400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала бала еңбегі түралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең маңызды байлығымыз – бала. Жанұя – бүлдіршін тәрбиесінің ең бірiншi алтын ұясы. Бала тәрбиесінде жұмысқа баулудың маңызы ерте кезден-ақ баланы еңбексүйгіштікке, жалқаулықтан тып-типыл болуға үйреткен.
Материалдың қысқаша нұсқасы








Түркістан облысы Түркістан қаласы

Ә. Науаи атындағы №13 мектеп-гимназия

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

У. Ганибаева



Бала еңбегін қорғау

Ең маңызды байлығымыз – бала. Жанұя – бүлдіршін тәрбиесінің ең бірiншi алтын ұясы. Бала тәрбиесінде жұмысқа баулудың маңызы ерте кезден-ақ баланы еңбексүйгіштікке, жалқаулықтан тып-типыл болуға үйреткен. Ұлы дана әл-Фарабидің өзі: «Тәрбиенің негізі – шаруада», - дейді. Білім алудың өзі тәрбие арқасында келеді. Алайда, бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар жан. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқаны ата-ананың басты назарында болуы қажет екенін ұғындыруымыз қажет. Бұғанасы қатпаған жас бала қызмет қылып, күн көрмеуі тиіс, керісінше жастық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындап, жазғы мезгілде рахаттана дем алуы қажет. Бала еңбегін қорғамау дерегі көбіне ата-аналардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін ата-аналар бар қоғамда. Алайда, бұл жерде зардап шегетін - бала.

Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде елімізде үш айлық демалыс кезінде жұмыс істеп, табыс тауып жүрген жасөспірімдер бар. Олардың көбі қаладағы сауда орындары мен кафелерде, мейрамханаларда, автокөлік жуу орындарында, құрылыс мекемелерінде еңбек ететіні жасырын емес. Олар ата-аналарына ауыртпалық түсірмеуді ойлайды. Сол себептен отбасының келісімін алып, жұмысқа орналасады. Мектепке қажетті оқу-құралдарын өзі сатып алып, егер тапқан табысы артылып жатса, бауырына да керекті затын алып беруді ойлайды. Шыны керек, бұған дейін даяшы, сатушы болып еңбек еткендер немесе кафеде таң атқаннан кеш батқанға дейін жүгіргенше, базарда жеміс-жидек сатып тұрғанша, автокөлік жуушы болған әлдеқайда жеңіл деп түсінетіндер де бар. Мұнда еңбекақы күнделікті істеген жұмыс көлеміне байланысты төленетініне қызығып жатады. Алайда, мұның бәрі ойлап қарасаңыз, оңай шаруа емес.

12 маусым - Халықаралық бала еңбегін қанауға қарсы күн болып бекітілді. Бала еңбегін қанау мәселесі бүкіл әлемде орын алып отыр. Заң бойынша 14-16 жастағы балалар аптасына – 24, ал 16-18 жастағы жасөспірімдер 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі қажет. Бұл еліміздің Еңбек кодексінің 69-бабында көрсетілген. Сондай-ақ аталмыш кодекстің 31-бабына сәйкес 14-16 жасқа толған жасөспірімдер ата-анасының келісімімен кинематография ұйымдарында, театрда, циркте жұмыс істеуге құқылы.

Сөзімді қорыта келе, кәмелеттік жасқа толмаған балалар Еңбек кодексін дұрыс білмегендіктен, алдау бен арбауға лезде түсіп қалады. Соның салдарынан олардың қоғамға деген пікірі өзгеріп, ашуланғыш боп кетеді. Сондай-ақ бұғанасы бекімеген балалардың ерте бастан қызмет қылуы баланың физиологиялық дамуы мен психоәлеуметтік танымына зиян келтіріп, оңалмайтын түсінік қалыптастырады. Баланың дұрыс дамып жетілуіне ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір бала жазғы демалыс кезінде ата-анасымен әрі бауырларымен қызықты, әрі есте қаларлықтай етіп өткізуі қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.06.2023
249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі