Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Рухани жаңғыру-заман талбына сай жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал рухани жаңғыру туралы жазғысы келетін, білгісі келетін оқушылар мен ұстаздарға көмектеседі деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру-заман талабына сай жаңғыру

Биылғы жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы мазмұны терең, мәнді бағдарлама деуге болады. Рухани жаңғыру-адам баласының оның ішкі әлемінің жаңғыруы.Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай:«Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын».

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды.

Бәсекеге қабілеттілік.Яғни қазіргі кезде халық бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін арттыра отырып жұмыс жасауды қолға алуы керек.Білім саласында да өнімді еңбек етуді талап етеді.

Прагматизм.Ұлан-ғайыр даламызды ұтымды пайдалануды көздейді. Әр адам туған жеріне жанашырлықпен, қанағатшылдықпен, үнемдік көзқараспен қараса нұр үстіне нұр болар еді.

Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ата-дәстүрімізді, халқымыздың асыл мәдениетін сақтауды баса айтты.Рухани жаңғыру деген сөздің өзі-ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Білімнің салтанат құруы. Болашақ-білімді жастардың қолында екенін айта отырып,жастарға сенім артады. Сондай-ақ елімізде бірқатар зияткерлік мектептер мен жоғары деңгейдегі универсиеттер бой түзеді. Сыннан сүрінбей өткен оны дәстүрлерді жаңғырудың басты көзіне айналдыра білуіміз қажет.Озық технологияларды меңгере отырып, сапалы білім нәрімен сусындатып, білімді ұрпақ тәрбиелесек , ең жақсы жетістігіміз сол болмақ.

Қазақстан революциялық емес, эволюциялық дамуы. Қазақстан бүгінгідей зайырлы мемлекет болып жету жолындағы өткерген, жүрген жолдардан сабақ ала отырып, революциялық емес, эволюциялық даму қажеттігін айтты.

Сананың ашықтығы. Әрбір адам өз ана тілін біліп, құрметтеу керек. Бірақ заман талабына сай ағылшын тілін меңгеру қажет. Ағылшын тілін еркін меңгеру арқылы жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс жасау қажеттігін айтып өтті.Ағылшын тілін білу арқылы өз еліңдегі ғана емес, өзге елде не болып жатқандығынан хабардар бола аламыз. Ағылшын тілі-әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын тіл. Сондықтан Елбасымыздың меңзеген дара жолымен жас ұрпақты жетелейік!




Жауқазан ЕРМЕКБАЕВА

60 орта мектептің мұғалімі.

Арал ауданы,Сазды ауылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12