«Мақал – сөз мәйегі»
атты байқауына сценарий
І-жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті
қонақтар, сайысқа қатысушы тыңдаушылар!
ІІ-жүргізуші:
Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан
шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып,
қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор,
рухани байлық.
І-жүргізуші:
Мақал-мәтелді
білмейтін адам жоқ деп айтуға болады, өйткені біздер мектепке
келген күннен бастап үйренеміз. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің
ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап
келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл
арманының арнасы, өмір тіршілігінің арнасы, атадан балаға қалдырып
келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес
мұрасы.
ІІ-жүргізуші:
Мақалда қорытынды тұжырымды
түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер
жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»- деген мақалда елді қорғау
нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Мәтелде ой тікелей
білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген
–ұлы той»- мұнда не көрсең де халықпен көр, өз басыңның ғана қамын
ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
І-жүргізуші:
:
«Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен
айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді
көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта
түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды
бастайық.
ІІ-жүргізуші:
Байқауымызды бастамас бұрын
әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Есмурзина Гүлдана
Әлмұханқызы –
Көкшетау қаласының тілдерді оқыту орталығының
директоры;
І-жүргізуші:
Алғашқы сөз кезегін орталық директоры Гүлдана Әлмұханқызы
Есмурзинаға береміз.
ІІ-жүргізуші:
Байқауымыз үш кезеңнен
тұрады.
1. Мақал-мәтелдер – халық даналығы
(уақытқа айту).
2. Мақал-мәтелдің мағынасын
ашу.
3. Мақал-мәтелдің жалғасын
тап.
4. Мақал-м әтелдерді орын тәртібі
бойынша оқу.
І-жүргізуші:
Ендеше, байқауға қатысушыларды ортаға
шақырайық.
(қатысушылар әуенмен ортаға
аты-жөні аталғаннан кейін бір-бірлеп шыға
бастайды)
ІІ-жүргізуші:
Көп рақмет сіздерге
құрметті қатысушылар, енді байқауымыздың бірінші кезеңін
бастайық.
Мақал-мәтелдер – халық даналығы
(уақытқа айту).
(ортаға кезекпен сайысқа
қатысушылар шақырылады)
І-жүргізуші:
Байқауымыздың екінші кезеңіне көшейік.
Мақал-мәтелдің мағынасын
ашу.
(сайысқа қатысушылар кезекпен
сандықтан тапсырмаларын алады)
Жақсы байқап сөйлер, жаман
кісі шайқап сөйлер.
Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен.
Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең, не қалар?!
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Білмесең үндеме, білгенді күндеме.
Баланың ұяты әкеге, шешенің ұяты шешеге.
Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса, ас көп.
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.
ІІ-жүргізуші:
Байқауымыздың үшінші кезеңіне де келіп қалдық.
Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
(ортаға кезекпен сайысқа
қатысушылар шақырылады)
-
Өз елім… (өлең төсегім)
-
Балапан ұядан не көрсе…(ұшқанда соны
іледі)
-
Сөзің тәтті болсын…(ашуың қатты
болсын)
-
Жақсы байкап сөйлер…(жаман кісі шайкап
сөйлер)
-
Батыр туса ел ырысы…(жаңбыр жауса жер
ырысы)
-
Балалы үйдің…(ұрлығы
жатпас)
-
Тіл тас жарады…(Тас жармаса ,бас
жарады)
-
Тіліңмен жүгірме,..(Біліммен
жүгір)
-
Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке
жарымас)
-
Сөзде қаңқу жаман…(ауруда шаншу
жаман)
-
Білімі жоқ ұл… (жұпары жоқ
гүл)
І-жүргізуші:
Байқауымыздың төртінші
кезеңіне де жеттік.
Мақал-мәтелдерді орын
тәртібі бойынша оқу.
-
Ел даусыз болмайды, ер жаусыз
болмайды.
-
Жылқының етін жесең, тісіңе
кіреді.
Жемесең түсіңе
кіреді.
-
Сөзің тәтті болсын, ашуың қатты
болсын.
-
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім
жақтамайды.
-
Өмір қартайса да, көңіл
қартаймайды.
-
Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке
жеткізер.
-
Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің
тілегі бір.
-
Кісінің кісілігі киімінде емес,
білімінде.
-
Артында қызы қалғанның ісі қалғаны,
ұлы қалғанның – өзі қалғаны.
-
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде
ұлтан бол.
ІІ-жүргізуші:
Байқауымыздың бесінші
кезеңіне де келіп жеттік. Сұрақ-жауап.
1.Білмеген не ішеді? ( у
ішеді)
2.Жас келсе неге?
(іске)
3.Өтірікші кімді алдайды?
(өзін-өзі алдайды)
4.Білгенің қанша,
білмегенің қанша? (білгенің 9,білмегенің 99)
5.Адамда арқау бола ма? (Ас
адамның аркауы)
6.Түкіріктен көл бола ма?
(Көп түкірсе көл болар)
7.Тастың жеңілі бола ма?
(Керек тастың ауырлығы жоқ)
8.Көпке не шашпа?
(топырақ)
9.Дос басқа қарайды, ал
дұшпан ше? (дұшпан аяққа қарайды)
10.Тауық түс көре ме?
(тауықтың түсіне тары кіреді)
11.Сиырдың сүті қай жерде?
(сиырдың сүті тілінде)
12.Бейнет түбі не?
(зейнет)
13.Сөз анасы не? (құлақ),
су анасы не? (бұлақ), жол анасы не? (тұяқ).
14.Не қылыштан өткір? (тіл
қылыштан өткір)
15.Тұз астың дәмін
келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (мақал сөздің дәмін
келтірер)
ІІ-жүргізуші:
Осымен «Мақал – сөз мәйегі» атты
байқаудың шарттарының кезеңдерін орындап шықтық. Ал, енді
әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше , шағын сөзжұмбақты
шешсек
1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр
түрлі сөздер.
2. Заттың атын
білдіретін сөз табы.
3. Жылқы
пірі
4. Адамның түрлі көңіл
күйін білдіретін сөздер.
5. жеке затарға
қойылатын атау.
6.Балаға ең қымбат
–
7. Білім беретін
мекеме.
8. Бірнеше сөйлемнен
құралып негізгі ойды білдіреді.
9. Көркемдеп суреттеуде
затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстыра
суреттеу.
10. Сиыр
пірі.
11. Сөздер мен
сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
- Қандай сөз шықты?
(Мақал – мәтел)
І-жүргізуші:
Құрметті қауым! Ортаға
байқау қорытындысын жариялауға Гүлдана Алмұханқызы Есмурзинаны
шақырамыз.
Марапаттау
сәті.
1 орын –
2 орын
–
3 орын
–
ІІ-жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым!
Осымен бүгінгі «Мақал-сөз мәйегі» атты қазақ мақал-мәтелдеріне
арналған тапқырлар сайысы да өз мәресіне жетті. Барлық
қатысушыларға алғыс айта отырып, талаптарыңызға нұр жаусын
демекпіз.
Келесі кездескенше, сау
саламат болыңыздар!