Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала:«Дене тәрбиесінен жалпы дамыту жаттығулары»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қажымұқан ауылы
№4 негізгі орта мектебі
Тақырыбы: «Дене тәрбиесінен жалпы дамыту жаттығулары»
Дене шынықтыру пәнінің мұғалім: Замзин Асылбек Есенұлы
2017-2018 оқу жылы
I. НЕГІЗГІ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫ
1. Жүруге арналған жаттығулар
«Биші әйел» - аяқтың ұшымен, табанмен жүру.
«Балапан» - өкшемен жүру.
«Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.
«Жылан» - қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.
«Түлкі» - бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.
«Ізкескіштер» - жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру.
«Трактор»- жылжымалы қадаммен жүру.
«Пони»- ауыстырмалы қадам.
«Шаңғышы» - жылжымалы қадам.
«Зырылдауық» - кеудені оңға, солға бұрып жүру .
«Бала қораз» - тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.
«Тышқан» - аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.
«Тыңда - орында» - бағытты және бағыттаушыны өзгерте отырып жүру.
«Күркетауық» - тізені бүгіп жүру.
«Түбіртек» - заттардан аттап жүру.
«Арыстан және тасбақа» - жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.
«Тауыс» - қолды тізе астына шапалақтата ұрып жүру .
«Ләйлек» - тізені жоғары көтере, аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .
«Балу» - табанның ішкі жақтарымен жүру.
«Назар!» - бағытпен және бағыттаушыға жылдамдықты ауыстыра жүру .
«Ит» - жүруді жүгірумен, секірумен алмастыру.
«Бау» - көрсетілген бағыт бойынша бірінен кейін бірі жүру.
«Құйрық» - жылдамдықты ауыстыра отырып, бірінен кейін бірі жүру .
«Қабылан» - жүруді жүгірумен алмастыру.
«Аққала» - жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .
«Қыл» - аяқтың ұшымен, қолын керіп ұстап, иығына жазып жүру.
«Шаян» - арқамен алға жүру.
«Сарбаз» - аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .
«Құмырсқа» - шашыраңқы жүру .
«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.
«Достар» - жұптасып жүру .
«Шамшырақ» - жылжымалы қадаммен қолды ауыстыру қалпында жанына қарай жүру.
«Спортшы» - аяқ пен қолдың айқын бағыттағы спорттық жүрісі.
«Серіппе» - қолдарымен ұстап, отырып тұрып шеңбер бойымен жүру.
«Робот» - аяқпен түзу жүру.
«Қаз-қаздар» - қолды тізеге ұстап отырып жүру.
«Шаңғышы» - «жыланша» жылжымалы қадам.
«Жасырынбақ» - көзді жұмып жүру.
«Аю» - табан мен алақанға сүйене отырып, аяқты бүкпей жүру.
«Бұрамалы қуыршақ» - екі жаққа шұғыл бұрылып жүру.
«Түлкі мен қоян» - аяқтың ұшымен жүруді секіре жүруге ауыстыру.
«Тіркеме» - қолға жіпті ұстай отырып, бірінен кейін бірі жүру.
«Пішін» - колонна бойымен бір–бірден жүру, дабыл бойынша тоқтау, көрсетілген пішінді бейнелеу.
2. Жүгіруге арналған жаттығулар
«Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
«Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.
«Қасқыр» - кең қадаммен жүгіру.
«Жылан» - қолдарын алдыңғы қатарда тұрған ойыншының беліне қоя отырып, бірінен кейін бірі қойылған заттар арасымен жүгіру.
«Ит» - секірмелі жүгіріс .
«Бала қораз» - тізені шапалақтай жүгіру .
«Жіп» - аяқты айқастыра жүгіру .
«Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.
«Ақжелкен» - аяқты алға қарай түзу ұстап жүгіру.
«Балапан» - дабыл бойынша затты айнала аяқ ұшымен жүгіру .
«Твикс» - бағытты алмастыра жұп болып жүгіру .
«Ақ тоқаш» - жіптің ұшынан ұстап, шеңбермен жүгіру .
«Бастау сәті» - 1-1.5 мин үзбей жүгіру.
«Моншақтар» - коллона бойынша жүгіру, дабыл соғысымен жан–жаққа жүгіру, өз орнын табу.
«Шахматтар» - шахмат реті бойынша орналастырылған бір шеңберден екіншісіне өту.
«Маймыл» - секіріп, жылжып жүгіру .
«Шоқырақтау» - бүйірмен шоқырақтау .
«Дабылдар» - қолға жалау ұстап, жоғары көтергенде -жүгіру, төмен түсіргенде - жүру.
«Сызғыш» - 40-60 метрге орташа жылдамдықпен жүгіру.
«Жылға» - 10 метрге үзіліспен жылдам жүгіру .
«Белгі» - белгіленген орынға дейін жылдам жүгіру .
«Қырықбуын» - заттар арасымен жүгіру .
«Сілеусін» - 3 рет 5 метр ара қашықтыққа аяқтың ара қашықтығын жиіретіп, тез жүгіру .
«Құмырсқа» - 240 метрге дейін баяу жүгіру.
«Тышқан»- қол қимылдарын әр түрлі етіп, алмастыра жүгіру.
«Жіпше» - заттар арасымен бір - бірінің қолын ұстай жүгіру.
«Таразы» - еңкейтілген тақтайшаға жүгіріп шығу және жүгіріп түсу.
«Қуғыншылар» - аяқтың ара қашықтығын жиіретіп, тез жүгіру.
«Кедергілермен жүгіру» - кедергілерден секіре жүгіру .
«Бұғы» - екі аяққа кезекпен құлай жүгіру .
«Достар» - жұптасып жүгіру.
«Назар!» - бағытты өзгерте жүгіру .
«Жылдамдық» - жылдамдықты өзгерте жүгіру .
«Спортшы» - бастау сәтінен бастап жылдамдыққа жүгіру .
«Жүк»- заттарды алмастыра жүгіру.
«Пони» - артымен алға қарай жүгіру.
«Ирек» - қиғаштай жүгіру.
«Балапандар» - шашыраңқы жүгіру .
«Жолбарыс» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап, кең қадаммен жүгіру.
«Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .
«Қуғын» - 1.5-2 минут бойы үзіліссіз жүгіру.
«Арыстан» - алшақ адымдып, кедергілерден секіріп жүгіру.
«Төбешік» - еңкейтіліп қойылған жолға қарай жүгіріп шығу,одан сырғанау.
«Буратино» - аяқты артқа қарай жіберіп, түзу жүгіру .
«Құлын» - қолды шынтаққа дейін бүгіп, тізені барынша биік көтере жүгіру .
3. Секіру кезіндегі жаттығулар
«Қоян» - екі аяқпен секіру.
«Бақа» - отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру.
«Маймылдар» - затқа қолды тигізе секіру.
«Аққұтан» - аяқты алма кезек көтере жүгіру .
«Қайшы» - аяқты айқастыра секіру .
«Масаны ұстап ал» - қолды бастан асыра көтеріп шапалақтап және аяқты алшақ ұстап секіру .
«Бұршақтар» - алға, артқа, оңға, солға секіру .
«Зырылдауық» - өзін айнала секіру .
«Үйшік» - терезе - жолдармен секіру .
«Тізбек» - бір-біріне байланған шеңберден-шеңберге секіру.
«Қосаяқ» - терезе - жолдармен отырып тұрып секіру .
«Кедергі» - 5-10 см биіктіктегі заттан секіру .
«Киік» - 40-50см қашықтықтағы 4-6 сызықтардан секіріп өту.
«Арыстан» - орнынан тұрып ұзындыққа секіру.
«Доптар» - алға қарай жылжып алмастырып секіру.
«Қапшық» - қапшық арқылы алға, артқа секіру.
«Серіппе» - жартылай отырып тұрып секіру .
«Бөлтірік» - бір орында өзін айналу бұрылыстарын алмастыра секіру.
«Шегіртке»- оң және сол аяқпен секіру .
«Сарбаз»- гимнастикалық орындықтан аяқ ұшымен жайлап секіру.
«Тиін»- сәл үзіліспен 20 рет секіру .
«Секіру» - 20-30 см биіктіктен секіру.
«Бол»- фитболмен бір орында айнала секіру.
«Секірткіш»- биіктігі 10 см 2-3 текшеден кезекпен секіру.
«Пони» - қысқа секіргішпен тізені көтере секіру.
«Сайқымазақ» - аяқты алға қарай түзу лақтыра секіру .
«Секіргіштер» - әр түрлі биіктіктер мен түрлері бойынша жұмсақ заттардан секіру .
«Саңырауқұлақ» - кедергілер арқылы секіру .
«Акробат» - аяқты артқа қарай тізеден бүгіп кезектесіп секіру.
