Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Ұстаз-ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық туралы жазғысы келетіндерге көмектеседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ермекбаева Жауқасын Болатбекқызы

Қызылорда облысы Арал ауданы

Сазды ауылы

60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі



Ұстаз-ұлағатты есім!

Ұстаз-ұлағатты есім! Ұстаз мамандығының өзі аты айтып тұрғандай ұстамдылықты, шыдамдылықты қажет ететін мамандық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бала жүрегіне жол таба білетін, баламен балаша, жан-дүниесін тану арқылы ұғына алатын жанды- «ұстаз» атайды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаздың жақсы болуы-шәкірттің алдағы өміріне жол көрсетер бағыт болады. Бағытын дұрыс тапса, ұстаздың еңбегінің еш кетпегені. Шәкірттері биік белестерден көрініп жатса, жақсы жетістікке жетседе балаша қуанатын жанның бірі-ата-ана болса, енді бірі ол-ұстаз.

Бұл мамандық басқа мамандықтардың ішінде ерекше шәкіртжандылықты , білімділікті, шығармашылықпен қатар, мейірімділікті қажет ететін мамандық. Олай дейтін себебім, ұстаз-жас ұрпақтың сәулеткері, халық мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Болашағымды айқындаушы деп сенім білдіретін бірден-бір жан! Біріншіден ұстаз білім беріп, сауатты жан атандырса, екіншіден үнемі шәкірттерімен бірге солардың жан-дүниесіне үңіліп, бәрін білсем, үйренсем, үйрете алсам дейтін жан. Ұстаз атана білу, оны қастарлеп, қадірлеу –ол басты борышы.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, адамның асыл жаны ана тәрізді, жанашыр, адамзат бойынан тек қана жақсылық іздеп, ізгілік нұрын себуші жан десем қателеспеген болармын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр»-деген болатын. Болашағымыз сол ұстаздан тәлім алған жас ұрпақтың еншісінде болмақ. Сондықтан ұстаздарымыздың талмай, қажымай еңбек етері сөзсіз.

Қиындығы мен қызығы жетерлік, ең бастысы-жауапкершілікке толы мамандықтың адам жанына нәзік сезім сыйлары сөзсіз.

Қазіргі заман ұстазы қандай болуы керек? Әрине ол өз кәсібінің нағыз маманы, осы мақсатқа жету жолында бар күш-жігерін салатыны түсінікті. Сонымен қатар күнбе-күн түрлі жағдайларды алдын ала сезіп, оның оң шешімін таба білу керек.Мектептегі ұстаз- баланың екінші ата-анасы, бала бойындағы ағаттықты кешіре алатын мейірімге толы жүрегі бар жан.

Шын ұстаз-ұстаздық жолды балалық шағынан армандандайды. Сол секілді менде ұстаз болуды балалық шағымнан армандап өстім. Бір көшеде тұратын ауыл балаларының барлығын жинап алып, оларға «апай» болып тапсырма тапсыратынмын. Өзімнен жасы үлкендерге сабақ үйрететінмін. Бұл арманымның тууына тағы бір себепкер ол-алғаш мектеп табалдырығын аттағанда алдымнан күлімдеп, жүзі нұрлы алғашқы ұстазым-Гауһар есімді апай шықты. Ол менің екінші анама айналды. Үнемі үздіксіз үйретуден жалықпайтын. Сол апайымның тынымсыз еңбегінің жемісі болар, мектепті «үздік» аттестатпен тәмамдап, өзімнің арманымның орындалуы қиынға соқпады. Грант иегері атанып, ол оқу орнындада жақсы жетістіктерге жете білдім. Облыстық жыр-мүшәйраларға да қатысып, жүлделі орындар алдым.

Жылдар салып, бала «апай» болу арманым шынайы өмірлік мамандығыма айналды. Сол арманымды орындап,өзім оқып, тәлім алған мектебіме ағылшын тілі пәні мұғалімі болып орналастым. Бұл мектептің тамыры тереңде екенін білетінмін, өйткені Жанқожа батырдың өзі Бекмырза ханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған ауыл болатын. Киелі топырағынан қаншама ел басқарған азаматтар мен азаматшалар тәлім алған. Сондықтан мен өзіме жүктелген міндеттің ауыр екенін сезетінмін. Оқушыларымның сауатты әрі шығармашыл болуына үздіксіз жұмыстар жүргіземін. Білімді болып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға, одан әрі аудандық, облыстық және респуликалық сайыстарға қатыстырамын.

«Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық секілді. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт тұру керек»-деп ақын Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол тауып, бала жан-дүниесін түсінуге тырысу-әр ұстаздың міндеті.

Алғашында осы мағыналы сөздің астарына үңіліп, ой үстінде жүретінмін. Енді ол айтылған ойдың шынайы екендігіне көзім жетті. Бала жүрегіне жол таба білген мұғалімді, бала өзі-ақ таңдап, үнемі сол мұғалімге ұқсағысы келіп жүреді.

Қорыта келгенде мен өз мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. Жаңашыл ұстаз-шәкіртке жан-жақты білім беріп қана қоймай оның дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуына себепкер болып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру өзімнің парызым деп есептеймін. Оқушыларым алған білімдерін өз кәдесіне жаратып, жақсы жетістіктерге жетіп, биік белестерден көрінсе, өмірде өз жолын адаспай таба білсе, менің мақсатымның орындалғаны.

Бүгінде білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыз биіктен көріне берсін! Мұғалім мерейі үстем, шәкірттеріміз білімді болсын! Мен шығармамды мына өлеңіммен аяқтағым келеді:





Ұстаздар-ұлы жандар!

Сәуле шашып, шуақты шығар күндей

Шәкірттердің жүрегін ұға білген,

Құрметі де,қадірлі,кемеңгер жан

Ол әрине, асыл жан- мұғалімдер.


Қалайша қасиетіңді ұмытамын

Бағындырған білімнің ұлы тауын,

Тәлім алған сіздерден борышкермін

Ұстаздарым,ардақты ұлы қауым!


Сіздер бердің өмірдің тақырыбын

Шәкірт болған бір кезгі жақыныңмын,

Осы күнге жеткенбіз біздер деген

Арқасында ұстаздар ақылының.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12