Материалдар / Мақала "Дене тәрбие барысында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде талап құндылықтарын дарыту"

Мақала "Дене тәрбие барысында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде талап құндылықтарын дарыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбие барысында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде талап құндылықтарын дарыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Есмұхамбетұлы Ербұлан


Дене тәрбие барысында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде талап құндылықтарын дарыту.


Бүгінгі мектепте өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиесіне тірек болатын, адами қадір-қасиеттерді нығайту үшін ұлттық мүддені нығайтатын, ар-ұжданы таза, салауатты өмір салтын ұстанатын, заманның талабына сай келетін түйінді құзыреттерді қалыптастыру маңызды. «Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтары арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет» - деп Біртұтас тәрбие бағдарламасында көрсетілген. Дегенмен қазіргі ХХІ ғасырдың оқушыларын, сонау ХХ ғасырдағы оқушылармен салыстыра қарағанда олардың көзқарастарында, мінез-құлықтарында, танымдық және кең ауқымды дағдыларында ерекшеліктер жетерлік.

ХХІ ғасыр технологиялардың қарқынды дамыған заманы. Еліміз басқа елдерден оза дамуы үшін технологияларды қарқынды дамытуға үлес қосып, инновацияларға ашық болуымыз қажет. Сол себепті өскелең ұрпақ бойында заманауи дағдыларды қалыптастыру маңызды. Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Әсіресе талап құндылығы баланың білім алуға, ғылымда жаңалық ашуға жаны құштар болуға, салауатты өмір салтын ұстануға уақыт пен қаржысын тиімді жоспарлауына дағдыландырады. Демек, талап құндылығы қазіргі BANI әлемге қажетті түйінді құзіреттіліктерді қалыптастырумен сабақтасады [1].

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар – білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету. Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатыр. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. "Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім мен тәрбие» [2] - деп Президентіміз Қ.Тоқаев айтып өткендей, ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жаңалықтарымен танысып отыру- мұғалімнің міндеті.

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра, білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Соңғы жылдары жүргізілген дидактикалық және әдістемелік зерттеу жұмыстарына талдау жасау – оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптың оқу процесіне, оның мақсатын анықтай отырып, ұйымдастырушылық әсері бар екенін көрсетті.

Талап оқытумен ғана шектелмейді. Осы талап оқушыны дамыту мен тәрбиелеуде олардың нақты нәтижелерге жетуі үшін мұғалімдерді мақсатқа қарай бағыттап отырады. Оқушыларда қорытынды білімдердің қалыптасуының нақты бір өлшемі ретінде болатын оқу пәні алдына қойылған мақсатына қарай осы талаптар болжаушы ретінде көрсететіндігі маңызды болып табылады.

Көбінесе оқуға дайындық талаптары оқытудың нақтылауының белгілі кезеңі болып табылатын оқыту мақсаттарымен анықталады. Әртүрлі деңгейде берілетін білім мазмұнының мақсаты да оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасын көрсетеді. Талаптар оқу-тәрбие үрдісіндегі нәтижелерді жоспаулаудың маңызды кезеңі бола отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды, білім мазмұнының құрамымен байланысты, оқытудың түрлері мен әдістерін таңдауға ықпал етеді, оқыту үрдісінің барысын, оның нәтижелерін тексеруді ұйымдастырып, бағыттап отырады. Соңғы кездері математика пәні бойынша бағдарламада «Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар» бөлімі математика курсын оқытудың арнайы мақсатын және оқушылардың меңгеруі міндетті білім мен дағдыларды дамыту деңгейін анықтайды, басқаша айтқанда математика курсын меңгеру талаптарында қажетті міндет білім мен дағдылардың белгілі бір көлемімен бірге әр оқушыға міндетті дайындықтың минимальды деңгейі де көрсетілген.

Оқушылардың білімі, дағды іскерліктері қандай болуы тиіс деген мәселе шешімін қарастыратын, оқытудың маңызды мәселелерінің бірлігін қамтамасыз ететін ресми құжаттардың бірі оқу бағдарламасы болып табылатыны белгілі. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын анықтаумен шектелмейді, сонымен бірге оқыту үрдісін және оның нәтижелерін реттеп отырады.

Математикалық тапсырмалардың тағы бір тереңірек және маңыздырақ жағы — оның барлығына дерлік тән шығармашылық сипатын атап өту қажет. Өзге салалардың басым көпшілігіндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушыдан белгілі дәрежеде білімі мен бейімділігі ғана қажет. Ал математикалық есептерді шешу, әдетте, оқушыдан есептін шешуіне керекті арнайы тәсілдерді ойлап табуды яғни оған шығармашылық, ізденушілік сипаты бар математикалық тапсырмаларға оқушының қарыштаушы және нығаюшы интелектісінің жас күштері талпынатыны анық. Шығармашылық табыстың тәтті дәмін бір татқан адам оны тағы да тату үшін өз күші мен жігерін аямайды. Оны ешбір қиындық тоқтата алмайды, оның күш-жігері, шыдамдылығы мен ұстанымдылығы кездескен кедергілерді жеңуге бағытталады және әрбір жеткен жетістіктерімен нығая түседі. Ал қателіктер, сәтсіздіктер мен жеңілістері оны шынайы күрескер ретінде қарсы алуға, берілмеуге үйретіп, олардан жаңа ойлар мен жігерлікке шабыт алып отырады. Сондықтан да математика сабақтары оқушыларды қажымай еңбек ете білу дағдысын, қарастырылатын тақырыптың басты, өзекті мәселелерін бөліп алып, оларға аса мұқияттылықпен зейін қоя білу бейімділіктерін қалаптыстырады.

Тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Жас ерекшеліктеріне қарай оларды дұрыс таңдай білу керек. 5-8 сыныптарды «Ауылым – алтын бесігім», «мен елімнің ертеңімін», «Тарихтың адам өміріндегі маңызы», «Отанды сүю дегеніміз не?», «Туған өлкем-неткен көркем», ал 9-11 сыныптарда «Үздік тарихшы», «Тәуелсіздік тұғыры», «Жастар және Қазақстан», «Ұлы тұлғалар» т.б. тарихи көрністер, пікік сайыстар, дөңгелек үстел, кештер, дебаттар, интеллектуалды ойындар өткізуге болады.

Тарих пәнін оқытуда өмірмен тығыз байланыстыруда оқушылардың туған ел тарихына деген құштарлығын оятып, жерін, Отаның сүюге баулуда, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу міндеттерін атқаруда мектеп мұражайы және мұражайдын, мұрағат, мұрағат құжаттарының атқарар рөлі үлкен.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып,. оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау,. жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен,. мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:

- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып,. меңгерту;

- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани., адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын,. бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру,.діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, .қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру,. баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, .өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Тарих сабағында талап құндылығын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыра отырып, оқушылар бойында:

1. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.

2. Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.

3. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.

4. Тарихты оқуға және үлгерімді жоғарылату қызығушылығы туады.

6. Теориялық материалды толық игеру болады.

7. Ақпаратты табу,, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.

Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім   меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады.Белсенді оқыту  оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.

2023-2024 оқу жылы ӘНХ көрсетілген қыркүйекте «Мектептегі энергияны үнемдеу» челленджі, қазанда «Қайырымдылық», «Қарияға қол ұшын соз» акциясы, қарашада «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру», желтоқсанда мектеп психологімен «Психологиялық әл-ауқат және күйзеліске төзімділік» тренингі, қаңтарда информатика мұғалімі және мектеп медбикесімен бірлесе «Цифрлық гигиена» т.б. жобаларды іске асыруда шаралар өткізілді. Нәтижесінде талап құндылығының дұрыс қарым-қатынас орната білу, командада жұмыс жасау,салауатты өмір салтын ұстану, уақытты тиімді қолдану, физикалық белсенді болу дағдылары басымдықта іске асырылды.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. 





Әдебиеттер тізімі

  1. Мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына арналған нұсқаулық. –Астана: - НЗМ «ДББҰ» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. 6-бет

  2. Абибулла Н. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: білім беру жүйесі жаңашылдыққа тез бейімделуі қажет. https://baq.kz/news/othernews/bilim-beru-zhuyesi//3. Интернет сайты: https://www.ernur.kz/tarbiye/alfa-balalar-2010-zhyldan-bastap-tughan-balalardy-urugha-bolmaidy

4.Тәрбие журналы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы, Астана 2023 жыл.

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.- «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 306 б.


2


13 Наурыз 2025
138
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі