Мақала "Жаңа жағдайдағы қолжетімді әрі сапалы білім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Жаңа жағдайдағы қолжетімді әрі сапалы білім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіс тәсілдерді үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жағдайдағы қолжетімді әрі сапалы білім

«Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның бас­ты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.»

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Әлемнің барлық дамыған мемлекеттері халықтың әл-ауқаты экономикалық өсуге байланысты екенін дәлелдеді. Ал экономикалық өсу ең алдымен білім сапасымен айқындалатыны жасырын емес. Сол себептен де келешекке  сапалы білім беруді қамтамасыз ету еліміздің негізгі стратегиялық мақсатының бірі ретінде сақталады.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясымен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:

  • Ғылыми дүниетаным –оқушының интеллектуалды дамуы

  • Оқыту формалары, әдістері мен құралдары

Осы мақсатты орындау үшін елімізде «білім – оқытудан», «білім – тұлғаның қалыптасуы» парадигмасына көшу көзделіп отыр.
Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігін пайдаланып білім беру сапасын жақсарту мақсатымен елімізде бірнеше нақты мәселеге назар аударып отыр. Атап айтқанда, білім беру үдерісінде қолданбалы білімнің рөлін көтеріп, функционалдық сауаттылықты дамытуды қажет етуі, қарқынды технологиялық және ғылыми өзгерістер нәтижесінде болашақ мамандықтардың еңбек рыногында сұранысқа қажеттілігі зерттелуде. Бағдарлама жұмыс берушілердің қатысуымен пәнаралық байланыстарды дамыту негізінде жаңа оқу бағдарламаларын дайындау және оқу процесіне сандық технологияларды ауқымды енгізуді жүзеге асыру, артық есептілік пен регламенттеуді азайту, іргелі ғылымды дамыту үшін жағдай жасауға шақырады.

Қазіргі заманда әлемде жүйелі түрде болып жатқан сан алуан өзгерістер тұрақты үрдіс. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірге ақпараттық-коммуникациялық өнімдер мен қызметтердің рөлі артып келеді.

Ақпараттық жүйелер және технологиялар адам қызметінің барлық салаларында инновациялық даму мақсатында серпінді қалыптасуда. Соңғы уақытта ақпараттық қоғам келесі деңгейге көшіп эволюцияға ұшырайды деп пайымдауға барлық негіз бар, ол  Смарт-қоғам.

Смарт-қоғамда оқытудың дәстүрлі үлгісінен, яғни, Е-learning-тен көшіп, одан кейін smart-білім беру деп көзделеді. Бұл білім беру мекемелерінің рөлі «Біліммен қамтамассыз етумен» шектелмейді, оқушылардың өз тәжірибесі мен дағдыларын қамту үшін жақсы жағдай жасау. Осыған орай, оқытушының негізгі функциясы «Дайын материалды» беру емес, ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен әлемдік ақпараттық ресурстардың сапалық навигациясы болып табылады.

Электрондық білім беру технологиялар даму қарқыны мен деңгейі жаңа әлемдік феноменге жол ашты ол smart-education. Бұл инновациялық технологиялық шешімдердің жүйесі ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа философиясы. Смарт-технологияларды пайдалану білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, оның негізінде:

•   Халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру мекемелерінің интеграциясы;

•   жаңа құралдар мен инновациялық білім беру технологияларын пайдалану;

•   оқытушыларға, оқыту және бағалау үшін жаңа нұсқаулар құрастыру;

•   ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту;

•   әкімшіліктік және басқарудың тиімді модельдерін енгізу.

Smart технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге, сондай-ақ оқушыларды белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.

Smart білім беру тұжырымдамасы – үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының(аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде жеткізілуі. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.

Smart education немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары.

Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез-келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез-келген жерде: үйде немесе мұражай, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкін болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген  қатысушысы(оқушы немесе мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға(сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.

Жаңа білім контенті оқушыларға жаңа дағдылар мен жаңа білімдер алуына көмектеседі. Оқытушы Smart education шеңберінде пәндерге бөлу арқылы әрбір оқушыға жеке білім беруді ұйымдастыра алады. Боллондық оқыту жүйесі де осыған негізделген. Сонымен қатар оқушы өзі жаңа пән жасауға қатысу мүмкіндігі де бар. Smart education оқытушыға курстың техникалық жасақталуына уақыт кетірмеуіне мүмкіндік береді. Мұғалімге мұндағы арнайы модульдерге бөлінген контенттерді пайдалануына болады. Осы модульдерді технологиялар арқылы өзімізге ыңғайлы етіп жинақтауға және автоматтандыруға болады.

Smart тұжырымдамасының енуіне байланысты оқушының да, мұғалімнің де білім беру жүйесіндегі рөлдері өзгереді. Бұрын оқушы үшін жалғыз білім ресурсы сабақтағы дәріс болғандықтан оқушы сабаққа қатысуға міндетті болатын. Ал қазір ақпараттық технологиялардың негізін меңгерген оқушы интернет құралдары арқылы өзіне қажетті кез-келген ақпаратты таба алады. Сондықтан қазір білім алушының  дәріске қатысуының қажеттілігі шамалы. Бірақ оқушыға бағдар беруші қажет. Ол – мұғалімнің міндеті. Оқытушы жаңа білім контенттерін жасақтап, оқушыны соған бағыттауы керек.

Блокчейн технологиясы. Блокчейн (BIockchain) - биткойн (Bitcoin) немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті бір кезде жол ережесін бұзғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет дүкеннен жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы блоктарда тізбектеліп сақталады. Қысқаша айтқанда қағазға жазылатын деректердің барлығын blockchain-ге де жазуға болады.

Blockchain деректерін яғни, блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе, кез-келген адам көре алады. Демек blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет болмайды. Бұл жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты. Blockchain технологиясы арқылы келісімшарттар, сатып алу-сату операцияларын жасауға болады. Еш жасырын сұлбасыз, айқын түрде мемлекеттік сатып алу операцияларында, тендерлерде өткізіледі. Бұл жүйе жемқорлықты, бюрократиялық созбалаңды жоюға пәрменді. Банк жүйелеріне енсе, тіпті бірнеше бөлімдерді толығымен қысқартуға, банк операцияларының бірнеше кезеңін азайтуға мүмкіндік береді. Ипотекалық пәтерлер, жылжымалы мүлікті сатып алу, сату кезіндегі алаяқтық мүлдем жойылады дейді мамандар.

Жасанды интеллект – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін бағдарламалық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қабілетін әртүрлі машиналарда іске асыру, оларды дербес ойлай алатын ету дегенді білдіреді. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған.

Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді:
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.

Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.

Жасанды интеллектіні білім беруде қолданудың дамыған бағыты – бейімдеп оқытуда қолдану. Мұнда жасанды интеллект әрбір білім алушының үлгерімін бақылап отырады, курс бөлімдерін білім алушының қабілетін ескере отырып құрастырады немесе оқытушыға қай материалдың меңгеріліп, қай материал меңгерілмей қалғандығы жайында ақпарат беріп отырады. Қашықтан оқыту жоғары технологиялық білім беру болып табылады. Бұл жерде емтихан да қашықтан тапсырылады. Енді білім алушының ешқандай жерден көшірмей, емтиханды өз білімімен тапсырып шыққандығына сенімді болу үшін көмекке прокторинг деп аталатын жүйе келеді. Бұл жүйе білім алушылар бақылау тапсырмаларын орындау мен емтихан тапсыру кезінде қолданылады. Прокторинг жүйесі бірнеше әрекетті бір уақытта бақылап отыра алады: «артық» адамдар кадрда жоқ па, кабинетте «артық» дауыс жоқ па, білім алушы қаншалықты жиі монитордан көзін алып қашып жатыр, браузерде қосымша парақшалар ашып жатыр ма, барлығын бақылауда ұстайды. Бұл әрекеттің барлығы тәртіп бұзу болып саналады. Ерекше жағдайларда жүйе проктор-адамға белгілі бір білім алушыға назар аударуы керектігі жайында белгі береді. Тек сол жағдайда ғана веб-камера күдікті білім алушыны түсіреді. Жасанды интеллектіні білім беру саласында қолдану мұнымен шектелмейді. Мысалы, болашақта білім алушылардың шығармашылық тапсырмаларын – эссе, шығармаларын автоматты түрде тексеретін программалар ойлап шығарылады. Жасанды интеллектіні білім беру саласында қолдану идеялары өте ауқымды.

Нейронды желіні әртүрлі әдістермен оқытуға болады: «мұғаліммен», «мұғалімсіз», «мұғалімнің ішінара қатысуымен».

Мобильді қосымшаны жасап , тапсырмаларды құру арқылы білім беру саласында жақсы нәтижелерге жетуге болады. Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табылатын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер)

Соңғы бірнеше жылда IT Startup ұғымы өте танымал, сондықтан жиі талқылану үстінде. Startup деп кез келген жас бизнесті айтады және бұл термин ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде бұрыннан қолданылады. Ал XXI ғасырда бұл термин IT саласында көптеп қолданыла бастады. Startup (ағылш. Startup company, Startup, тура аудармасы «бастап келе жатқан») – операциялық қызметінің қысқа тарихы бар компания. Алғаш рет «Startup» терминін америкалық кәсіпкер Стив Бланк енгізген және ол өзі 8 табысты Startup құрған. Әлемдегі Startup-тардың көпшілігі IT саласында ұсынылған, өйткені мұнда үнемі жаңа нәрсе ойлап табылып, жүзеге асырылып отырады. Географиялық шектеусіз өсуге қабілеттілігі Startup-­ты шағын бизнестен ерекшелеуге мүмкіндік береді.

әлемдегі ірі, танымал ең табысты Startup­-тар:

Википедия;

YouTube;

Instagram;

Twitter;

Microsoft және т.б. Startup-тарға тән негізгі сипаттамалар

Елімізде қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерге пайдалануға ұсынылған бірнеше білім беру платформалары (Online Mektep, Opiq, Daryn online, т.б.)  бар. Сонымен қатар онлайн режимінде білім беруді ұйымдастыруда Google Classroom платформасын кеңінен пайдалануда.
Браузер  арқылы компьютерде:

ü  Gmail: gmail.com электрондық поштасы.

ü  Gdrive файлдары: drive.google.com.  Бұлтта файлдарды сақтау және Google құжаттарымен бірігіп жұмыс істеу :

ü  Google Сlassroom: classroom.google.com.  платформасын оқыту үшін

ü  Google Meet: meet.google.com 250-ге дейін қатысушылары бар онлайн режіміндегі конференция  (онлайн сабақтар үшін).

Смартфонымызға (App Store немесе google play) келесі қосымшаларды жүктеп алу арқылы пайдалана аламыз:

  • Gmail  поштасы

  • Gdrive файлдары

  • Classroom Google

  • Google Meet

Әр  пән үшін Google meet (meet.google.com) виртуалды аудиториясына  сілтеме жасап онлайн-конференция өткізуге болады.
Google Meet  - жоспарланған онлайн сабақтар мен қосымша кеңес беру кездесулеріне арналған. 
Google Classroom білім алушылардан  оқу мазмұнын тапсыру және үйрену үшін қолданылады.  
Whatsapp - жылдам байланыс үшін, ресми байланыс арнасы емес.

Білім беру қауымдастығында Google сервистері жиі қолданылады. Сонымен қатар, Google Calendar-онлайн күнтізбе, Google Docs — онлайн кеңсе, Gmail — тегін электрондық пошта, Google Maps — карталар жиынтығы, Google Sites — Вик-технологияны пайдаланатын тегін хостинг, Google Translate — аудармашы, YouTube — бейнехостинг, Google Forms — тесттер, сауалнамалар, викториналарды оқыту үдерісінде пайдалану тиімді.

Білім берудің жаңа түріне көшу ең алдымен SMART оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қажет етеді. Дұрыс қойыла білген мақсат пен міндет ең жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.

Білім беру саласында жұмыс істейтін адамдар үшін қазір маңызды заман туды, олар шын мәнінде тарихи бетбұрыс жасалуда.  Бұл қиын міндет, бірақ оқушыларды жеке оқыту, мұғалімдердің дайындығын жақсарту, инклюзивті білім беруге қолдау көрсету сияқты шаралар жоғарыда көрсетілген ақпараттық технологиялардың негізін меңгеру деп білемін.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Урмашев Б.А. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Оқулық / Б.А.Урмашев. – Алматы, 2016.

  2. Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту әдістемесі. – Алматы, 2015.

  3. https://www.youtube.com/watch?v=VGMUUonUTas&feature=youtu.be



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2020
307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі