Материалдар / Мақала "Жаңылтпаштың тіл ұстартудағы маңызы" сынып

Мақала "Жаңылтпаштың тіл ұстартудағы маңызы" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңылтпаш - балалардың әріптерді дұрыс айтуына ықпал етіп дұрыс сөйлеуге үйретеді. Бала тілінің тез шығып, қиын әріптерді тез меңгеріп кетуінде жаңылтпаштардың атқаратын рөлі ерекше. Басты міндеті бала тілін жаттықтыру болғандықтан, тілге ауыр оралатын дыбыстардан құралып, көптеген балалрдың тілі келе бермейтін дыбыстарды тез үйреніп алуына көмектеседі.
Авторы:
21 Желтоқсан 2017
1221
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ж.Еділбаев атындағы

18 мектеп-гимназия

Шымкент обл,Түркістан қаласы

Қазақ тілі мен әдебиеті

пән мұғалімі Ауезова Майра

Жаңылтпаштың тіл ұстартудағы маңызы

Ауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырларына жататындарының бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш көбіне ойын-сауықтарда айтылып жүрген. Онда екі түрлі мақсат ұстанған. Бірішіншіден, кешке жиналған жастарды думандатып, көңілін көтерсе, екіншіден, жастардың сөз байлығын дамытып, жылдам сөйлеуге дағдыландыру, сөйтіп, тілін ұстарту көзделген.

Жаңылтпаштың сөздері айтылуы қиын, ұяң немесе қатаң дауыссыз дабыстардан құралады. Қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Оның шарты – дұрыстап, жылдам айту.

Мектеп программасында жаңылтпашқа деген сағат саны жоқтың қасы. Тек қана 5 сыныпқа арналған әдебиеттік оқу кітабында қосымша материал ретінде ғана берілген. Мен мектеп оқущыларына сабақ беру барысында жаңылтпаштардың әр түрін пайдаланамын.

6 сыныпта әдеби-теориялық ұғым ассонанс және аллитерация жөнінде айтқанда, төмендегі жаңылтпаштар пайдаланылады. Бұл, әрине, сабаққа жалықпай, қызғылықты өтуіне әсерін тигізді.

Арал – алаң

Алаң – арал.

Аралаған

Ала марал.

Біркелкі дауысты дыбыстан (а) басталып, ассонанс жасалған. Аллитера-цияны түсіндіргенде оқулықтағы Махамбет шығармаларымен қоса, мына жаңылтпаштарды мысалға келтірдім.

Көгендеуге көнбеген –

Көбеген.

Көгенделіп көрмеген –

Көбеген.

Балдыр-балдыр бүлдіршін,

Бұл – бір білгір бүлдіршін.

Білгір бұл – бір бүлдіршін,

Білгірлігін білдірсін.

Әрбір жаңылтпаштың өзіне тән мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні болатыны анық.Сөзіміз дәлелді болуы үшін М.Әлімбаевтың мына жаңылтпа- шын талдап көрейік.

Шұғайбай

Шығайбайға:

Су қайда, әй? – деді.

Шығайбай

Шұғайбайға:

Шық, ойбай! – деді.

М а з м ұ н ы: Жұмыс істеп шөлдеген Шұғайбай көршісі Шығайбайдан ішетін су сұрады. Ал Шығайбай оны аяп су бергеннің орнына, саған су бермеймін деп, сараңдыққа салынып, үйінен қуып шықты.

И д е я с ы: Шұғайбай – қарапайым еңбекші, ойында алалығы жоқ, ашық, ақ көңіл, жарқын мінезді адам, ал Шығайбайдың сараң, су екеш судың өзін беру – оның бойына жат екенін аңғарту. Бұл жаңылтпашты 8 сыныпта өтілетін «Шық бермес Шығайбай мен Алдар Көсе» әңгімесімен байланыстыра оқытуға да болады.

Т ә р б и е л і к м ә н і: Сендер де, балалар, Шұғайбай сияқты ашық, еңбекші, ақ көңіл болыңдар. Ал Шығайбай сияқты сараңнан жирену абзал.

Жаңылтпашты грамматика сабақтарында да пайдалану мүмкіндігі бар. Мәселен, диалог туралы өткенде:

Бұ қайсы арал?

Қарғалы арал.

Қамыс басын қайырып

Қарға ұялар.

Бастауыш пен баяндауыштың арасында сызықша қойылатын жағдайларда:

Бұл аң

деме

Бұ мал –

Бұлан.

Бұл аң

деме.

Бұлан –

Бұ мал.

Зат есімді өткенде:

Ол аралда да марал,

Бұл аралда да марал.

От екен Маралға да арал,

Оттасын аралда да марал.

Сын есім тақырыбына байланысты:

Жылқының көп ала-құласы,

Жалыны көп шала құлашы,

Қызық екен қара-құрасы, – деген сияқты жаңылтпаштар қолданылады.

Орынды жеріне пайдаланылған жаңылтпаш оқушылардың тілін ұстартуға көмектеседі.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі