Мақала

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жылы жүрек» номинациясы бойынша эссе

Қазақ халқының бас ақыны, даналық ойлары мен тәлім-тәрбиеге толы еңбектері қай дәуірде болмасын мәнін жоғалтпаған хакім Абай атамыз жылы жүрек қасиеті туралы азды көпті ой толғандырған. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді. Адам өзінің жүрегінің жылуын адамдарға, айналаға, табиғатқа қамқорлық пен қайырымдылық жасау арқылы, көмек көрсетуі арқылы көрсетеді. Адамдардың бір — біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Жақсы адам әрдайым қол ұшын беріп көмектесуге, жанашырлық танытуға, қамқорлық жасап қолдауға дайын тұрады. Адам жүрегінің жылылыққа, ізгілікке толы болуы үшін, адам бойында адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық міндетті түрде болуы керек. Әр сөзімен соны ой қоздатып, ұлттық даналықтың туын сана биігіне желбіреткен қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларында «жүрек» сөзін 40-тан астам мағынада 107 рет қайталаған екен. Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу-қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас, – деп басталатын өлеңін әрі қарай оқысақ ұлы ақын достық пен қастықтың, ар мен ұяттың барометрі жүректен туындайтын қасиеттер екенін ұғындырады. Жүрек – тірі жандылардың дене мүшелерінің патшасы. Дене жасушаларын қоректендіріп, тамырлар арқылы ағзаға қан айналымын жүйелеп беріп отыратын орталық мүше – жүрек. Тән мен жанның тұтастығы өмір сүру деңгейімен өлшенсе, «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» деп Абай айтқандай, тіршіліктің көзі осы ара болып саналады. Бұл тура мағынасында. Ал ауыспалы мағынада жүрек – иманның мекені, адамгершіліктің тұрағы, махаббаттың баламасы, Алланың нұры. Исламда иманның тұрақтайтын мекені жүрек, тірі жанның болмысы. Жүрек – иманның көрінісі, иманды адамның жүрегі нұрланып тұрады. Адамның игі қасиеті жүректен шығады, жақсылыққа қуанады, жамандықтан жиренеді. Ақиқат тапқан жүрек алдамайды, алаламайды, адалдықтан айнымайды. 17-қара сөзінде Абай: «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті» деп қайрат, ақыл, жүрек сияқты адамның жақсы қасиеттерін айтыстырады. Онда адамның алдына қойған мақсатына жету үшін қайтпайтын қайрат керек екені тұспалданады. Ақыл болмаса жақсы мен жаманды айыра алмаймыз, сондағы асылы жүрек болмаса бүкіл адам бойындағы мүшелері өмір сүруді тоқтатады. Қайрат тек адалдыққа ғана қызмет етпей күш-қуатына сеніп ізгілікке қызмет етумен қатар теріс әрекетке де баруы мүмкін. Ал ақыл болса, ақылдылықпен жақсы мен жамандыққа да ниет білдіре береді. Адамды адалдыққа бастайтын ақиқат жолында ғана жүретін жүректің бұйрығы ғана туралыққа бастайды, ол қайрат пен ақылға бағынбайды. Жақсылыққа қуана білетін, жамандыққа баспайтын ізгілікке ғана бейім Жүрекке билеткен әділ қазы қызметін атқарған ғылым: «...үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет...» деген қорытындыға келеді. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Көпті алдап жем ететіндерді ақын шығармаларында әшкерелеп отырғандығын көреміз. «Ойға түстім, толғандым» деген өлеңінде: Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес, – деген шумағында ұлы ақын бар шынын ақтарып, «жүрегімде тірі пенде сүйсінер тазалық жоқ» деп іштей ренішпен жүреді және өзінің өкінішін өзіне баяндап тұрғандай. «Жастықтың оты...», «жүректің көзі...», «...дүние есігі...», «...дүниенің тілі...» деп әсер туғызатын, ерекше жүк көтеретін сөздің эстетикалық өрісін кеңейту сияқты әдістерді қолданады. Мәселен: Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? – («Татьянаның Онегинге жазған хаты») деген өлең тармақтарында жастық шақтың албырт кезеңі бейнеленген, тауы шағылып, беті қайтпаған ер көңілдің бейнесі көрінеді. «Махаббат іздеп талпынар, Асау жүрек алқынар» деген ақын – адамды бақытқа бастар жол, олардың бір-біріне деген ыстық сезімі деп түйеді. Ақын 3-қара сөзінде қазақтың бір-біріне қаскүнемдігін, мансапқорлығын, жалқаулығын, надандығын көріп назаланады, біздің халықтың бар ойы малын көбейтіп дүние жыйып, оны аз күндік ғұмырының рахатына жұмсамайтынын, қызметке таласқыштығын сынайды. 43-қара сөзінде: «...жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт нәрсеменен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі. Егерде бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсаң, жүректің айнасы бұзылады...» дейді. Осы көріністен ақын жүрегіне салмақ болып, қатты қиналғанын «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерінде жеріне жеткізе айтып, билікқұмар қандасының әрекетін сынайды. «Жүрегім менің – қырық жамау» деген жыр жолы Абайдың «қиянатшыл дүниеден» көңілі қалғанын байқатады. Ұлы ақынның «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» атты өлеңінде: Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек. Абай жүрекке байланысты «асау жүрек», «асыл жүрек», «ет жүрек», «жау жүрек», «жылы жүрек», «ит жүрек», «мұз жүрек», «сұм жүрек», «ыстық жүрек» деп сан түрлі ұғымдар туындатып, жүректің қасиеті мен сыр-сипатына бейнелі де астарлы мән беріп, өзгеше мағына туғызған.  



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.00.2024
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі