Мақала. Алғабас тарихи музей

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Алғабас тарихи музей

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірлік ауыл әкімшілігіне қарасты Алғабас елді мекеніндегі «Береке» жалпы орта мектебінде 2018 жылы 26 ақпанда Алғабас тарихи мұражайы салтанатты түрде ашылды. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасында «Жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру, туған жердің тарихын оқып білудің үлгісі орта мектептерде қалыптастырады» деген сөзін негізге ала отырып, мектебімізде «Алғабас» тарихи мұражайының ашылу салтанаты өтті. Алғабас ауылының еңбек ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қонақта болды. «Береке» жалпы орта мектебіндегі «Алғабас» тарихи мұражайы мектеп директоры Орынбекова Назира Қалпышқызының бастамасы мен ашылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірлік ауыл әкімшілігіне қарасты Алғабас елді мекеніндегі «Береке» жалпы орта мектебінде 2018 жылы 26 ақпанда Алғабас тарихи мұражайы салтанатты түрде ашылды.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасында «Жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру, туған жердің тарихын оқып білудің үлгісі орта мектептерде қалыптастырады» деген сөзін негізге ала отырып, мектебімізде «Алғабас» тарихи мұражайының ашылу салтанаты өтті. Алғабас ауылының еңбек ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қонақта болды. «Береке» жалпы орта мектебіндегі «Алғабас» тарихи мұражайы мектеп директоры Орынбекова Назира Қалпышқызының бастамасы мен ашылды. Мұражайдың жабдықталуы мен жұмыстың жүргізілуіне тарих пәнінің мұғалімі Калиева Зияда жетекшілік жасады. Мектебімізде ашылған мұражайдың салтанатты жиынына Алғабас ауылының еңбек ардагерлері , ауыл ақсақалдары және көмек көрсеткен демеушілер шақырылды. Атап айтсақ, Калиев О, Ботабеков Қ, Мырзакулов Ө, Сейдуалиев С, Абаев Ж т.б. Алғабас мұражайының ашылуына мектебіміздің ұлағатты ұстазы болған Әбдиев Төлепберген ағайдың ұлы Әбдиев Ғабит Төлепбергенұлы ықпал етті. Мұражайға демеушілік жасап, қолдау көрсеткен азамттар: Қаражанов Айдар, Алдыбаев Мырзағали, Жұмабеков Роман, Қорғанбаев Дәулет, Қылышмағанбетов Кенжехан, Ибрашев Дәрмен, Калиев Осман, Ермухамедов Обдурасул, Мырзакулова Гүлмира, Жарылқасынова Зәуре, Исаханова Мақпал, Жарылқасынова Фаризаларға алғыс айтылды. Мұражайдың ашылу салтанатында мектеп директоры келген қонақтарға ізгі тілектерін білдірді. Мұражайдың лентасын ауылдың еңбек ардагерлері Жұмабеков Елбасы ата мен Орынбасаров Айтан атамыз қиды. Мектебіміздің ардагер ұстазы Кульчикова Сара, директордың оқу ісі бойынша орынбасарлары Ботабекова П, Алтынбекова З, Байменова П , ұлағатты ұстаздар Ермухамедов Ы, Кулебаев М, Сартбаева Ш, Тұрғынбаева Д, Маметова Ұ, сөз сөйлеп, естеліктерді еске түсірді. Мұражайдың ашылуына байланысты мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауыл өмірінен сыр шертетін кинофильм көрсетілді. Ауыл ақсақалдары ел басқарған ағалар, еңбек ардагерлері, ұлағатты ұстаздар туралы естеліктерін айтып, оларға арнап құран бағыштады. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақ тілі пәні мұғалімі Сүлейменова Гүлзаданың ықпалымен ауылға, мектеп басшыларына, соғыс ардагерлеріне арнап жазылған өз шығармашылығынан өлеңдерін оқушылары оқыды. Мұражайда қойылған экспонаттарды жинауда мектептің тарих пәні мұғалімдері Жумаев Серік, калиева Зияда белсенділік танытты. Сонымен бірге мектептегі шеберхана меңгерушісі Абдухаликов Рамазан ағай ағаштан жасалған мүсіндерді мұражайға табыстады. 2наурыз күні мектебімізде аудандық семинар болып өтті. Сол семинарға қатысушылар мұражай туралы өз пікірлерін білдіріп кетті. Қонақтар мұражай туралы Алғабас тарихи мұражайы жақсы әсер қалдырғандығы жайлы және талапқа сай безендірілгендігін айтып жазбаша қалдырып кетті. Мектеп директоры Орынбекова Назира мұражайдың ашылуына демеуші болған ауыл тұрғындары мен ел ағаларына өз ризашылығын білдірді.



Мектеп ұжымы мұражайды тамашалау сәті.

























«Береке» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұражай жетекшісі: Калиева Зияда

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
843
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі