Өркениетке апарар жол- ғылымда
Ғылым-жаңашылдыққа бейім әлемнің негізгі күші.Ғылым саласы дамыған ел- өркендеген мемлекет. Соңғы уақытта елімізде ғылымды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында біршама істер атқарылды.Атқарылған жұмыстардың ең маңызды -Ғылым және технологиялық саясат туралы Заң жобасы.Жоба елдегі білім беру жүйесін жетілдіру, ғалымдарға әлеуметтік қолдау білдіру,білікті кадрларды даярлау мәселесі секілді біршама маңызды істерді қамтиды. Аталған жоба 31 мамырда Парламентте қаралып,Сенатта мақұлданды.
Жаңа Заң жобасына байланысты, ғалым, аға оқытушы Нұрболат Жарылқасынұлы бірнеше сауалдарыма жауап берді.

1.Ғылымды дамытудың негізгі алғышарты.
Бүгінгі күнге дейінгі білім беру жүйесінің,ғылымды дамытудың осал тұстары қандай болды,АЛДА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЗАҢ ЖОБАСЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Қазақстан Ғылым және Жоғары білім министрлігі жасап жатқан жаңа реформалары айтарлықтай ғалымдарға тың серпіліс беруде. Себебі ең бастысы ғылымға бөлінетін қаржы соңғы 5 жылдықта еселеп өсті. Ғылыми кадрларды даярлауға, жас ғалымдарға арналған арнайы гранттар бөліне бастады. Елімізде 20 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер бар болса, олардың тек 30 пайызға жуығы жастар (40 жасқа дейінгі). Бұл көрсеткіш жыл өте көбейетініне сенімім мол, себебі ғылымды дамытатын драйверлер бұл жас ғалымдар.
Жаңа заң жобасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» деп аталады, аты айтып тұрғандай бұл заң жобасында бұрынғы 2 заң жобасы біріктірілген. Заң жобасынан келесі жаңа маңызды мәселелерді атап айтқым келеді. Ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіру, Ғылым қорының функционалын күшейту, Ұлттық Ғылым академиясын қайта құру, ғылыми қызметкерлерді, оның ішінде жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту жоспарлануда. Бұдан бөлек ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру үшін оларға ай сайынғы қосымша ақы белгілеу мәселелерін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру шарттарын регламенттейтін түзетулер енгізілді. Бұл ғалымдарға үлкен қолдау.
2.Қазақстандағы оқу-орындары,зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттердегі білім беру жүйесі туралы айта кетсеңіз?
Өздеріңіз білетіндей, соңғы 5 жылда қазақстандық университеттер арасында бірнешеуі (ҚазҰУ, Сатбаев, ҚазҰАУ және т.б.) «зерттеу университеті» статусына ие болды. Бұл статус білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер алып келді. Оқу орындарында ғылыми мектептер ұйымдаса бастады, көптеген ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы жаңарды, жаңа позициялар «профессор-зерттеуші», «доцент-зерттеуші» пайда болды. Ғылыми кадрлар: магистратура мен докторантура, постдокторантурада жаңа білім беру бағдарламалары ашылып, гранттар саны артты. Ең бастысы қазақстандық ғалымдардың Web of Science/Scopus базаларына енетін престижді журналдарда мақалалар саны артты. Бұл қазақстан ғылымының халықаралық аренада мәртебесі көтерілуіне және ғылыми ынтымақтастықтың жоғарылауына алып келуде. Кез-келген білім алушылардың академиялық ұтқырлық, қос дипломдық бағдарламалар, мерзімдік тағылымдамаларға баруына жол ашылды.
3.Қазіргі кездегі Қазақстанның мұнай химия өндірісіндегі жеткен жетістіктері қандай?
Өзіңіз білетіндей Қазақстан тәуелсіздік алғалы шикі мұнайды экспорттаушы ел болды, алайда осы экспортаушы елден мұнайды өңдеп өнім алушы елге айналу трансформациясы қазіргі таңда жүріп жатыр. Еліміздің 3 мұнай өндеу зауыттары толық күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауыты жанымнан химиялық компекс бой көтерді, ол қазіргі таңдағы пластмасса өндіріснің «наны» болып табылатын этилен өндірісін жолға қойды. Сонымен қатар, көптеген өндірістең шикізаты болырп табылатын бензол-ксилол фракциясын бөліп алу қондырғысы бар. Одан бөлек мұнай өнімдерінен шайырлар алу, бензиннің жоғары октанды қоспаларын алу сияқты жаңа өнеркәсіп орындары ашылды. Бұл әлі тек басы ғана, себебі мұнайдан үш мыңға жуық соңғы өнім алуға болады.
4.Грант санының жыл сайын өсуі сапалы білім берудің,ғылым дамытудың негізгі жолы ма?
Грант санының жыл сайын өсуін қолдаймын, себебі елімізде жыл сайын мектеп бітіретін оқушылардың саны ад артып келеді, бұл демографиямен тікелей байланысты. Және әрбір қазақстандық тегін білім алуына құқылы деп есептеймін. Егер бакалариат деңгейінде студенттер саны артса, магистратура мен докторантурада оқитын болашақ ғалымдардың да саны артады, сан артқан кезде сапа да жоғаралайтыны сөзсіз.
5.2021-23жылдары жасаған жобаңыз ғылымға қандай жаңалық әкелді?
Мен ғылымды үлкен мұхитқа теңеймін, өзімнің жұмыстарымды сол мұхитқа қосқан тамшыдай санаймын. Менің жобамның тақырыбы: Мұнайөңдеудегі С4-С10 олефиндерді металлкомплексті гидроалкоксикарбонилдеудің ғылыми негізін жасау деп аталды. Бұл жас ғалымдарға берілген алғашқы конкурс болатын, сол конкурста жобам жоғары балл жинап гранттық қаржыландыруға ие болдым. 2021-2023 жылдар аралығында жоспарға сәйкес химияның мұнай химиясы, органикалық синтезх және катализ салаларын тоғыстырып, мұнай өндеу өнімі олефиндерден металлокомплесті катализаторлар көмегімен күрделі эфирлерді синтездедік. Күрделі эфирлер тамақ өнеркәсібінде, парфюмерияда хош иістендіргіш заттар ретінде, сондай-ақ медицинада биологиялық активтілік көрсететін заттар ретінде кең қолданысқа ие. Менің бұл жұмыстағы ашқан жаңалығым, осы синтезді жасау барысында каталитикалық жүйе құрамына енетін компонеттерде 1-ші болып Льюс қышқылын қолдану болатын, сондай-ақ бірнеше жаңа күрделі эфирлерді синтездеген болатынбыз. Жасалған жұмыс нәтижесінде Web of Science/Scopus базаларына енетін журналдарда (Catalysts Q1, Open Chemistry Q2) 2 мақала, Ғылым комитеті ұсынған басылымдарда 3 мақала, 1 пайдалы модельге ҚР патенті және 10-нан аса ғылыми конференцияларда жұмыстар баяндалып тезистер жарық көрді. Тағ ыбір жетістігім деп осы ғылыми грант барысында жас ғалымдар: 5 магистрант және 2 докторант қызмет атқарып, диссертациялық жұмыстарын жасады.
6. Еліміздегі тұралап тұрған,яғни дамуды қажет ететін салалар қандай?
Мен жоғарғы білім саласында жүргеннен кейін тек осы саладағы әлі шешімін таппаған мәселелерге тоқталсам, мен ғылми іс-сараплармен біраз елдерде болдым солармен салытырғанда, ең алдымен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымды (лабораториялар, зерттеу қондарғылар) жақсарту, бізде әлемдік стандарттарға сай тек Назарбаев университетінің инфрақұрылымы ғана болар қалған барлық университеттер мен ҒЗИ-на жаңғырту керек.
Екінші мәселе, ғалымдардың жалпы ұстаздардың мәртебесін көтеру, иә соңғы жылдары министрлік тарапынан көптеген жақсы істер жасалды, алайда әлі күнге ұзтаздар мен ғалымдар тек өз міндеттерімен ғана емес, массовкаларда, қоғамдық жұмыстарға тартылу мәселесі бар.
Үшінші, ғылыми-зерттеуге бөлінетін гранттық қаржыландырудың толық ашық конкурсы болса екен деймін, жобалардың экспертизасының қорытындысы ҰҒК (ННС) мүшелерінің отырысынан бұрын жариялануы керек деп есептеймін, 3 эксперттен жоғары балл жинаған жобалар, ҰҒК (ННС) мүшелерінен төмен жинап жобалар конкурстан өтпей қалып жататын кездер кездеседі. Жобалардың экспертизасының бұл 2 этапы бір біріне байланыссыз өтуі керек деп есептеймін.
Ең соңғысы, ғылыми жобалардың коммерцияландыру, лабораториялық зерттеулері бітіп, әрі қарай өндіріске ену сатысы қазақстанда өте қиын, 90-95 пайыз жобалар өндіріске енбеген күйі қалып кетіп жатады. Бұл жерде мәселе ғалымдар мен өндіріс арасындағы ғылымды түсінетін және өндірстен хабары бар менеджерлердің жетіспеуінен деп санаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала ғылымға енген өзгерістер жайында

шағым қалдыра аласыз