«Дулат Исабеков шығармашылығындағы заман шындығы»
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр – поэзияны былай
қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді.
Қазіргі қазақ прозасының көркемдік көкжиегі кеңейіп, шағын жанр әңгіме мен повесть жанрының болсын шығармашылық объектілері көбейді.
Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, өткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, салт-дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды.
Қазіргі кезеңде жас ұрпақты аталмыш шығармадағы ұлттық құндылықтарды таныту арқылы патриотизмге, елжандылыққа тәрбиелеу маңызды мәселе болып табылады. Сол себепті диссертация тақырыбын таңдаудың негізі осыдан туындады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала: «Дулат Исабеков шығармашылығындағы заман шындығы»
Мақала: «Дулат Исабеков шығармашылығындағы заман шындығы»
«Дулат Исабеков шығармашылығындағы заман шындығы»
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр – поэзияны былай
қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді.
Қазіргі қазақ прозасының көркемдік көкжиегі кеңейіп, шағын жанр әңгіме мен повесть жанрының болсын шығармашылық объектілері көбейді.
Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, өткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, салт-дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды.
Қазіргі кезеңде жас ұрпақты аталмыш шығармадағы ұлттық құндылықтарды таныту арқылы патриотизмге, елжандылыққа тәрбиелеу маңызды мәселе болып табылады. Сол себепті диссертация тақырыбын таңдаудың негізі осыдан туындады.
шағым қалдыра аласыз













