2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / МАҢҒЫСТАУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МЕККЕСІ

МАҢҒЫСТАУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МЕККЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Туризм бағыты бойынша
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мен Сағатова Алтынай Мәлікқызы 1996 жылдың 15 ақпанында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында дүниеге келдім. Шахта орта мектебінде 11 жыл білім алдым. 2013 – 2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын тәмамдадым. 2016 жылдан 2021 жылға дейін мамандық бойынша Орал қаласында №36 ЖОББ, №21 ЖОББ мектептерінде қызмет атқардым. Қазіргі таңда Ақтау қаласы, Т. Айбергенов атындағы №19 мектеп – гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарудамын. 2022 жылдың сәуір айында Маңғыстау облысы балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастыруымен өткен білім қызметкерлері арасындағы облыстық «Еуропа – Азия» туристтік фестиваліне қатысып, жалпы командалық жүлделі ІІІ орынды иеленген болатынбыз. Алайда, төрешілер мен әділ – қазылар шешімімен маған «Еуропа – Азия» туристтік фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама берді.

262bd4be2-3403-4e06-abaa-81509720db39.jpg 022 жылдың қыркүйек айында өткен республикалық «Еуропа – Азия» туристтік фестивалінде «Спорттық лабиринт» қашықтығы бойынша қыздар арасында І орынды иелендім. 2023 жылдың сәуір айында кезекті өткізілген білім қызметкерлері арасындағы «Еуропа – Азия» туристтік фестиваліне үлкен дайындықпен қатысып, жалпы командалық жүлделі І орынды иелендік.



2 023 жылдың қыркүйек айында өткен кезекті республикалық кезеңде командамызбен «Өткелдер» қашықтығы бойынша ІІ орынды иелендік. Мен жекелей «Фироуп» өткелдер қашықтығы бойынша қыздар арасында І орынды, «Спорттық лабиринт» қашықтығы бойынша қыздар арасында ІІ орынды иелендім.

Маңғыстауымыздың атағын республикалық деңгейде шығарып келгеніміз біз үшін үлкен қуаныш, мәртебе болды. Осы жарыстың арқасында Маңғыстауымыздың бұрын соңды көрмеген кереметтей жерлеріне жорық жасадым. Өңіріміздің туризмін дамыту мақсатында өз үлесімді қосқым келеді.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Маңғыстау туралы

2. Маңғыстау туризм саласының даму мүмкіндіктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі





КІРІСПЕ

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты және салт – дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің Маңғыстауымыздан көркем де, әсем өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Маңғыстаудың туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын – ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, біз дәл осы Маңғыстауымыздың ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.

Маңғыстаудың ішкі туризмін мына тұстардан қарастардық:

  • Өлкеміздің ішкі туризмінің қазіргі жағдайы

  • Маңғыстауда ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

  • Қазіргі кезде өлкемізде кездесетін туристік аймақтар


Туризмнің дамуы барлық жағынан қараса да тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізері сөзсіз.









1. Маңғыстау туралы



МАҢҒЫСТАУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МЕККЕСІ

Picture 23 Маңғыстау облысы – Қазақстанның оңтүстік–батысындағы бұрын Маңғышлақ деп аталған облыс. 1988 жылы облыс таратылды, 1990 жылы Маңғыстау аты беріліп, қайта қалпына келтірілді. Облыс солтүстік–шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында – теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде – Түркіменстан және шығысында Өзбекстанмен шекараласады. Облыс орталығы – Ақтау қаласы 1963 жылы негізі қаланған, Каспий теңізі жағасында орналасқан және Қазақстанның «теңіз қақпасы» болып саналады. Маңғыстау облысы өнер кәсіптік аудан, мұнда Қазақстан мұнайының 25 % өндіріледі.

Маңғыстауда туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Туризм саласын дамытудың экономикалық тұрғыда және Қазақстанның табиғи, тарихи, мәдени – рухани келбетін өзге елдерге таныту бағытында екі жақты пайдасы бар десек, таңғажайыптарға толы Маңғыстаудың туризмнің нағыз ордасы болуға мүмкіндігі зор.



2. Маңғыстау туризм саласының даму мүмкіндіктері

ӨPicture 27 ңірде туристік әлеуетті дамытуда классикалық, экотуризм, этнотуризм және биотуризм сынды бағыттар ұсынылғанмен, олардың жүзеге асырылу объектілері үш бағытты қамтиды, біріншісі – даланың табиғи ерекшеліктері, қызғылықты табиғаты болса, екінші бағыт – адам қолымен жасалған құндылықтар, сәулет мұралары. Ал, үшінші бағыт – Каспий теңізінің жағалауындағы туризм. Қазақстанның жеті кереметінің үшеуі Бекет ата жерасты мешіті, Шерқала тауы мен Қарақия ойпаты орналасқан даладағы тұлғасы бөлек тау мен тас, сырын сыртына шығармаған күйі сусыған жал–жал сары құмдар, терең ойларға бастайтын ойпат, тамшысымен таңғалдырған Тамшалы, алыс замандардың иіріміне үйіре жөнелетін Айрақты, бұл дүниенің әлі ешкім шеше алмаған жұмбағының бірі өзі екендігін еске салғандай, адам қолымен жасағандай дөп – дөңгелек шар тастар, айдалада ұмыт қалған айнадай аппақ сор мен ұлан–ғайыр тақыр – жазықтықтар туристерді таңғалдыра алатынына күмән жоқ. Торыштағы шар тастар алқабына дейін туристердің табиғаттың талай таңғажайыбын тамашалауға мүмкіндігі бар, одан әрі жолды Шерқала, Ақмыш, Қызылқала қалашығына бағыттап, Айрақты тауына маңдай тіреген жолаушы әрі қарай акула тістері шашылып жатуымен алыс ойларға жетелейтін Тетис мұхитының орны – Тұзбайыр соры арқылы белгілі Үстірт қырына шығып кете алады. Аптаға созылатын осы маршурттың өзі Маңғыстаудағы мақтаулы нысандарды түгел емес, алайда шет – шетінен көріп шығуға мүмкіндік береді. Ал, тарихи – мәдени ескерткіштерге келсек, өлкеде қазіргі таңда он үш мыңнан астам тарихи – мәдени нысандар зерттеліп, құжатталды. 440 – тан астам ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынды, олардың жиырма бірі республикалық маңызға ие. 249 археологиялық ескерткіш толықтай зерттелген десек, оларға тас дәуірі соңындағы тұрғын кешендер, қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі діни – жерлеу нысандары, ортағасырлық ескі қалалар, бекіністер, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан керуен сарайлары, археологиялық орындар, сонымен қатар сәулет пен құрылыс мәдениетін танытатын алпыс ескерткіш жатады. Жерасты мешіттері, қауым – қойылымдардағы құлпытастар мен тамдар ерекшеліктері туристерді таңғалдыратыны анық.

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту әрі алыс – жақындағы туристерге өлке туризмі туралы мағлұматтың қолжетімділігін арттыру мақсатындағы жоба өз жолына түсті. «2ГИС – Ақтау» компаниясының қолдауымен, қазіргі таңда тарихи – мәдени және табиғи нысандарға цифрлы карта арқылы жетуге болады. Жоба аясында өңірдің 24 киелі жерлері мен тарихи – мәдени орындары цифрлы картаға енгізілген және бұл бірлескен жоба Маңғыстауды Қазақстанның киелі жерлері мен көз тартарлық ландшафты – географиялық жерлерінің бірі ретінде насихаттау мақсатында тегін негізде жүзеге асырылуда. «2ГИС-АPicture 31 Shape1

