Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала " Тәуелсіздік "

Материал туралы қысқаша түсінік
30жылдағы өзгерістер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебі




« Тәуелсіздік »







Орындаған: Талдыбек Жансая Дәулетқызы



















2020 – 2021 оқу жылы




Аңдатпа


Мақалада Президенттің мақаласында айтылған Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдердегі маңызды қоғамдық – саяси тарихи оқиғаларға кеңінен тоқталу. Мақала 3 бөлімнен тұрады, олар: «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұыры», «Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жолындағы мемлекеттік жетістіктері» және «Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесіндегі өзгерістер».


Кіріспе


Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі. Бұл тұғыры биік ұғымды біз 1986 жылдың 16-желтоқсанында алған едік. Тәуелсіздікке жету жолында талай қазақтың қаракөз қыздары мен жігіттері құрбан болды. Сол жолда ерен ерлігімен қаза тапқан әпке-ағаларымызды құрметпен еске аламыз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 16-желтоқсанды тәуелсіздік күні деп бекіткен еді. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде елге танылды. Міне, қазір біз ешкімге тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүреміз.

Бүгінгі күнде Отанымыз – Қазақстан күннен күнге дамып, әлемге сан қырынан танылып келеді. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Қазақта «Отансыз адам ормансыз ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол сияқты тіролік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Тәуелсздік – ұлттың тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Биыл 16 –желтоқсан тұғыры биік тәуелсіздігіне 30 жыл. Кішкентай сәбидей қаз басып өсіп келе жатқан елімізді көріп мақтан тұтамыз.



Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры.


Биыл Қазақстанның халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. ІІІ мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын – қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы типтегі Қазақстан мемлекеттілігі 1990-2000ж қалыптасты. Бұл аса маңызды кезеңнің тарихи маңызы дәл осы онжылдықтарда заманауи мемлекеттік негізін қалаушы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев бастаған Қазақстанның тәуелсіздігі жариялағаннан бастап нақты мемлекеттік егемендікке дейінгі өткерген қиын жолында. Тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік саясаттың субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді. Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қырғыстанмен, Туркменстанмен, Өзбекстанмен және Қытаймен шектеседі.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің ерекше белгісі ретінде Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды. 1993 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізілді.

Ғасырлармен ондаған жылдар бойы ұмытылған тұлғалардың есімдері мен жәдігерлері оралды, мемлекеттік қазақ тлі қайта жанданды.



Тәуелсіздік Қазақстанның қарқынды даму жолындағы мемлекеттік жетістіктері.


Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді.

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының мүшесі болды. Осы жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер туралы заңға қол қойды.

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғын Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашад ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді.

1994 жылы 16 ақпанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықаралық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйектен өз күшіне енді. Конститутция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

1996 жылы қазақстанның араласуымен шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылды.

1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады.

1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Сондай – ақ осы жылы зейнетақы реормасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 ждасқа дейін ұзартты

2000 жылы 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды.

2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті.

2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Осы жылы киелі ТүркістандаДүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті.

2004 жылы 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясы ашылды.

Осы жылы Астанада Қазақстанның тұңғыш музейі ашылды.

2005 жылдың желтоқсанында Конститутция шеңберінде Президенттік сайлау өтіп, Нұрсұлтан назарбаев қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сепніміне ие болды.

2006 жылдың қаңтарында еліміздің жаңа Әнұраны қабылданды.

2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады.

2008 жылы 6 шілде Астана күні тарихқа енді.

2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті.

2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төреғалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсанында самит өткізілді.

2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі – алтын, 21-і – күміс, 18-і – қола.

2012 жылы 22 қарашада Қазақстан 2017жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Астана 103 дауыс жинады.

2013 жылы Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді.

2014 жылы тамызда үкіметте қайта құр жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 2 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды.

2015 жылы 27 шілде де Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды.

2016 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның өз алдына ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.

2017 жылы Қазақстан ЕХРО – 2017 көрмесі ұйымдастырылды.10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.

2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті өкілеттілігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым – Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.


Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесіндегі өзгерістер.


Болашағына сенім артып, зор үмітпен қарайтын кез келген мемлекет жеткіншек ұрпағының сапалы білім алып, тәлім – тәрбиесі мол азамат болып өсуіне айрықша назар аударады.

Қазақстан Тәуелсіздік алған сәтінен бері беделді рейтингтерге белсенді түрде қатысып келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, еліміздің Адами даму индексаі бойынша соңғы 10 жылдың ішінде 16 пайызға жоғарылап, адами капиталы өте жоғары елдердің тобына кіріп отыр. «Білім беру» субфакторы бойынша позициямыз 2009жылғы 43-орыннан 2019 жылы 26-орынға дейін жақсарды. 2019 жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингінде позициямыз 59-орыннан 55-орынға ілгерілді.


Мектепке дейінгі тәлім – тәрбие мен білім.


Сонымен қатар мектепке дейінгі тәлім – тәрбие мен білімді дамытудың толыққанды моделі әзірленіп, балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту көрсеткіші артты. Бүгінде еліміздегі балабақшалар 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Орта білім


Бүгінде елімізде 7440 жалпы білім беретін мектеп бар. Оларда 3,4 млн бала білім алады. 30 жылдың ішінде Республикада 1800-ден астам мектеп салынды. Нәтижесінде 4 ауысымда жұмыс істейтін мектептер жойылып, 3 ауысымда білім беретін мектептер саны әжептеуір қысқарды. Тәуелсіздік алғаннан кейін білім мазмұнының нұсқалағы жаңа үлгідегі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз етіле бастады.


Тәуелсіздіктің 30 жылының ішінде 2 млн-нан астам мұғалім курстық дайындықтарда, конференцияларда, семинарлар мен вебинарларда біліктіліктерін арттырды. Педагог – магистрлардың саны артты. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде 9751 педагог – магистр жұмыс істейді. Жыл сайын орта есеппен 10 мыңнан астам жас маман республика мектептерінде жұмысқа орналасады. Сонымен қатар елімізде педагогтерді қызметіне кірмитін жұмыстарға тартуға заңмен тыйым салынады.


Қорытынды


Қорыта келе, мен,ің айтқым келгені, осындай тұғыры биік Тәуелсіз елде өмір сүру мен үшін үлкен бақыт. Сондықтан өз елімнің тұғыры әрқашанда биік тұруына меніңде ат салысқым келеді. Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтары көбейе берсін.


Қолданылған әдебиеттер


1. Назарбаев Н:Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2007ж.-508б

2. Қасиетті Қазақстан. Бірінші том.- Алматы,2017ж.-408б

3. Президент Қ:Ж: Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Туелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы. 05 қаңтар 2021ж.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.06.2021
375
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12