Ұстаздардың ұстасы
«Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы» демекші, егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстазда жатқаны ақиқат. Жас ұрпақты білімді де, білікі, парасатты да өнегелі етіп тәрбиелеу – бүгінгі күн алдындағы басты міндет десек, мұнағы басты тұлға – ұстаз екені даусыз. Ұстаздық – ұлы міндет, қай уақытта болмасын біліктілік пен білімілікті, сабырлық пен төзімділікті қажет ететін мамандық.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, оларға өмірлік тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сонықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам- ұстаз.
Сол ұстаз деген мәртебелі мамандықты меңгеріп, білім көшін алға жылжытып, елдің ыстық ықыласына, шексіз алғысына бөленіп жүрген, нағыз «Ұстаз» деген атқа лайық педагогтардың бірі - Қазақстанның Еңбек ері, «Алтын жұлдыз» медалі мен «Отан» орденінің иегері Миразова Аягүл Төреқызы.
Үлкен абыройға қол жеткізген Аягүл Төреқызы білмейтіндер, оның есімін ризашылықпен атамайтындар аз. Талайдың жанына жалау болып, талай ата-ананың, шәкірттің ризалығын алған мәртебелі ұстаз.
Осы орайда №47 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқушылары да «Үлгі тұтар – ұлы тұлға» тақырыбындағы іс-шараға өз үлестерін қосты. Бастауыш сынып оқушылары сынып сағаттарында Аягүл Төреқызының өмірбаянымен және ұстаздық өмірімен танысты. Сынып сағаттарында мұғалімдер түрлі тапсырмалар беріп «Ұстаз» мамандығының мәртебесінің биік екенін түсіндірді. Мұғалім болу – ел ертеңі жас ұрпақтың білімді де білікті болуын мойынға алу. Сондықтан да мұғалім болу, ұстаздық қызмет жасау - зор мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік екендігін жете түсіндірілді.

«Ұстаз аты – мәңгілік!» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында өлең шығару сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың ұстаз мамандығын құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіне біліп, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйретуді көздейді. «Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді» дей келе бастауыш сынып оқушыларының өздері шығарған өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Шығарған өлеңдерінде «Ұстаз» мамандығына деген үлкен құрметті байқауға болады.

«Ұстаз – ұлы мамандық» тақырыбына бастауыш сыныптар арасында сурет салудан көрме ұйымдастырылды. Оқушылардың суреттеріне қарап ұстаз болу - біздің қоғамдағы ең құрметті және абыройлы мамандық болып саналатынын сурет арқылы растады.
«Жүз жылдығыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген атам қазақтың нақыл сөзін жадымызда болып, Мәңгілік Елдің мәңгілік ұрпағына білім мен тәрбие беру жолындағы істерімен таныстыру мақсатында мектепте Миразова Аягүл Төреқызына арналған көрмеде ата-аналар ауданымызда үлгі тұтар ұстаздардың қызмет атқарып, білім саласына қосқан үлестері үшін алғыстарын білдіріп жатты. Сонымен қатар ата-аналармен бірлескен сынып сағаттары да өтті. Ата-аналар сынып сағаттарына ұстаз еңбегі туралы көп ақпараттар жинақтап келген. Оқушыларға сынып сағаттарының ата-аналары өткізген өте қызықты болды.

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.
Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету мақсатында «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, ұстаз мамандығының қыры мен сыры түсіндірілді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі, біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде де нақты мақсаттары көздей отырып жас мамандарға «Үлгі тұтар – ұлы тұлға» тақырыбында Аягүл Төреқызының өз мамандығының ұстасы бола білгенін атап өтті. Жас мамандарға үлгі болар әдістемелік тұрғыдан нағыз шеберлерінің жас ұрпаққа ізгілікті тәрбие мен терең білім беретін іс-тәжірибесінен үлгі алу насихатталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Білімді ұрпақты бақытты болашаққа жетелеу – әрбір ұстаздың қасиетті борышы екені жадында ұстамақ.
№47 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Суюндикова Гульнара Алашқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. Ұстаздардың ұстасы. Миразова А.Т.

шағым қалдыра аласыз