Материалдар / Мақала “Есләм Зікібаев-“Сөз тұнығын терген ақын”

Мақала “Есләм Зікібаев-“Сөз тұнығын терген ақын”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық мұрамызды көрсету болашаққа дарыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕСЛӘМ ЗІКІБАЕВ – «СӨЗ ТҰНЫҒЫН ТЕРГЕН АҚЫН»


Тасбулатова А.Б, ф.ғ.к., доцент Кулибекова Ж.С

(М.Қозыбаев атындағы СҚУ)


«Есләм жырлары – қазақ әдебиетіне өз өрнегімен, өз бояуымен, өз үнімен келген әсем жырлар.»

Тұманбай Молдағалиев


Кез келген ақынды айтқан кезде өткен шақта айту қиынға соғады. Себебі ақынның аты өлмейді. Көптеген еңбектері, қазақ жеріне қосқан елеулі үлестері әр қазақтың жадында қалары сөзсіз. Уақыт қаншалықты зымырап өтсе де, жалынды да ойлы жырларымен оқырмандардың жүрегіне жол таба білген, поэзияны шыңға көтерген ақындардың бірі - Есләм Зікібаев. Өрнек ауылында өткізген балалық шағымда ата-әжелеріміз сырлы сезімге толы, отты да ойлы жырларымен халқының жүрегіне терең ұялаған аяулы ақын - Есләм Зікібаевты айтып жүретін еді. Шынымен де, тума талант, жыр айдынына есейіп барып ескек салса да, есесін жіберген жоқ. Ең алдымен, «Егемен Қазақстан», «Ұлан», «Жетісу» сияқты басылымдарда журналистік жұмыс атқарды, өзінің қаламгер екенін танытқан еді. Кейін өз уақытын өлең шығаруға арнаған болатын. Осы уақыттың ішінде он шақты өлеңдер жинағы жарық көрді. Соның ішінде, «Армандай ғұмыр» атты өлеңдер жинағын оқыған кезде ақынның өлең жазу ерекшелігін, табиғатын бірден аңғаруға болады.

Ел жүрегінде сақталатын, аты қалған ақын болғандықтан, Есләм Зікібаевтың мұрасын, өмірін айтып өтпеу мүмкін емес. Қазақтың белгілі ақыны Есләм Зікібаев Солтүстік Қазақстан облысының Өрнек ауылында дүниеге келген.

Бұл жер халыққа жомарттықпен ақын-жазушыларды, ақын-импровизаторларды, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін сыйлады. Солтүстік Қазақстан табиғатының сұлулығы осы аймақ тұрғындарының бойына тектілік, шынайылық және жан жомарттығы сияқты қасиеттерді тәрбиелегендей болды. Мұнда ұлы Біржан салға, Ақан серіге, Мағжан Жұмабаевқа, Сәбит Мұқановқа, Ғабит Мүсіреповке, Евней Бөкетовке және басқа да көптеген қазақ еліне танымал адамдарға шабыт көзі берілген [1, 14 б.].

Оның журналистік және әдеби қызметі «Қазақстан пионері» газетінде басталды. Содан кейін ол «Социалистік Қазақстан», «Жетісу» газеттерінде жұмыс істеді он жылдан астам уақытты баспаға арнады - ол Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінің жүйесінде, алдымен орталық аппаратта көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі, содан кейін редакциялардың меңгерушісі болды. «Жалын» және «Жазушы» баспаларының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы мен хатшылығының мүшесі болып сайланды, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры болды. Соңғы жылдары «Ақиқат» журналында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бұл оның өмірбаянының маңызды кезеңдері, былайша айтқанда, өмірінің ең негізгі бөлшегі. «Ленин туы» және «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланған жас Есләмның алғашқы өлеңдері қарапайым өмірге, туған жерге деген сүйіспеншілігі, автордың ойлау ерекшелігімен поэзия білгірлерінің назарын бірден аударды. Бірақ олардың мазмұнының басты құндылығы ол айтқан үш қасиетті ұғым болд ол оның поэтикалық жолын анықтады: «Отан мен ана, туған ауыл» [2, 85 б.].

Осы өлкенің шығармашылық дәстүрлерінің рухани жалғастырушысы - ақын Есләм Зікібаев - осы берекелі жердің перзенті. Өзінің туған жерінде оның азаматтық және поэтикалық өмірбаяны, балалық шақтың қуанышы мен ерте жетімнің ащысы туралы білім басталды. Сұрапыл соғыс көптеген қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды әкелді, қиыншылықтарға ұшырады. Есләм Зікібаев өзінің құрдастары сияқты соғыс жылдарында өмірдің қатал мектебінен өтті. 11 жасында ол су тасушы болып жұмыс істеді, мал бақты. Поэзияға деген сүйіспеншілік осы қиын және азапты жылдарда басталды.

Сол жылдардағы көптеген адамдар сияқты, Есләм Зікібаев өзінің алғашқы өлеңдерін республикалық газет-журнал беттерінде жариялады. Содан кейін, олардың үлкен таралымының арқасында оқырмандардың ең үлкен аудиториясына жүгінуге және дереу жанданған жауап пен олардың жұмысына ең қатал баға алуға мүмкіндік туды. Содан кейін ақынның жоғары кредосы анықталды:

«Сөз - менің байлығым,қиындықтан несіне қорқамын. Ақынның сөзі - ар-ождан, оның бақыты мен намысы.»

Өзінің алғашқы «Ақ қайнар» жыр жинағымен жалт қаратқан Есләм ақын ай алмасып, жыл жылжыған сайын өсу, толысу, кемелдену үстінде болды. Ол, әрине, өз бойындағы табиғи дарынымен қатар үнемі іздену, үйрену, тәжірибе тәлімінен сабақ алу үстінде болды. Кезінде «Ақ қайнар» жинағын ежіктей оқып шыққан жастар қамқоршысы бола білген Әбділда Тәжібаев ақын Есләм өлеңдеріне де үкілі үмітке толы өз бағасын былай деп бергендігі есте: «Есләм менің ойымда жүрген дәмелі, үміт артатын інілерімнің бірі болғандықтан, оның «Ақ қайнар» деген атпен топталған жаңа өлеңдерін шын ықыласпен оқып шықтым. Жинақта барлығы 85 өлең бар екен. Бір жерге бас қосқан осыншалық көп өлең оқушысын «тойдырмайды», үнемі бірінен соң бірі тартып отырады. Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар. Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтты деу қиын. Бірақ бізге мәлім тақырыптардың өзі де Есләмша жырланып, жаңғырып отырады. Өйткені, талантты ақынның өлеңді поэзиялық дәрежеге көтеретін өнері көп, аспаптары мол». «Ақ қайыңдар» жыр жинағын оқыған Қадыр Мырза Әлі ақын өзінің әманда қысқа да болса нұсқа қайырар әдетімен «Есләм шабытының жемісі – «Ақ қайыңдар», – деді. Қос қаламгердің әріптестері Есләм ақынға кезінде берген бағаларынан ақиқат атойлай бой байқатып, шынайы шындықтың шырай берері бар. Сондықтан да біз Есләм ақынның сонау бозбалалы бозай шақтан-ақ өлең әлеміне бес қаруын сайлап келгендігін сезінеміз. Оның кітаптарының атауында әрдайым «ақ» - деген сөз бар. Ал қайың ағаштары, тегіс су беті, бұлақ - оның бәрінде «Ақ» бар.Бұл қазақ түсінігінде өте мағыналы сөз және тек ақ түсті ғана емес, сонымен қатар жан тазалығын білдіреді. Ақын Зікібаев үшін бұл сөз идеалдың синонимі, сұлулықтың символы болған.

Өлең - ақынның өмірі, сыры, шыңы, қуанышы, сүйініші, реніші, мұңы.Осы ақиқатты Есләм Зікібаев та жақсы түсінген. «Қанша жармассаң да, жүйріктің жалынан үнемі айрылмаймын дегеніңмен, бір күні сусып сауырынан сыпырылып түсеріңді білесің.Фәнидің алдамшылығын ілгерілі - кейінді талай ғұлама ақындарымыз айтып өткен. Алдағы ең үлкен бағалаушым – сөз қадірін ұғатын ел - жұртым болса, басты мұрат сол» деуі содан екен[3,5-8 бб.].

Туған халқы туралы қай ақын толғанысқа толы отты жырларын арнамады дейсіз. Есләм да осы тақырыпқа келгенде асқақ пафоспен ой толғап, терең тебіреніске түседі.

Халқым – Анам!

Биігім! Тереңім де!

Дария сынды тербелем кемерімде.

Еркелігім қашан да жарасады,

Ол болмаса, басқаға керегім не?!

Халқым Әкем!

«Мөлдірім» тұнығым да!..

Құдірет-күш жатқандай бұл ұғымда.

Әкем барда, ақиық қырандаймын,

Тастүлекпін түлеген тұғырымда,[4,25 б.] – деген Есләм ақын туған халқын Анам, Әкем дей отырып, адамзат ұғымының ең ұлық, ең қасиетті ұғымдарына бойлай түсіп барып, өзінің де сол халқымен тамырластығын, «ол болмаса, басқаға керегім не» дегендей кесімді де кесекті пікірге табан тірейді. Бұл шын мәнісінде халық деген қасиетті қара қайнардың қуат күші мен қадірлі қасиетін сезіне де сене білген жүректің, ақын жүректің берік байламы ғой дейсің.

Есләм Зікібаев – туған жер, Отанға деген сүйіспеншілігін өлең арқылы көрсеткен. Өрнегі - кіші Отаны. Қазақ еліне деген махаббаты осы жерден басталады. «Дана-халық», «Дала-жұмбақ», «Отанның қадірін білер ме» деген тақырыптағы өлеңдері туған елді сүюге үйретеді.

Сағындым, Өрнек,

Сағындым сені, аяулым,

Сағыныш кейде түсірер жанға қаяу-мұң.

Өзіңнен асқан мекен-жай бар деп білмеймін,

Дүниенің маған көрсетсе-дағы қай ауылын.[4,36 б.].

Бұл өлеңде ақынның туған жерін,Отанын,елін,халық ұғымын асқақ тұтқандығы байқалып тұр.Өрнек ауылы жайлы жүрегінен шыққан жырды барша қазақ еліне паш етеді.

Салған жерден ақын туған жерін былайғылардай мақтай жөнелмейді, керісінше басқа арнаға ауып түсіп, өз даласынан арманда кеткен Мағжандаған дауысын естиді, сол арқылы өзінің де күйінішті, сағынышты сырын шертеді. «Жыр жазып жүргенімді мақтан көрем, Солардың соңындағы сарқытындай» [4.3-б.] деген өз пікірін іркіп қалмайды. Бұл күндерде қазақ жұртының қайғы шері мен таусылмастай мұңына айналған ана тіліне деген көзқарас Есләм ақын поэзиясында пайымды парасатқа толы діңгекті тақырыпқа айналуы заңдылық па дейміз. Өйткені, ол «тірлігінің, бірлігінің, тіпті жұтар ауасын, ішер суына» шейін тіл деп ұққандай, сол тілдің арқасында «Аспан, Жердің амандығын сақтап тұрған қасиетті тіл» деп түсінеді, солай деп түйсінеді.

Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,

Дүние – думан,

Шалқып-толқып толар ән.

Сырым-жырым,

Әнім-күйім,

Зар-мұңым,

Қуанышым-бұла күшім,

Таң нұрым – Бабам тілі,

Анам тілі, бол аман! [4, 100 б.].– деген асқақ арманды аңсарын, бар болмыс-бітімімен ақ тілеулі айтарын адал көңілден ақтарып салады. Барша қазақты сол тілектің ішінде болуға үндейді. Жалпы, ақын Есләмнің ет жүрегі тіл, туған жер тағдыры деген тақырыптарға барғысы келіп бармайды, оны ақынның сол сергек жүрегі, сөнбес сезімі еріксіз жетелеп әкелетіндей. Сол құбылыс оған үнемі тың толғаныс, соны серпіліске бастайды. Ақын жырларының өміршеңдігі де, өтімділігі де сонда деп білеміз.


Абай туған,

Мұхтар туған жер мынау,

Жолым түсіп келдім-ау.

Білдірмейсің,

Білдірмеген боласың,

Қасіреті арылмаған шерлім-ау,[4, 105 б.] – деген ақын ұлы мекеннің сән-салтанатынан гөрі қайғы-қасіретін, мұң-шерін көреді, сол арқылы осынау мекеннің жазылмас жарасына айналған атом жарылыстарының әкелген аждаһалы қасіретті наласын сөз етеді. Міне, Есләм ақын ұлылар туған мұңлы, шерлі мекеннің түп ақыры жеткен тұсын осылайша көз жасы сорғалаған өз жырына арқау етеді.

Қасиетті қарт Шыңғыстың төрінен,

Айлы кеште Абай әні төгілген.

Қабырғасы қарс айырылып сөгілген

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