«Мәңгілік ел»
жалпыұлттық идеясының құндылықтары
«Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын,
болашаққа сенімді арттыратын идея,
бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтары, мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді қолдану. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.
Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Мәңгілік Ел - бұл инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім» құндылығына баулу арқылы күтілетін нәтиже: - зерттеу қызметінің әдістеме негізін меңгеру. Оқу жылының басы мен аяғында шығармашылық ойлауға тест өткізу арқылы зерттеу қызметінің беріктігі тексеріледі. - тұрғындардың мәдениеті, дәстүрлері, тарихи тұрмысының ерекшелігі мен өңірдің экономикалық дамуының байланысын терең ұғыну. Байланысты сезіну деңгейі сұхбаттасу, тестілеу, ролдік ойын, тарихи және географиялық өлкетану саласындағы зерттеу қызметі бойынша талдаудың қорытындысын жасау негізінде бағаланады. - шығармашылқ ойлаудың дамуы. Жұмыс болжамын ұсыну мен дәлелдеу негізінде шығармашылық белсенділікті арттыру арқылы зерттеу барысында қойылған міндеттерді шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану сапалы көрсеткіштің белгісі болып табылады. Шығармашылық ойлаудың дамуы педагогикалық бақылау негізінде бағаланады, тәрбиеленушінің зерттеу қызметі кезіндегі жаңа зерттеу тақырыптарын ұсыну негізгі көрсеткіш болып саналады. - туған өлкені сүю, табиғатты аялау. Аталған нәтиже сұхбаттасу, табиғаттағы оқушының тәртібін педагогикалық бақылау арқылы бағаланады. Өзінің өңірінде қоршаған ортану жақсарту негізінде тәрбиеленушілердің табиғатты қорғау әрекетіне дайын болуы маңызды көрсеткіш болып табылады. - Үйренушілердің мінезінің жағымды қаситтерін арттыру ( өз халқының тарихи тамырына құрметпен қарау, жақындары мен өзіне назар аудару, табиғи тәртіп). 17 Өлкетану модулі сабақ барысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ашуда негізгі рөл атқарады.
Патриоттық тәрбие берудің ең күшті құралының бірі өлкетану болып табылады – табиғатты тану, туған өлкенің шаруашылығы мен тұрғындары, жергілікті қауымдастықтың өмірін жақсарту мақсатындағы олардың өткені мен қазіргісі. Бұл бағыт өзінің бейнесін білім берудің өңірлік қағидаттарынан, оқушылардың туған өлке туралы толық, терең мазмұнды білімі мен туған өлке табиғаты мен туған жерге деген махаббат сезімінен, өз халқының салтдәстүріне арналған құрметінен табады.
Қазақстанның білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізіндегі тәрбие процесінің мазмұны белгіленген формалар арқылы іске асырылады. Нақты процесте қарастырылатын тәрбие жұмысының түрі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың қызметін шығармашылық және жеке ұйымдастыру тәсілдері. Білім беру ұйымдарының жағдайында бұқаралық (тақырыптық кештер, спорттық жарыстар, аймақты жақсарту жөніндегі ісшаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (сұхбаттар, кеңестер, жеке тапсырмалар) жұмыстар қолданылады. Бұқаралық және топтық іс-шараларды дайындау және өткізу әдістемесі әдістемелік мәдениет деңгейімен және іс-шараны ұйымдастырушылардың қызығушылығымен анықталатын жеке сипатқа ие. Жастарға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асырудың мынадай формалары ұсынылады: экскурсия, саяхат, тақырыптық кештер, брейн-рингтер, дөңгелек үстел, қызықты, іскерлік, рөлдік ойындар, қабырға газеті, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер, фестивалдар, викториналар, тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар. Білім беру ұйымдарында, әсіресе жоғары сыныптарда оқушылар әртүрлі іс-шаралар мен қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, еріктілік, туристік, экологиялық және т.б. түрлі қызмет түрлеріне өздері ұйымдастырушылар болады. Әрбір қызмет түрінің өз мақсаты, міндеті, мазмұны болады. Оларды процесте іске асырушылар осы қызмет түріне қатысушылар болып табылады. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі мақсатын ұсыну қажет.
Қорытынды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы және оның құндылықтары, алдағы табысты даму үшін қазақстандық қоғамды нығайтудың өзегі болып табылады; − үштілділік, Қазақстанның табысқа жетуіне және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретін ашық және толеранттық қоғам; − біздің ұлттық бірлігіміз, Қазақстанмен және оның болашағымен этникалық шығу тегіне тәуелсіз, өз арақатысының жоғары деңгейінде негізденеді; - рухани бастама – бұл ұлтты біртұтастыққа топтастыратын күш, оның басымдықтары: дәстүр мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіс рухы болуы тиіс; – өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне мемлекеттің патриоттық саясатының жалпы күші, білім беру жүйесі, тәрбие, мәдениет, БАҚ, этномәдени бірлестіктер бағытталуы қажет; Сабақта «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам– Ұлт Жоспары» контекстінде ел бойынша жүргізілген әлеуметтік жаңғыру және жаңа индустриалдыинновациялық экономика мен аймақтарды дамыту бойынша материалдарды қолданған жөн. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу халықтың мәдениеті мен руханиятын сақтаудың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Заманауи мектеп «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жаңа құжатында бекітілген базалық құндылықтарды, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын терең ұғыну үшін барлық жағдай жасауы керек. Осыған байланысты, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 67 құндылықтары негізінде білім беру ұйымдарында барынша патриоттық ортаны дамыту мен жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. «Мәңгілік Ел» бағдарламасын жүзеге асырудағы басты рөл мұғалімге тиісті болуы қажет.
Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Исыпқали Асель Серікпайқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Мәңгілік ел"

шағым қалдыра аласыз