Материалдар / Мақала, Оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала, Оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілін меңгертуде қолданылатын әдістер сұрыпталып, оқушылардың шығармашылық құзіреттіліктерін қалыптастыруда іске асырылған әдістемелік кешеннің ұғымдылығы эксперимент нәтижелері арқылы дәйектеліп, дәлелденді. Кілт сөздер:, Шығармашылық қабілет, ой-өрісі, логикалық ой, тапқырылық пен шеберлік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2022
172
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогика ғылымдар факультеті,

Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының 4-курс студенті

Шамшетова Рабиға

Жетекшісі п.ғ.қ доцент

Серікбаева Г.Ж






Оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер



Аннотация: Мақалада шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілін меңгертуде қолданылатын әдістер сұрыпталып, оқушылардың шығармашылық құзіреттіліктерін қалыптастыруда іске асырылған әдістемелік кешеннің ұғымдылығы эксперимент нәтижелері арқылы дәйектеліп, дәлелденді.

Кілт сөздер:, Шығармашылық қабілет, ой-өрісі, логикалық ой, тапқырылық пен шеберлік

Аннотация: В статье выбираются методы, используемые при изучении казахского языка для развития творческих способностей, а концептуализация методологического комплекса, реализуемого при формировании творческих компетенций учащихся, подтверждается результатами эксперимента.

Ключевые слова: творчество, поле мысли, логическое мышление, изобретательность и мастерство.

Annotation: The article selects the methods used in the study of the Kazakh language for the development of creative abilities, and the conceptualization of the methodological complex that is implemented in the formation of creative competencies of students is confirmed by the results of the experiment.

Key words: creativity, field of thought, logical thinking, ingenuity and skill.

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ояту, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына толық мүмкіндік тудыру. Ал міндеті - оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушылардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. [1].

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы және нәтижелі түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады, мүмкіндік туғызады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын мынадай үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезеңде – оқушы жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылады. Бұл кезеңде оларға әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезеңде — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және оны аяқтаусияқты тапсырмалар тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының танымдық қабілеті арта түсері анық.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмаларға (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлеріне (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлеріне (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу) сияқты тапсырмалар жатады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін негізгі басым міндетті оқушының өз еркіне беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Ал үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды, жобаларды қорғайды, әңгіме жазады. Жоғарыда аталған үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Шығармашылық — танымдық іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігі мен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы.

Әрбір өткізілетін сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік шығармашылық әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Оқушы өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жағдайға түсуі керек. Сонда ғана ол саналы түрде білуге ықылас танытады, әрекет етеді. Оқыту үрдісінде мұғалім әрдайым ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру — оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. [3]. Бұл орайда оқушыларға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар: оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді; шығармашылық ой — өрісі артады; кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді; мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады; оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді; білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді; оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;дарынды тұлға ретінде «мен» деген пікірі қалыптасады; бәсекелестік қабілеттері дамиды;

мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу мақсатында, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің де маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақтар түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына пайдасы өте зор. Олар өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.

«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады. [4].

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды ескерген жөн:

1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту

Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі — халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты қастерлеп құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану — оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім.

2. Өнермен байланыстыра оқыту

"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі"

(Мұхтар Әуезов). [5].

3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б. Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті таңдалған жағдайда ғана оқушылардың этикалық — эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.

4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды өткізу (Мысалы: "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы, жыр мүшәйраларын өткізу, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Мұқағали оқулары, ақындар айтысы, т.б. Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген маңызды әрекеттер екені сөзсіз.

5. Ғылыми — зерттеу жұмысына баулу, бағыттау

Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың негізі оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жұмылдырып, жетелеуде жазба жұмыстарының да маңызы зор. Жазба жұмыстары — оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі, түпкі нәтижесі іспеттес десек те болады.

Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс, нәтижелі жұмыс.

Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А. Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көргендерін, түйгендерін, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой — түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс». [6].

Негізінде оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Сабақ барысында берілетін Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулері, әңгіме кейіпкерініңіс-әрекеттерін, қылықтарын бағалай білу, автордың оқиғаға қатысы, өз көзқарасы қандай екендігін анықтай алу, дұрыс талдай білу сияқты дағдылары қалыптасады.

Алдымен шығармашылыққа тоқталар болсақ шығармашылық және проблемалық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін шындауға, дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша әртүрлі нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы ең маңызды жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі.

Оқушыға шығарма жазғызудағы негізгі мақсат — оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, көркем әрі сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге дағдыландыру.

Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында оқыту үрдісінде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының тағы бір түрі — мазмұндама. Мазмұндама жаздыру барысында оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып бере алуға дағдыланады, сөз тіркесін құру, дұрыс, жүйелі сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта айтып беру үшін сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға жаттығады. Өзіндік ой-пікірін тұжырымдап, дәл және нақты айтуға төселеді.

Әрбір сабақта мазмұндама жаздыру - оқушылардың тілдік материалдарды жете түсініп, орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы — қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама сияқты бірнеше түрін сабақ барысында орындатуға болады.

Орындалатын жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр оқушының өзіндік көзқарасы, эстетикалық талғамы және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы керек.

Сабақ барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынадай бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар: 1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; 2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу.

Ал шығармашылыққа баулудың, өзіне тән іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай түрлері бар: Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау; Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру; Шығарма, шағын әңгіме құру; Сөзжұмбақ құру, шешу; Қиялдау арқылы сурет салу. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізері хақ.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындату шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік,қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ— танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ - ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді.

танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.

Үшінші топ— шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар: жазбаша тапсырмалар, ауызша тапсырмалар деп екіге бөлуге болады.Жазбаша тапсырмалар шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру. Ал ауызша тапсырмалар тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру.
Осы сипаттағы тапсырмалар беру, орындату барысында оқушылардың бойында жауапкершілік сезімі күшейеді, артады және өз бетімен жұмыс істейді, ойлау қабілеті жетіледі, тіл байлығы артады, сөздік қоры молаяды.

Сонымен қорытындылай келсек, оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге, сондай-ақ шығармашыл жеке тұлғаның қалыптасуына зор әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»

// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.

3.Қ.Тасболатов оқушылардың танымдық -шығармашылық қабілеттерін дамыту1997ж.

4. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.

2. 2008 жыл

5. 2008 жыл

5. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.

6.А.Жаппаров Тіл дамыту жұмыстары. Алматы. 2000 жыл.


Резюме

Аталмыш мақалада оқушылардың шығармашыл қабілетін оятып, шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсатындағы орындалатын тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер баяндалады.



Резюме

В данной статье описаны задачи и методы пробуждения творческих способностей учащихся и формирования творческой личности.



Summary

This article describes the tasks and methods of awakening the creative abilities of students and the formation of a creative personality.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!