Мақала. Заманауи ұстаздың бір үзік ойы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Заманауи ұстаздың бір үзік ойы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақаланы өз сабағымның алған әсерім мен нәтижелерім ретінде бөлісіп отырмын. Әрбір ұстаздың осындай бір үзік ойлары бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи ұстаздың бір үзік ойы

Бүгінгі таңдағы сабаққа әзірлік


Садуакасова Индира Жилкайдаровна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«№1 орта мектеп-гимназиясы» КММ

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы


Әрбір сабақ өзіндік ерекшелік пен дайындықты талап етеді. Мұғалімнің алдына қойған мақсаты баланы алға қарай жетелеу емес, оған бағыт беру. Баланы сабаққа қызықтыра білу, оның белсенділігін арттыру маңызды міндет болып табылады. Мұалім күнделікті сабағына дайындаларда үнемі жұмыс түрлерін ойлап тауып, оны жаңартып, өз білімін жетілдіріп отырады. Міне, бұл мұғалімнің өмірі. Өз тәжірибеме сүйенетін болсақ қазіргі таңда оқушыларды сабаққа деген қызығушылығы мүлдем жойылды. Тырысу, ойлану, білуге ұмтылу дегеннің барлығы артта қалып қойған тәрізді. Енді қалай оны қайта ояту керек? Қалай қызықтыру керек? Осы сұрақтар мені ылғи да мазалайды. Сондықтан өз ойыммен, тәжірибеммен бөліскім келіп отыр.

Өз сабақтарымда түрлі әдістерді қолдануға тырысып келемін. Дарынды балалармен жұмыс жасауды да сырт қалдырмаймын. Сабақта дарынды балаларға өз білімін жетілдіруге мүмкіндік беремін. Тереңдете оқыту арқылы білімдерін кеңейтуге тырысамын. Сондықтан да балаларға арнап 3 түрлі жұмыс түрлерін құрастырып жүрмін. Дарынды баланы мұғалім ретінде қойып оған жауапкершілік артамын. Топпен жұмыс кезінде, жұптық жұмыс кезінде дарынды баланың жұмысы ерекше байқалады. Топтық жұмыс кезінде топ мүшелерінің жұмысы нақты беріліп отырады. Ереже ілініп, сол ережені сақтауларын қадағалап отырдым. Әрбір баланың рөлін тағайындап, бір-бірін әділ бағалуын өтіндім. Әрдайым дәлелдер мен мысалдар келтіріп отыруына дағдыландырдым.

Мысалы: топтық жұмыс барысында және өз жұмыстарын қорғау кезінде (постер арқылы) өздерінің қабілетін зейінін, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін танытқанын байқадым.  Егер бірінші сабақтарда шартымен танысып, орындау кезінде көптеген сұрақтар қойса, кейіннен өз бетінше жұмыс істеуге үйренді. Жауапкершілікті түсінді. Дарынды балалар менің оң қолыма, көмекшіме айналды деуге болады. Тыныш отыратын, сөйлей қоймайтын баланы да сабаққа араластыруға тырыстым. Оларды диалог арқылы, жоба қорғауда сөз беру арқылы жұмысқа араластырдым. Сабақтарда түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер, плакат, таратпа қағаздар, түрлі-түсті қағаздар, суретті көрнекіліктерді қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттырдым.

Сергіту сәті кезінде де оқушылар өте жақсы белсенділік танытып қызығушылықпен орындады. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында рефлексия жүргізіп отырдым. Кері байланысты тренинг кезінде, рефлексия арқылы жүзеге асырдым.

Мысалы: “Дөңгелек үстел”әдісі кезінде балалар тақырып бойынша бір-бір сөйлем жазып, топ жалғастыра отырып мәтін құрады. Жазған сөйлемдерін көрсетпей, соңғы оқушы мәтінді тұтастай оқыды. Бұл жерде баланың қызығушылығы артты, сөздік қоры дамыды. Осы жұмысты “Бір айналым сөйлесу” әдісі арқылы ауызша да орындауға болады. Тақырып бойынша бір-бір сөйлемді ауызша айтып, топ жалғастыра отырып мәтін құрайды. “Сұрақ қоя білу”әдісінде мәтіннің әрбір азат жолын топтарға бөліп, сұрақтар дайындауға уақыт бердім. Әр топ бір- біріне дайындаған сұрақтарын қойды. Балалар ойын жинақтады, ойланды, ізденді, сұрақ қоюда алдына мақсат қойды.

RAFT стратегиясын орындауда оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазды. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлады. Мысалы: Мен ормандағы жасыл ағашпын. Менің саямда дем алмайтын адам жоқ. Мен адамдарға көлеңке силап тұрамын, ауаны тазартамын, құстарға пана боламын. Мен адамның көңіл – күйін жақсартамын. т.с.с

ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясын орындағанда тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазды. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазды. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білді. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамыды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренді.

Қорыта келгенде, жетістігім төмендегідей болды деуге болады: 
- балалар өз беттерінше ізденуге үйренді;
- ең негізгі түйінді табуға дағдыланды. 
- бір- біріне жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюды үйренді. 
- белсенділік танытпайтын оқушыларда белсенділік пайда болды. 
- Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.


Әрине топтық, жұптық жұмыстарда сыныпта тыныштық сақтау қиынға соқты. Бірақ, оқушыларыма бұл әдіс - тәсілдер бойынша оқыту мен оқу қатты ұнады. Олар маған бүгін қызықты не болады? Сабақ қалай өтеді? деген сұрақтар қойып отырды. Менің де сабақ беруде құлшынысым пайда болды. Бұл тәсілдерді күнделікті іс- тәжірибеме енгізгеніме қуаныштымын. Сіздерге де соны ұсынамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2020
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі