Материалдар / мақала: Жапсырма қалталарды өндеу және оларды бұйымдармен қосу.

мақала: Жапсырма қалталарды өндеу және оларды бұйымдармен қосу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жапсырма қалталарды өндеу және оларды бұйымдармен қосу.Жапсырма қалтаны өңдеуді теориялық жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйрету.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жапсырма қалталарды өндеу және оларды бұйымдармен қосу.

«№1 колледж» МКҚК өндірістік оқыту шебері Зайдинова Назира Атахожаевна

Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалтаның жапсырма, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта түрлері болады. Орналасуына қарай жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты (клапанды) болып келеді де, олар әдіптелген тілікті, бүрмелі, оюлы және сырып тігіледі. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелен, жиырыл, кестелеп әшекейлеп тігеді. Жоғарғы және жан қалталар түрлі формалы: тік немесе оюлы, тік немесе қақпақты т. б. түрі болады. Киімнің моделіне қарай жарма қалталарды кейде бүрменің немесе тігістің үстіне салады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тізілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек. Жапсырма қалта – 14 ғасырлардан бастап киімде өз рөлін ала бастады. Алғашында үлкен формада болғанмен, уақыт өте келе формасы кішірейді. Әйгілі Коко Шанель әйел жакетіне жапсырма қалтаны орнатып, ер адам пиджагінен ерекшелендірді

Жалпы жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты болып келеді. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелеп, жиырып, кестелеп әшекейлеп тігеді. Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды. Қалтаға жиек, шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланады. Жапсырма қалтаны пішіп алып өңдеп, оны негізгі бөлікке тігу аса қиын жұмыстарға жатпағанымен біраз шеберлікті талап етеді. Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды. Жапсырма қалтаны көп жағдайда өңірлегі қалта келетін тігістің бойына немесе қалта аузын сырыл, өңірдің астына әсемден, сәндел тігеді, қалтаға сәндік матадан жасалған жиек, шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланылады. Қалтаның размерін киімнің сән үлгісіне сәйкестендіріп жасайды. Осы мақсатпен таңдап алған размер мен формаға сәйкес қалтаның үлгісін қағаздан пішіп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен киімге түйрел қойып, қалталық орны размерін белгілейді. Шетінен тігіс түскен жапсырма қалта : егер киім мақта матадан тігілсе, дайындау үшін жоғары жағынан 3,5—4 cм қалдырылған жерді қалта аузына таяу сызықтан сыртқа қарай бүгін, қиылған шетін ішке 0,7—1 см шамасында бүккен соң көктеп, сол жерге жақындатып машинамен жүргізу керек. Тігістің еніне жіберілген 0,7 — 1 см-ді қалтаның теріс жағына айналдырыл. көктеп, үтіктейді. Дайын болған қалтаны киімнің негізгі деталіне белгіленген сызықтар бойынша салып, көктеп ең шетінен машинамен жүргізу қажет. Шетінен біршама қашықтықта салынған әр түрлі сәндік үшін тігіс түсіруге болады. Мақта-матадан тігілген үлкен қалталарды әдетте шетінен әдіптеліп тігіледі, сондай-ақ жүнжібек немесе синтетикалық маталардан жасалатын қалталарды қос қабаттап жасаған жөн. Ішкі шеті ирек тігіспен көктелген шеттік, әдібін оң жағы мен қалтаның оң жағына, әдіптің көлденең қиығымен қалтаның жоғарғы қиығы сәйкес келетіндей етіп салып, қиылған жерлерді көктеп, ені 0,7 см тігіс жүргізеді. Содан кейін қалтаның жоғарғы шетін үтіктеп, дәл бүктелер жерден тігіс түсіру керек . Әдіп пен қалтаның қалта аузының белгіленген сызығы бойынша оң жағын ішіне қаратып бүгіп, екі детальдың да шеттерін тегістел, әдібі жағынан көктеп алады. Осылайша дайын болған қалтаны негізгі детальдағы белгіленген орнына тігін салады.

Қазіргі кезде жапсырма қалталардың формалары мен өңделу жолдары сан түрлі:



Жапсырма қалталарды өндеу және оларды бұйымдармен қосу барысында төмендегідей техниқалық талаптар орындалады.

  • Жапсырма қалта негізгі матадан дайындалады. Оның негізгі жібі алдыңғы бойға сәйкес өтеді. Жапсырма қалтаны лекалосы бойынша және бор сызығының ортасынан қырку. Тігіске берілген қосымшаны қалдыра отырып, бөлшекті пішу.

  • Жапсырма қалтаның өң бетінен жоғарғы қиығын торлау. Торлау тігісінің ені 3-4 мм, тігіс жиілігі 10 мм 4-5 инешаншым.

  • Жапсырма қалтаның жоғарғы қиығында үлгісіне қарай қайыру сызығын борлау.

  • Жапсырма қалтаның жоғарғы қиығын белгіленген бор сызығымен бүгу және жатқыза үтіктеу.

  • Жапсырмалы қалтаның ішкі қиығын 4-5 мм ішкі қарай бүгу және жатқыза үтіктеу.

  • Жапсырмалы қалтаның ішкі қиығын бүгілген жиегінен 1-2 мм тігіс енінде бастыра тігу.

  • Жапсырма қалта бұрышып доға боймен көктеу жібін тартып, астыңғы жібінен ұстап, біркелкі жинау.

  • Жапсырма қалтаның жан және төменгі қиығын теріс бетіне қарай бүгіп көктеу.

  • Жапсырма қалтаның бүгілген қиығын баса үтіктеу.

  • Тігімді әр 5-8 см сайын керту және жіп қалдықтарын сөгіп алу.

  • Негізгі бөлшекте жапсырма қалта орның лекаломен үш не төрт сызыкпен бағытын анықтайтын көлденең және қалтаның өлшемін анықтайтын екі тік сызықпен борлау.

  • Негізгі бөлшектің өң бетіне жапсырма қалтаның өңделеген жиегін жоғары қаратын, қалта сызығына орналыстыру. Белгіленген сызыққа жапсырма қалтаның жан және төменгі жиегі сәйкес болуы қажет. Негізгі бөлшеке жапсырма қалтаны жағынан қосып көктелейді.

  • Негізгі бөлшектің өң бетіндегі белгіленген сызыққа жапсырма қалта жиегінен 1-2 мм бастыра тігу және жапсырма қалта аузына бекітпе беру.

  • Тігімді әр 5-6 см сайын керту және жіп қалдықтарын сөгіп алу.

  • Жапсырма қалтаның өң және теріс жақтарынан жиектерін дұрыстап отырып, ылғалды матааралықпен үтікті мақта матасында 140-160 С.

  • Жапсырма қалтаның симетриялылығын тексеру, жапсырма қалтаны аузындығы акауларды және енін тексеру.

Жапсырма қалталар түрлі пішінді болады және қалтаның жоғарғы жиегі қосымшасымен немесе әдіппен өңделуі мүмкін. Әдіп негізгі және әрлегіш матадан болып, оң жағына жасалады. Қалтаның жоғарғы жиегі қиғаш жиекпен көмкерме тігіс арқылы арнайы жабдығы бар машинамен немесе ондай жабдықсыз қарапайым сырып тігетін машинамен өңдеуге болады. Көмкермелі жиекпен және шілтермен жапсырма қалталарды өңдегенде алдымен қалтаға әрлегіш бөлшектерді қосып тігеді, ал содан соң қалтаның жоғарғы бұрыштарын әдіптейді. Жапсырма қалталарды астармен өңдеугеде болады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. https://kk.wikipedia.org/wiki/

2. Саудабаева Гулшат Есенгельдиновна «Жапсырма қалталарды өңдеу және оларды бұйымдармен қосу».

29 Қараша 2022
381
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі