Мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы

 Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен  кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға  пайдалы , өнімді еңбекке тікелей  қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың  негізгі көзі болып табылады. Көптеген халық қағидаында  баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Міне , осының түбінде дене тәрбиесінің ықпалы тұр.

      Дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар:

  1. Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дұрыс өсуіне көмектесу;

  2. Спорт - дене тәрбиесі білімдерін меңгерту;

  3. Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;

  4. Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);

  5. Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақ-тылық, тәртіп, ұжымшылдық);

  6. Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс-тұрыс мәдениеті);

  7. Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру;

  8. Гигиеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру.

      Дене  тәрбиесі бағытындағы тәрбиелік істер жан-жақтылығы алға қойылған міндеттерді адамгершілік, ой-сана, эстетика, еңбек тәрбие түрлерімен бірге шешуге көмектеседі.

      Бұл бағыттағы тәрбиелік істердің көп тараған түрі - сабақ алдында мектептегі еңбек күнін бастайтын дене машықтары.

Тәрбиелік істер дене тәрбиесі бағытындағы дене шынықтыру сәттері, шаршағанда сергітуші бұл бірнеше жаттығулар да маңызды келеді. 


Дене тәрбиесі білімінің маңыздылығымен анықталатын, жалпы орта білім берудегі және жоғары мектепте мұғалімдерді дайындауда дене тәрбиесі білімінің рөлі мен үлесін, онымен қоса орта мектепте дене тәрбиесін берудің жаңа мақсаттарын және дене тәрбиесінің мазмұндық меңгерудің объективті қиындықтарын ескере отырып, дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауды жеке мәселе ретінде тек тәжірибелік қана емес, теориялық тұрғыдан да талданып отыр. Түрлі әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудағы негізгі ұғымдарды анықтап, оларға берілген анықтамаларды нақтылап, жаңа түсініктер мен ұғымдардың пайда болуына негіз болды.

       Қоғамдағы негізгі өзектілік  дене тәрбиесі мамандарын дайындау жүйесін және оны психлогиялық-педагогикалық білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге асырудың және түрлендірудің жолдарын түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

       Дене  тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру, дене тәрбиесі әдістемесін қоғам мүшелеріне үйрету жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі әдістері мен технологияларына, оларды логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін көрсетеді.

       М.Я. Виленский пікірі бойынша, оқушылардың  жеке тұлғалық дене мәдениеті –  бұл жеке тұлғаның физикалық дамуы  мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары  мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын  сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш бірліктен тұрады.:

       құндылық бірлік - жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын білдіреді;

       нақты қызметтік бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын физикалық мінсіздік болып табылады;

       тәжірибелік - іс-әрекеттік бірлік, дене тәрбиесі-спорттық белсенділік өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).

       Дене  тәрбиесі маманынан сабақ алатын тұлғалар үшін құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің тетігін сызба түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады. Жеке     тұлға    қабылдайтын      құндылық бағыттары сананың ерекше арналары арқылы өтіп, «маңызды» немесе «жеке тұлғалық мән» деңгейімен топтастырылады. Одан әрі қоғам мүшелері нақты өмірі мен тәжірибесі жағдайында шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген, өз іс-әрекеттері мен тәртіптерінің шын мәнінде басқара алатыны және санада сақталып, қажетті жағдайда талап еткен жағдайда ғана көрінетін дағдылар болып бөлінеді.


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2024
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі