Мақала ҰЛТ ҰСТАЗЫ «ҚАЗАҚТЫҢ АХАҢЫ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала ҰЛТ ҰСТАЗЫ «ҚАЗАҚТЫҢ АХАҢЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Биылғы жылы қазақтан шыққан Ұлы тұлғалардың бірі, ақын, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, педагог, аудармашы, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТ ҰСТАЗЫ «ҚАЗАҚТЫҢ АХАҢЫ»


Биылғы жылы қазақтан шыққан Ұлы тұлғалардың бірі, ақын, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, педагог, аудармашы, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл болады. Ақын 1872 жылдың 5 қыркүйегінде, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қасиетті Торғай елінің тумасы, Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған мектепте алғашқы білімін алған.Алаш Орда үкіметінің мүшесі болған, «Қазақ» газетінде, «Айқап» журналында өз мақалаларын жариялап отырған.

Өз ғұмырын қазақ халқын сауаттандыру мен қазақ тілінің реформасын жасауға арнаған. Бүкіл саналы өмірін қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін зерттеп, қазақ тілі ғылымын дамытқан. Сөйтіп 1910 жылы араб жазуы ыңғайластырып қазақ әліпбиін жасап шығарды. Ол тілімізге ғана тән төл дыбыстардан тұратын 28 әріптен тұратын әліпбиді құрастырып, оны «төте жазу» деп атады. 1912 осы «төте жазу жүйесімен» «Оқу құралы» деп аталатын тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Оның әліпбиі 1924 жылы Орынбор қаласында өткен съезде ресми түрде бекітілді.

1929 жылы латын әліпбиіне көшіру саясаты болған тұста, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін латын қарпіне бейімдеу жұмысына кірісті.

1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық Кеңес Комитетінің ІV сессиясында жаңа әліп «Латын әрпі негізінде құрылған жаңа қазақ әліпбиі деп саналсын» деген қаулы қабылданып, барлық мекемелер мен ұйымдарды жаппай латын жазуына көшуге міндеттейді. Тіпті, латын әрпінен «бас тартқысы» келгендер заң алдында жауап беретін дәрежеге жетеді. Бұған жоғарғы үкімет атынан ресми түрде халыққа таратылған «хабарлама» дәлел болады. Онда «Жарияланып отырған жиырма күннің ішінде бүкіл кеңсе ісі жаңа әліпке көшірілетін болсын. Жаңа әріпті білмеймін деген қызметкерлер жаңа әліптің жасырын жауы деп саналып, сотқа тартылсын», – деп көрсетілген («Еңбекші қазақ». 1931, 25 мамыр). Бір әріпті тастап, екінші әріпке дереу көшу саяси-экономикалық жақтан да, мәдени-әлеуметтік жақтан да өте тиімсіз болса да, қызыл империяның негізгі мақсаты түркі халықтарының рухани дамуын тежеп, «бағындыру» және осы арқылы орыс жазуына көші­ру болатын. «Халықтың күллі рухани дүниесі араб жазуында жатыр», «араб жазуы тарих тамыршысы», «халық қазынасының қоймасы» деп, оны жан-тәнімен қорғап, шырылдаған зиялылар қауымы «арабшылдар», «ескішілдер», «қадымшылар», «керітартпалар», «ұлтшылдар», «діншілдер», «молданың шашбауын көтерушілер» деп айыпталды. Өзі құрастырған жазу жүйесін барынша қорғаштаған А.Байтұрсынұлы Кеңес үкіметінің «араб жазуынан айы­ру арқылы тұтас бір халыққа өткенін ұмыттырып, ұлттық игіліктерді саналарынан өшіру» әрекетін жасап отырғанын жақсы түсінді. Ал латын жазуынан орыс жазуы­на көшу мәселесі «Алаш көсем­де­рі­­нің», «ұлттың қамын ойлаған ұлы тұлғалардың» көзін біржола құрт­қаннан кейін, яғни 1937 жылдары қайта көтеріле бастайды. Бұл кезде ұлт болашағы үшін жанын берген азаматтардың барлығының «көзі жойылғандықтан» қарсылық көрсе­­­тер зия­лы қауымның болмауы себепті, орыс жазуын «халықтың сұрауы бойынша» деген сылтаумен еш қиындық­сыз қабылдата салады. 1940 жылы 13 қарашада «Латындырылған қазақ жазбасын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданады. Онда «Қазақ елінің өтініштері негізінде орыс графикасына көшірілу қанағаттандырылсын» деген мазмұнда көрсетіліп, ешқандай «зорлықсыз», керісінше, «халық қалауы» бойынша орыс әліпбиін қабылдады деген тұрпатта көрсетіледі (Пятая Сессия Верховного Совета Казахской Советской Социалистической Республики ПОСТАНОВЛЯЕТ: Удов­летворить просьбу широких масс колхозников, рабочих и интеллигенции Казахской ССР о переводе казахской письменности с латинизированного на новый казахский алфавит на основе русской графики). Қорыта айтқанда, А.Байтұрсын­ұлының қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған тұлға болғандығын оның қаламынан шыққан қыруар еңбектері дәлел болады. Мәселен, «Оқу құралы» (Қазақша әліппе) атты кітабы алғаш рет 1912 жылы Орынборда жарыққа шықты. Бұл еңбегі 1912-1925 жылдар аралығында 9 рет қайта басылып, қазақ қоғамында ұзақ қолданыста болды. Сондай-ақ «Оқу құралының» (Әліппеге жалғасы) 2 кітабы 1913 жылы жарық көріп, 1924 жылға дейін 4 рет басылып шығады. Одан кейінгі «Оқу құралының» (Әліппеге баяншы) 3 кітабы 1913-1921 жылдар аралы­ғын­да 2 рет жарық көреді. Ал ғалымның тек оқушыларға ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған «Оқу құралы» 1921 жылы, «Сауаташқыш» 1924 басылып шықты. Ал методикалық құрал «Баяншы» 1920 жылы жарыққа шыққан. Сонымен қатар «Әліппе астары» 1924 жылы, ал «Жаңа әліп-би» атты жаңа оқулықты 1926 жылы ұсынады. «Тіл жұмсардың» бірінші бөлімі 1928 жылы, екінші бөлімі 1929 жылы жарық көрді. Ал ғалымның «Тіл – құрал» атты үш кітаптан тұратын еңбегі қазақ мәдениетінде бұрын болмаған тың дүние болды. Себебі бұл кітап – қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбектің басы еді. «Тіл – құралдың» фонетикаға арналған І бөлімі алғаш рет 1914 жылы жарық көріп, 1927 жылға дейін 7 рет басылып шығады. Бұл кітаптың морфология саласына арналған ІІ бөлімі 1914 жылы баспадан шыққан. Ол да 1927 жылға дейін 8 рет басылып шығады. Синтаксиске арналған ІІІ бөлімі де 1923 жылы жарыққа шығып, 1928 жылға дейін 6 рет қайтадан басылады.

Қазақ халқы үшін осыншама қыруар еңбек еткен ұлы тұлға есімін артында қалған ұрпақтары мәңгілікке ұмытпайтыны хақ. Былтыр желтоқсан айында Qazaqstan телеарнасы «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты тарихи телехикая шығарды. Енді осы жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, кең ауқыммен тойланбақ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2022
242
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі