Мақала Студенттік өмір

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Студенттік өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы студенттік өмір жайлы. Қызығы мен қиындығы маңызы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Студенттік өмір – жарқын болашақтың бастауы

Адам өмірінің қайсыбір кезеңі болмасын, өз алдына ерекше әрі қайталанбас болып келеді емес пе? Әрбір шақ бір-бірінен асып түсер, қиындығы мен қуанышы қатар жүрер, бір топ естеліктер жинағы іспеттес. Соның ішінде ең бір ыстық, жүрекке ерекше жылулық беретін өмір кітабының бір парағы- студенттік шақ болып табылады.

Мектепті жаңа ғана тәмәмдап, әлі де бойында ыстық суығы басылмаған, ата-анасымен ұстаздарына, еркелеп өскен, үйден жырақ шығып үйренбеген жас жеткіншектердің арман қуып, өмірдің ең үлкен бөлігіне аяқ басқан сәті. Бұл әрине студенттік шақ. Студенттік өмірдің қай кезеңі болмасын, адам санасында ерекше жаңғырып қалары сөзсіз. Дегенмен ең ысығы – 1ші курс ( жастардың тілінде, балмұздақ кез..). Мен үшінде ерекшесі осы. Ештеңеден хабарың жоқ, жан-жақтан келген жаңа достар, мүлде ерекше орта, өзгеше сабақтар,алғашқы махаббат, талабы көп ұстаздар, таныс емес аудитория, үнемі шатастыратын корпустар, бастапқыда жаттай алмай жүретін автобус бағыттары. Міне осылардың барлығы, әу бастағы студенттік кездің естен кетпес ыстық естеліктеріғой..

Осы бір жастықтың жалыны мен бойдағы ыстық қайрат бітесе қайнап тұрған сәтте, әрбір жеткіншек өз таңдауларына қарай өмір жолын тауып, лайықты жолына түсіп үлгереді. Студенттік кез дегенде ең бірінші еске түсетіні еркіндік емес пе? Әй дейтін-әже қой дейтін-қожа жоқтығын пайдаланып, желік қуып, клуб пен көше бойын жағалап, еркіндік деген осы екен деп жүріп, қай тобырдың арасынан шыққанын байқамай қалып, адасып жүргендер қанша ма. Өзім отырып кейде осындай қыз-жігіттерді ойлап, іштей қынжылып кететінім бар. Әйтсе де, алаулап, жанып, бойымызда ерік-жігер тасып тұрған кезде болшақты бағамдап,күш қайратын білім мен өнерге жұмсамаққа келген, масаты айқын, талабы таудай жастардың да көптігін жоққа шығармаймын. Студенттік шақ – үлкен мүмкіндіктер мен жарқын болашақтың бастамасы. Ол барлығана бірдей беріледі, бірақ оны кімнің қалай пайдаланары өзіне байланысты. Сол берілген мүмкіндікті өз орынымен пайдаланып, өмірдің ағысына қарсы жүзіп, өзіміздің лайықты әрі түзу жолымызды табу біздің басты мақсатымыз.

Сөзімді түйіндей келе айтарым, өмірде бір рет қана келетін бұл шақтың әрбір күні мен сағатын естен кетпестей қылып, қызыққа толы етіп өткізу әрбіріміздің өз қолымызда. Бастысы бағдардан адаспай, түзу жолда жүріп, бойдағы бар қабілеттерді шыңдап, бәріне үлгеріп жүріп, өмір атты кітабымыздың бір парағына айналған, студенттік шағымызды дұрыс тізгіндей алуымыз. Жылдар өте келе, студент атанған күннен бастап әрбір сәтті сағынышпен еске алар уақыт осы студенттік шақ болмақ. Студенттік өмір- ең соңғы кезеңі ерке шағымның!...


Мақала авторы: Сейсентай Мөлдір Советбекқызы

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институтының 2 курс білімгері ( логопедия мамандығы)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2021
2033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі