Материалдар / Мақала: Ұстазы мықтының-ұстанымы мықты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Ұстазы мықтының-ұстанымы мықты

Материал туралы қысқаша түсінік
. Мақалада мұғалімнің негізгі міндеті мен қазіргі замандағы қадір-қасиеті және ұстаз мәртебесі заңының қажеттілік деңгейі қысқаша көрсетілген. Мұғалімдерге арналған мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
628
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Э.Б.Муратова, А.М.Жанбекова, А.М.Дауренбекова

аға оқытушы А.К.Абдиркенова

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Костанай, Казахстан


Ұстазы мықтының-ұстанымы мықты


Түйіндеме. Мақалада мұғалімнің негізгі міндеті мен қазіргі замандағы қадір-қасиеті және ұстаз мәртебесі заңының қажеттілік деңгейі қысқаша көрсетілген.

Аннотация. В статье показана основная задача учителей, достоинства на сегодняшний день и краткое изложение надобности закона о статусе педагога.

Abstract. The article shows the main task of teachers, dignity today and a summary of the need for a law on the status of a teacher


Түйін сөздер: ұзтаз мәртебесі, тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім беделі, компьютерлік ақпараттар, мағлұмат.

Ключевые слова: статус педагога, эффективные методы, репутация учителя, компьютерная информация, сведение.

Key words: teacher status, effective methods, teacher reputation, computer information, information


"Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында", - дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - жүректің батырлығы!

Менің ұстаздық мамандығына қызығушылығым бала кезімнен басталды. Меніңше, ұстаздық – киелі маман, Ұстаз – ұлы есім. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші өзім ұлағатты ұстаздардан тәлім тәрбие, білікті білім, өмірлік өнеге алып, сол ұстаздардың шеберліктеріне қызыға қарап өмірге бағдар алып келемін.

Мұғалімнің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халқымыз әрқашанда Ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. "Ұстаздық еткен жалыкпас, үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады", деп айтқан ұлы Абай.

Қазіргі кезде өзінді табу оңай емес. Өйткені білім беру жүйесіндегі жаңа құбылыстар кімді болса да, тіпті тәжірибесі, еңбек өтілі көп адамды адастыруы мүмкін. Сондықтан ұстаз шын мәнінде керекті пайдалы нәрсені, керексіз бірақ көзге түсетін нәрседен айырып беруші шеберлікті қажет ететін мамандық, бұл - бір. Екінші, ХХІ ғасыр- компьютерлік ақпараттар легі заманы. Әлемдегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған жасөспірімді әлденемен тандандыру, жаңа сабақ түсіндіріп, дәріс беру, қолдан келе беретін оңай іс емес. Ұстаз осыған дайын болу керек.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыкка құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мұғалім олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру максатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық кабілеті үлкен рөл атқарады. Мектеп окушылары үшін мұғалім - олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-кимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жаң дүниесіне әсер ете алады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Осы таңда айта кететін бір мәселе ақпарат құралдарында мұғалімді балағаттау, жәбірлеу, ұру тәрізді оқиғалар жиілеп кетті. Жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлердің төменгі балл жинағандары амалсыздан мұғалімдік мамандыққа баратын жағдайы да белгілі. Жалақының аздығынан, қалалық жерде пәтер алу мүмкіндігінің шектеулігінен, мұғалім жұмысының қиындығынан және т.б. себептерден мектептерде ер мұғалімдер үлесі де азайып кетті. Көп жылдық тәжірибесі бар мұғалімдердің айтып жүргеніндей бұл мектептегі ұлдар тәрбиесіне, болашақ ер азаматтың мінез-құлқының, батыл да жігерлі болып қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін. Мұғалім беделінің түсуі оқушылардың білім сапасына ғана емес, кейбір өңірлердегі мектептерде химия, физика, математика, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің тапшылығына да әкелді. Ал, қазіргі бәсекеге толы дүниеде мұғалімдік қызметке барынша дарынды адамдарды тарту өмірлік қажеттілікке айналуда.

1966 ж. ЮНЕСКО конференциясында қабылданған «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатында келесідегідей іс-шаралар атқару қажет деп көрсетілген:

  • мұғалімдерді бастапқы даярлау;

  • болашақ мұғалімдерді көтермелеу және менторлық қолдау көрсету;

  • кәсіби дамуда қолдау көрсету және жаңа мүмкіндіктер беру;

  • шешім қабылдауда кәсіби дербестік беру;

  • ынталандыру (бастапқы жалақы, ең көп жалақы, зейнетке шығу төлемдері);

  • әлеуметтік мәртебесі мен абыройын көтеру.

Қазақстанға қатысты халықаралық білім беру есептемелері бойынша да мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеру мәселесі көрініс тапқан. Мысалы, ЭЫДҰ-ның «Қазақстандағы білім беру жүйесіне шолу» атты құжатта Қазақстандағы мұғалім мәртебесі мен абыройының төмен деңгейіне тоқталған. Есептемеге сәйкес, озық мұғалімдердің үлгерімі нашар мектептерге емес, материалдық жағдайы жасалған және дарынды балаларға арналған мектептерге кеңінен тартылуы мұғалімдік еңбек күшінің біркелкі емес таралуына әсер етіп отыр.

Қазақстанда мұғалімдердің әлеуметтік статусын көтеру туралы дискурс саяси құжаттарда, мемлекеттік бағдарламаларда, білім беру есептемелерінде, ресми тұлғалардың сөйлеген сөздерінде басым болып келеді. Мысалы, Қазақстан  Республикасы  Білім  туралы   Заңында мұғалімдердің статусын көтеру білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі ретінде көрсетіледі. Аталмыш заңда «Педагогикалық қызметкерлердің мәртебесіне» арналған арнайы тарау бар. Мұнда «мемлекет педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруға жағдай жасайды» деп жазылған. Алайда тарауда осы ерекше мәртебені қамтамасыз ету үшін қоғам тарапынан қандай шаралар қарастырылғандығы көрсетілмеген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының мәртебесі арнайы қарастырылады. Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту. 

Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі мектептің бас­ты міндеті – оқушыны оқуға, ой­ла­нуға, болашақ тағдырын жете танып, білуге үйрету екендігі айқын. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылык қабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп окушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жаң дүниесіне әсер ете алады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Сәкен Бозаев. Ұлағат – Ұстаздан. // Алтын Орда газеті. 30 Қыркүйек 2010.

  2. Мұғалім – басты байлық // "Білім шапағаты" Газеті. 04.03.2011.

  3. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. - Алматы: КазПИ,1991.

  4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N319 Білім туралы Заңы. http://www.edu.gov.kz/sites/default/ files/zakon_kaz_2007_no_319.pdf.

  5. Қазақстан Республикасындабілім беруді дамытудың2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:// edu.gov.kz/sites/default/files/2011-2020_zhzh._memba-darlama_0.pdf.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!