Материалдар / Мақала "Қазіргі білім берудегі әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Қазіргі білім берудегі әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
269
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дукенбаева Роза Сергазиевна

Ақын Сара атындағы орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сарқан қаласы



Қазіргі білім берудегі әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1,5].

Осы орайда, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру – білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Технология – әдістеме. Әдіс дегеніміз – білім берудің теориясы. Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс. Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:

  1. таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту, жүйелеу, тиянақтау;

  2. деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселелерді шешкізу;

  3. мониторинг – тексеру;

  4. деңгейлік тапсырмалар;

  5. таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу.

Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс – тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті – оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.

Оқу жоспарын жасағанда, алдымен сабаққа мақсат қоя білу керек. Мақсат бойынша оның әдіс – тәсілерді іріктеп, оқулықтарындағы оқу материалдарын қарап, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай – ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларды электронды түрде қолдану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі – ұғымдарды белгілі бір жолдармен, сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізеді. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.

Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушыны бірлесіп үйретуде, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.

Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жағдайлар еске ұсталғанына көзіміз жетті:

  1. оқушылар бір – біріне бірдей бағынышта, сыйластықта болды;

  2. жауапкершіліктері артты;

  3. топқа бөлгенде оқушылардың ойлау мүмкіндіктері ескерілді;

  4. топта барлық мүшелердің бір – бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесіп сөйлеу дағдылары қалыптасты;

  5. мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеу еркіндігі тең дәрежеде болады;

  6. топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалды;

  7. оқушының ең алдымен есте ұстау қабілеті жоғарылады;

  8. жиі – жиі талқыласып, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамыды;

  9. жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды;

  10. бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі.

  11. оқуға, жазуға, тыңдауға, кең мүмкіндіктерін беретін ортада оқушы өз пікірлерін, білімдерін жеткізді.

Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгініне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді. Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.

Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын —  қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы – оқыту іс – әрекетінің әдіс – тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс – әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

-  білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

-   білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;

- мұғалім мен білім алушының өзара қарым – қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады.

Бір сыныпта отырған балалардың оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қолданылатын әдіс – тәсілдрдің тиімді екенін күнделікті іс – тәжірибемнен көріп келемін. Өзіндік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды. Басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға сондай – ақ тұлғаның қауіпсіздігін өзін – өзі басқару, қарым – қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады. Бұл технолгияны қолдану нәтижесінде:

  1. оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  2. танымдық процестерді жетілдіру;

  3. оқуға жағымды қызығушылықты қалыптастыруға;

  4. белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

  5. тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін – өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!