Бозжыра

қтау» қосымшасында нысандарға баратын маршруттар құру мүмкіндігі, сонымен бірге көз тартарлық көгілдір айлақ, яғни жағажай, Саура, Тамшалы, Жығылған, Сұлтан епе жерасты мешіті, Қапамсай, Шақпақ ата, Шарлар сайы, Отпан тау, Айрақты – Шоманай, Шерқала, Тұзбайыр, Сфинкс, Сисем ата қорымы, Бекет ата жерасты мешіті, Найза тау, Бозжыра, Шопан ата жерасты мешіті, Радон ыстық су көзі, Песчаный мүйісі, Тоқмақ тасты жағажайы, Кендірлі, Қарынжарық ойпаты және Булыойық үңгірі сынды көрікті орындарына қатысты оффлайн режіміндегі мүмкіндіктер бар. Олар Ақтау қаласынан шалғай орналасқандықтан, жол – көлік қатынасы қиындық туғызады. Соған қарамастан, өңірімізге туристік мақсатта келушілер саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы ішкі туризм бойынша Маңғыстаудың көрікті жерлеріне 177 178 турист келген болса, келу туризмі бойынша 28 726 адам Маңғыстау табалдырығынан аттаған.

Қорытынды

Қазақстан Республикасында ішкі туризм әлі де болса бір тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Бірақ туризм саласына мемлекет белсене қатысатын болса, Қазақстан экономикасындағы үлкен табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Әрине 5 жыл өтсін, 10 жыл өтсін деген ой – пікір болмайды, бірақ осы салада оң өзгерістер қалыптасып келеді, әлемнің туризм саласы дамыған елдерден үйрену керек, өзіміздің мамандарды дайындау қажет және де өзіміздің үйімізге махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Толығымен айтсақ мынандай қорытынды шығаруға болады:

1. Қазақстанда ішкі туризмді дамыту бағытында аса ірі потенциалды мүмкіншіліктер бар, бірақ ішкі туризмнен түскен табыс ұлттық табыстың 0,1%-ын ғана құрайды. Республикамыз, соның ішінде Маңғыстауымыз көп ғасырлық салт – дәстүріне, ғажап архитектуралық құрылыстарына, қызықты мәдени ескерткіштерге, мұражай жүйелеріне, мәдени мекемелеріне және фальклорлық этнографиялық халықтар ассамблеяларына, өсімдіктер дүниесімен жануарлар дүниесіне, климаттық және туристік зоналарына, табиғи ландшафтыларға ие.

2. Туристік өнімнің жылдам қозғалуына жарнама үлкен әсерін тигізеді. Қазақстандық туристік фирмалар бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнаманы жақсы қолдануда және де интернетте тиімді пайдалану қажет.

3. Туризмнің әлеуметтік мәдениетке әсері зор. Туризм индустиясын дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шетелдік валютаның мемлекетке түсуінің өсуіне, ірі және кіші мекемелердің дамуына, жергілікті транспорттық инфраструктураның жаңаруына, оның ішінде байланыс және сервистің дамуына алып келеді. Осы дамуымен жергілікті, аймақтық және халықаралық экономикалық, саяси байланыстарды жақсартады.

4. Туризм қоршаған ортаның едәуір жақсаруына эсерін тигізеді, себебі туризм қоршаған ортамен тығыз байланыста.

5. Археологиялық қазбаларға, тарихимәдени мұраларға бай, теңіз жағасында орналасқан Маңғыстау өңірінің туризмді дамытуға мүмкіндігі мол екендігін, аталмыш саланы дамыту үшін заңға өзгерістер енгізіп, әкімшілік кедергілерді алып тастау керек деген қазақстан туристік ассоциациясының директоры Р.Шайкенованың ұсынын менде қолдаймын. Маңғыстау туризмін жаңаша түлету – заман талабы. Маңғыстау туризмі алыс – жақыннан келген шетелдіктерді ғана емес, өз отандастарымызды да қуантып, қазақ даласының мәртебесін тағы бір көтере түсетіні анық.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Г. Шынтемірқызы ««Егемен Қазақстан»»

2. Тойкин, Жайнақова, «Туризм дамуы»,

3. Р. Есқалиев «Маңғыстау – Қазақстанның туристтік меккесі (1 – бөлім)»

28 Наурыз 2025
50
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі