Бұлда сіздің арқаңыз.Артта қалып сұм соғыс,Көш бастады Нұр ағаң.Абыройын алаштыңОл көтерді әрқашан.Танытқан жайсаң ҚазағынМынау ғажап әлемге.Менде арнап жазамынӨлеңімді әліде.Беделі көтеріліп қазағымның,Кетті ғой қайта оралмас азалы үнің.Рухымен Абылайдың ұрандатқан,Атамыз Нұрсұлтандай ел басқарған.Келешекке жол бастапАлға қарай жетемізЕрлігі биік, күші мол,Елбасыға сенеміз.Оралхан Әдемі.Елбасы.Елін сүйген әрқашан Елбасымыз,Әрқашанда аман болсын Елбасымыз!Тәуелсіздік бүгінде елімізде,Толғанып жатыр далам, жеріміз де.Түледі танымастай өңір мүлдем,Бөленіп жатыр қырат өлең-гүлге.Егеменді елімнің асқақ тойынИменбеңдер, жырлайық досым сенде.Теңесіп алуан жұртпен тереземіз,Кеңейді қанат жайып керегем де.Еліміздің төрағасы ЕлбасымызТыныштығын қалайды өз елінде.Әрқашанда сүйеді елімізді,Тәуелсіздік ұланы жерімізді.Ер Нұрсұлтан атамыз бақытты болКөк туды желбіреткен елімізде.Қожантай СалтанатБіздің президентіміз әрқашан елмен бірге, елге қамқорлығы, ықыласы ерекше! Біздің осындай көшбасшымыз бар. Олай болса, біздің болашағымыз айқын! Елбасына кәміл сенеміз.Жанжал мен дау-шары жоқ құрыш елің,Арман мен аңсары көп дұрыс еліңӘманда оған менің күмәнім жоқӨзіңе артады ғой Ұлы сенім!Болашағымызға сеніммен қадам басайық! Өнерлі , ақын оқушыларымызға рахмет айтып, шығармашылық шабыт тілеп, бүгінгі «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасын аяқтаймыз.