«Мектеп жасына дейінгі балалардың
танымдық құзіреттіліктерін ойын арқылы
дамыту».
Астана қаласы, №50 «Жұлдыз»
балабақшасы
Таубалдиева Меруерт
Жанмаханбетқызы
Бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім
беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп
тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие
- барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту
ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Демек, бала - біздің
болашағымыз болса, баланың болашағы біздің қолымызда. Сондықтан да
заман талабына сай жан-жақты, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде таным
ұғымына үңіліп, оны дамыту жұмыстарын қолға
алдым.
Құзырлылық – бұл адамның белгілі бір мәселелерді
шеше алу қабілеттілігі. Ол адамның білім-білік дағдысына орай
қабілеті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігі мен оны пайдалана
білу деңгейіне байланысты мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым ол өз қызметіне ерік-күш, материал, уақыт,
жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы
дәлелдеген қағида. Яғни, педагог құзырлығы оның кәсіби қызметінің
басты шарты болуы тиіс. Өзін- өзі басқару мен өзін-өзі бағалауға
үйрету – біліктілікті жетілдіру жүйесіндегі педогогтың кәсіби
құзырын қалыптастыру, бір жағынан тәрбиешінің ішкі жеке ресурстарын
дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен балабақша
сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.
Тәрбиеші –
педагог жас ұрпақтың рухани жетекшісі. Сондықтан да оның кәсіби
біліктілігін атап айтсақ:
- оқу – тәрбие
процесін заман талабына сай жүргізілетін, әдіс- тәсілдерді
түрлендіріп отыратын, дамымалы білім ортасынан сіңісіп кете алатын
маман болуы.
- мектепке дейінгі балалардың физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты
білу;
- балалардың ойын, оқу, еңбектегі ерекшелігін
ескере білетін біліктілігінің
қалыптасуы;
- педогогикалық жаңа әдіс- тәсілдерді
меңгеріп, жаңаша жұмыс істейтін білуге
қабілеттілігі;
- жаңа
технологияларды меңгерген, кәсіби құзыреттілігі жоғары шебер,
адамгершілік, кісілік қасиеттері басым маман
болуы.
В. А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты
дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын - дүниеге ашылған
үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы
жасампаз дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге
құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген. Ойын- бала
бойында танымды қалыптастыруға апаратын бірден-бір жол деп
санаймын.
Танымдық құзыреттілікті қалыптастырудың
бағыттары:
- түсіндіру, суреттеу, «ойын» технологиясы арқылы оқыту.
- оқыту принципі, әдіс- тәсілдеріне сүйене отырып білім беру.
- сабақтан тыс өткізілетін шаралар, жекелей жұмыстар, қосымша
үйірмелер арқылы әрі қарай дамыту.
Жоғарыда аталынып өтілген мақсат, міндеттерді
алға қоя отырып, 3 таңдап алған бағытта балалармен жұмыс істей
отырып, болашақ ұрпақтан алда күтер үмітіміз көп.
«Денсаулық құзыреттілігі»
бойынша:
- Салауатты өмір салты ережелерін білетін, саптық және спорттық
жаттығуларды ересектердің көрсетуімен жалпылай барлық баланың
орындай алатындығын
«Коммуникативтік-
тілдік құзыреттілігі» бойынша:
- Барлық баланың «үлкенге ізет, кішіге құрмет» көрсете білу керек
екендігін ұғынып, ересектерге «сіз» деп сөйлеп, ешбір ересектен
жасқанбай сұрақтары мен өтініштеріне жауап беретін, қарым-қатынасқа
түсе білгендерін
- Тілдің барлық дыбыстарын дұрыс айтып, сөздерді өзгертіп, басқа
сөздермен сәйкестендіре алатын сөздік қоры дамыған, заттардың
аттарын толық дерлік айта білетін, әңгіме құрап, ертегінің мазмұнын
сипаттай алғандарын
«Танымдық
құзыреттелік бойынша:
- Заттардың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін сезу, есту,
иіс сезу арқылы қабылдап, оларды 2-3 сөйлем арқылы
жеткізгендерін
- Уақыт, кеңістік, себеп-салдарлық, мөлшерлер туралы қарапайым
ұғымдарды түсіне білгендерін
- Табиғатта өзін-өзі ұстаудың бірнеше нормасын меңгерген, ересектер
мен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайтын, жаңа
ақпарат алудың қажеттілігін түсінетін
«Шығармашылық құзыреттілігі»
бойынша:
- Музыкалық бейнелерді жасап, аспаптармен ойнай білетін, дауысын
пайдаланып ән айту жолдарын меңгерген
- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен
іскерлікті меңгеріп, әр түрлі кескінді орындай
білетін
«Әлеуметтік құзыреттілік»
бойынша:
- Эмоционалдық көңіл-күйді түсінетін, құрдастармен бірге тұрақты
ойын бірлестіктеріне қатысатын, ересектермен танымдық тақырыпта
әңгімелесетін, өз қылығын ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетімен
бағалай білетін дүниетанымы кеңінен дамыған, қабілетті жеке тұлға
ретінде қалыптасқан, жан жақты білім ала отырып, тәрбиеленген
ұрпақтардың өсіп- өніп жетілетіндіктеріне сенімімді артып, осындай
дәрежелерге көшпен бірге жететіндігімізге
сенемін.