«Дәуіт» - алға қарай жылжу арқылы бір аяқпен секіру .
«Толқындар» - бір аяқпен тербелген секіргіштен аттай секіру.
«Тарсылдақ» - қолды алға қарай созып шапалақтап, аяқтан аяққа секіру.
«Би» - қолдарынан ұстай, шеңбер бойымен секіру .
«Ұядағы құстар» - шеңбер арқылы аяқтан аяққа секіру.
«Ирек» - кедергілер арқылы жанымен секіру .
«Шарлар» - фитболмен секіру .
«Шабыс» - ат үстінде шабу .
«Секіргіш» - қозғалмайтын секіргіштен алға, артқа қарай секіру.
«Тұлпар» - 15-20 см биіктіктегі 5-6 заттан екі аяқпен секіру.
«Инелік» - 20 см биіктіктегі затқа екі аяқпен секіру.
4. Тастау, лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар
«Секіргіш» - допты жоғары лақтыру .
«Серіппе» - допты лақтыру және қағып алу.
«Достар» - жұптасып бір - біріне доп лақтыру .
«Допты домалат»- допты екі қолмен әр бағытқа домалату.
«Себет»- допты бастан асыра лақтыру.
«Сайқымазақ» - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап барып қағып алу .
«Сақина»- допты шеңбердің ортасынан лақтыру және қағып алу.
«Қабырға» - допты қабырғадан лақтырып, қағып алу.
«Көңілді доп» - 5 реттен допты оң, сол қолдарымен соғу.
«Тиін» - допты мақсатқа дәлдеп лақтыру .
«Лақтыру» - допты бастан асыра екі қолмен жұптасып лақтыру.
«Допты ұста» - допты жоғары лақтырып, ол еденге соғылған соң ұстап алу.
«Нысана» - 1.5-2 м ара қашықтықтағы мақсатқа көлденең лақтыру.
«Жеңіл көлік» - допты екі таяқпен сырғыту.
«Боулинг»-допты таяқшалар арасымен сырғыту.
«Қырықбуын»- үлкен допты 70-80 см ара қашықтықтағы заттар арасымен екі қолмен сырғыту.
«Назар»- допты шеңбер ортасынан тәрбиеші дабылы бойынша қағып
алу.
«Басқасына жалғастыр»- шеңбер бойымен допты бір-біріне
айналдыра беріп шығу.
«Садақшы»- көлденең мақсатқа қарай лақтыру.
«Баскетболшы»- диаметрі6 см допты оң және сол қолдарымен 2-2.5
м ара қашықтықтағы себетке лақтыру.
«Салют»- 1.5м биіктіктегі тік тұрған мақсатқа лақтыру.
«Мерген»- 3.5-6.5 м ара қашықтыққа лақтыру .
«Төбешік»- шарларды еңкейтілген тақтайша бойымен сырғытып
затқа тигізу .
«Жұлымыр» - допты 3-4 рет лақтыру және қағып алу.
«Волейболшы»- допты екі қолмен тордан асыра лақтыру .
«Мақсат»- допты 2-2.5 м ара қашықтықтағы көзделген мақсатқа
лақтыру.
«Бауырсақ»- фитболды сырғыту және ұстау .
«Қарлы кесек»- допты бастан асыра 2 м ара қашықтықтағы себетке
лақтыру.
«Есімдер»- допты аты аталған балаға лақтыру .
«Дөңгелек»- шеңберді алға қарай сырғыту .
«Спортшы»- допты баскетбол себетіне лақтыру.
«Ақшақарлар»- алысқа лақтыру .
«Жонглер»- допты бір қолмен лақтыру және бір қолмен қағып алу.
«Лақтыр да қағып ал»- допты 10 рет лақтырып, ол жерге соғылғаннан кейін екі қолмен ұстап алу.
«Допты шеңбер бойымен айналдыру»- допты шеңбер бойымен айналдыра лақтыру.
«Сыңғырлаған доп»- допты оң және сол қолдарымен 10 рет ұрғылау.
«Шапалақ»- допты лақтыру және қағып алу.
5. Еңбектеуге, өрмелеуге арналған жаттығулар
«Мысық» - қолға және тізеге сүйене отырып еңбектеу, заттың астына оң және сол жанымен кіру .
«Крокодил» - қолға сүйене отырып еңбектеу .
«Туннель» - құбыр арқылы еңбектеу.
«Маймыл» - гимнастикалық қабырғаларға өрмелеу.
«Жылан» - қойылған заттар арасымен төрт тағандап еңбектеу.
«Қырықбуын» - шеңбер арқылы еңбектеу .
«Ирек» - бір-біріне бекітілген шеңбер арқылы еңбектеу.
«Ұлу» - қолды барынша созып, гимнастикалық орындықта ішімізбен еңбектеу.
«Көлік» - аяқты алға қарай түзу созып, бөксемен жылжу.
«Өрмекші» - табан мен білезікке сүйене отырып еңбектеу .
«Бөлтірік» - төрт тағандап өзін - өзі айналу .
«Тергеуші»- кем дегенде 10м ара қашықтыққа еңбектеу.
«Қонжық» - бір - біріне бекітілген шеңберлермен төрт тағандап еңбектеу .
«Пілдің баласы» - допты сырғыта төрт тағандап еңбектеу .
«Трактор» - аяқты түзу ұстап артқа қарай бөксемен жылжу.
«Қаз» - шеңберден қолды еденге тигізбей еңбектеу.
«Еңбектеген бала» - орындық жақтаулары арасымен еңбектеу .
«Жігіт» - гимнастикалық орындықпен тұлпарды бейнелей отырып, еңбектеу.
«Сарбаз» - кем дегенде 15 м ара қашықтыққа еңбектеу.
«Өрмекші» - қолды, аяқты доға астына тірей еңбектеу.
«Төбешік» - еңкейтілген тақтайша бойымен жоғарыға қарай ішімен еңбектеу, төменге қарай сырғанау.
«Күшік» - қол мен аяқты тірей отырып, допты баспен итеру.
«Үйшіктегі ұлу» - еңкейтілген тақтайша бойымен жоғары қарай еңбектеу.
«Бұғы» - еңкейтілген тақтайша бойымен төменге қарай еңбетету.
«Кедергі» - кедергілер арқылы еңбектеу.
«Итбалық» - білекке, тізеге сүйене отырып, гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу.
«Ойын бастаушылар» - еңбектеуді басқа қимылдармен алмастыру (жүру, жүгіру, адымдау).
«Жөндеуші» - жеңіл баспалдақпен өрмелеу .
«Ырғақ» - жылдамдықты алмастыра отырып, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу .
«Төмпешік» - заттардан өрмелеу.
«Тарақан» - аяққа сүйене алға, артқа тасталған қолға сүйене артқа қарай еңбектеу.
«Шаян» - гимнастикалық орындықта төрт тағандап артқа қарай еңбектеу.
«Тізбек» - еденге жартылай отырып, бір-біріне бекітілген шеңберлерден өрмелеу.
«Таудан тауға» - жақтауларды жібермей гимнастикалық қабырғамен өрмелеу.
«Бақа» - қол мен табанға сүйене отырып, алға қарай секіре еңбектеу.
«Пирамидка» - гимнастикалық қабырға бойымен жылдамдыққа ең басына дейін өрмелеу.
«Бауырсақ» - домалаумен алмастыра еңбектеу.
«Балық» - жылдамдықты ауыстыра отырып, әр бағытта еңбектеу.
6. Тепе – теңдікке арналған жаттығулар
«Леген» - қолды алға созып қапшықпен жүру.
«Көпір» - аяқ ұшы арқылы кедір-бұдырлы жолмен жүру .
«Бала қораз» - қолды екі жаққа жіберіп,тақтай үстімен жүру.
«Тау» - еңкейтілген тақтайша үстімен жоғары, төмен жүру .
«Арқан бойлап жүруші» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап арқан бойымен жүру.
«Кедергі» - текшелерді аттай отырып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.
«Жұлымыр» - дабыл қағылған соң жүгіріп текшеге тұра қалу.
«Ұшақ» - гимнастикалық орындық үстімен жүріп, ортасына келіп отыру, қолды екі жаққа созу.
«Іздер» - қолды белге қойып ізбен жүру .
«Кедір - бұдырлар» - заттардан аттап жүру.
«Тышқан» - аяқ ұшы арқылы кедір - бұдырлы жолмен адымды ауыстыра жүру.
«Ләйлек» - 20-25 см-ге көтерілген тақтайдан аттау.
«Арқан бойлап жүруші» - еңкейтілген тақтайшамен жоғары, төмен жүру .
«Бала күтуші» - қуыршақты қолға ұстап орындық үстімен жүру .
«Би» - орамалмен айналып билеу.
«Аққұтан» - бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген екінші аяқты ұстау .
«Ер жет» - тақтай үстімен аяқтың ұшынан бастап табанмен жүріп өту.
«Жіп» - орташа жылдамдықпен гимнастикалық орындық үстімен жүру .
«Тасбақа» - жылжымалы адыммен гимнастикалық орындық үстімен жүру .
«Жаяу жүргіншілер» - гимнастикалық орындық үстімен заттан аттап жүру.
«Биші әйел» - қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.
«Паровоз» - сызық бойымен бір - біріне қарсы жүру, сызық ортасына келгенде тарап кету.
«Тырна» - гимнастикалық орындық үстімен аяқтың ұшымен, екі қолды екі жаққа жіберіп, заттарды аттай жүру .
«Түйеқұс» - гимнастикалық орындық үстімен бүгілген тізені барынша биік көтеріп жүру.
«Бөлтірік» - гимнастикалық орындық үстімен бағытты ауыстыра жүру.
«Жүк тасу» - басымызға қапшықты киіп, қолды екі жаққа жіберіп, сызық бойымен жүру.
«Балапан» - бір аяқтың өкшесін екінші аяқтың ұшына қойып, арқанмен жүру.
«Отырған тауық» - жылжымалы адыммен бір жаққа қарай жылжу.
«Ақжелкен» - гимнастикалық орындық үстімен тізенің артқы жағына қарай қолымызбен шапалақтап жүру.
«Бауырсақ» - еңкейтілген тақтайшамен домалау.
«Қаңбақ» - гимнастикалық орындық үстімен допты аяқпен алдына қарай сырғанату.
«Леген» - басымыздағы қапшықпен айнала жүру.
«Бұрамалы қуыршақ» - қолды жоғары көтеріп, гимнастикалық орындық үстімен бұрылу.
«Қалайы сарбаз» - текше үстінде тұрып қолды сермеу.
«Қарлығаш» - гимнастикалық орындық үстінде тұрып, қарлығашты бейнелеу.
«Хан қоңызы» - орындық үстінде жайлап жүгіру
«Достар» - жұптасып айналу.
«Аққу» - жіңішке тақтайшамен жүру.
«Ванька-встанька»- дабыл бойынша текше үстіне тұрып, айналу.
«Тағзым» - жіп бойымен иіліп жүру.
II.ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
1.Қол мен иыққа арналған жаттығулар
«Маятник» - тік тұрып, қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және кезекпен түсіреді.
«Құс» - тік тұрып алақанды жоғары қарата қолды екі жаққа сермейді.
«Қанат» - тік тұрып алақанды ішке қарата қолды жоғары көтеріп, артқа қарай түсіреді.
«Дөңгелек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қойып, қолды алға созып, алақанды жұмып, білезікті, шынтақты, иықты қысу, айналдырады.
«Текшені жалғастыр» - тік тұрып, қолды екі жаққа созып, жоғары көтеру, текшені келесі қолға салып, қайта екі жаққа созып төмен түсіреді.
«Қолды айналдыру» - тік тұрып, қолмен жұдырық түйіп, 1-2 деп санағанда алдымен екі жанға, содан соң алға, қайта екі жанға, содан соң артқа қолмен кең шеңберлер жасау керек; 3 - 4 есебінде алға қарай.
«Шынтақты айналдыру» - тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2 деп санағанда шынтақты артқа жіберіп, жауырынды біріктіруге тырысу керек, демді ішке тарту керек, 3-4 дегенде демді сыртқа шығару қажет.
«Қолды арт жақтан біріктіру» - тік тұрып қолды арт жақтан, белден ұстау керек, 1-2 дегенде иықты артқа жіберіп, қолды артқа қарай керу қажет, 3-4 есебінде демді шығару қажет.
«Қолды бұру» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйу керек, 1-2 есебінде қолды иықтан білезікке дейін алға қарай айналдырып, 3-4 есебінде б.ж.оралу керек,шынтақты бүкпеу қажет.
«Сегіздік» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түю керек, 1 есебінде білезікпен алға қарай айналдыру, 2 есебінде артқа қарай айналдыру қажет.
«Басты айналдыру» - тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2-3-4 есебінде басты оңға қарай, содан соң келесі жаққа айналдыру керек.
«Басты бұру» - тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2 есебінде басты оңға қарай, 3 - 4 есебінде солға бұру керек.
«Қолды алға созу» - тік тұрып, қолды иыққа деңгейіне дейін бүгеміз, шынтақты төмен қаратып, жұдырықты түю керек, 1 есебінде бұлшықеттерді қатайтып, қолды алға созады, 2 есебінде б.ж.оралады.
«Саусақтарды бүгу»- тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, білезікті жоғары қаратамыз, 1 - 2 есебінде саусақтарды ашып, бұлшықеттерге салмақ сала бір-бірінен ажыратуға тырысу керек, 3 - 4 есебінде б.ж.қайта оралады.
«Қолды уқалау» - тік тұрып, алақанды бірге ұстап, қолды жоғары көтеру керек, 1 есебінде алақанды бір-біріне жабыстыра сол алақанды оң алақан бойымен жүргізу керек, ал 2 есебінде осылайша керісінше қайталайды.
«Күшті» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, жұдырықтар иыққа тигенше қол бұлшықеттерін қатайта қолды иыққа қарай бүгу керек, б.ж. қайта оралады.
«Құлып» - тік тұрып, саусақтарыңды бір - біріне құлыптана айқастырып алға, содан соң жоғары көтеріңдер.
«Достық» - тік тұрып, саусақтарды бүгіп - жазып, білезікті жоғары көтереміз, түсіреміз.
«Эспандер» - тік тұру керек, аяқ иық деңгейінде, сол қол жұдырығын түйіп, алға қарай бүгеміз, оң қолды бұлшықеттеріне күш сала жоғары көтереміз, сол қолды төмен түсіреміз.
«Диірмен» - тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, шынтақпен ішке - сыртқа айналдыра қимылдаймыз.
«Ләйлек» - тік тұрып, аяқты бір-біріне алшақ қояды, бүгілген сол қолмен жарты шеңбер сызып, оны жоғары көтереміз, шынтаққа дейін бүгілген оң қолды артқа жіберіп, оның сырт жағын белге жапсыра ұстаймыз.
«Көбелек» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 – 2 есебінде шынтақты артқа жіберу керек, оларды арқа тұсынан біріктіруге тырысу қажет, 3 – 4 есебінде б.ж.
«Сарбаз» - тік тұрып, қолды жоғары көтереді, 1 – 2 есебінде оңға, 3 – 4 есебінде солға қарай сермейді, ал дене қозғалыссыз қалуы керек.
«Дөңгелек» - тік тұру керек, 1 есебінде қолдағы дөңгелекті жоғары көтеріп қарау керек, 2 дегенде төмен түсіру, 3 есебінде оңға, 4 солға бұрады.
«Резеңке» - тік тұру керек, аяқ иық деңгейінде, оң қолды жоғары көтереді, сол қол төмен түсіреді, шұғыл қимылдап, қолдарды кезек сермейді.
«Тарсылдақ» - қолды төмен түсіріп, тік тұру керек, қолды алға - артқа шапалақтай сермеу керек.
«Сиқырлы таяқша» - қолға таяқшаны көлденең ұстап тік тұрады, қолды бүгіп таяқшаны кеудеге тартып, жоғары көтереді, қайта кеудеге тартады.
2. Аяққа арналған жаттығулар
«Түлкі» - аяқтың ұшымен көтеріліп, біртіндеп төмен түседі.
«Би» - аяқты кезекпен алға қойып, біресе өкшеге, біресе ұшына көтеру керек.
«Ванька-встанька»- 4 - 5 мәрте серіппелі қимылмен отырып тұру керек. .
«Әлпеншектер»- аяқ ұшынан өкшеге қарай бірнеше өтпелі қимылдар жасау керек. .
«Тарсылдақ»- аяқты тізеге дейін бүгіп, жоғары көтереді, тізе астынан шапалақ соғады.
«Аттап созылу»- қолды белге ұстап, алға қарай бүгілген аяққа қарай иілу керек, дәл осы қимылды екінші аяқпен қайталайды.
«Аяқпен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -2 есебінде оң аяқты бір жаққа айналдырады, 3 - 4 есебінде б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек..
«Отырып тұру» - тік тұру керек, өкшені бірге, аяқтың ұштарын алшақ ұстайды, қолды белге қояды, 1 есебінде аяқтың ұшына көтеріледі, 2 есебінде аяқ ұшына отырады, 3 есебінде 1-ші жағдайға оралады, 4 есебінде б.ж.
«Аяқтарды бұру» - тік тұрып, оң аяқты алға созады, аяқ ұшын өзіне қарата ұстау керек, 1 есебінде аяқ ұшын сыртқа қаратады, 2 - б.ж. 3 - аяқ ұшын ішке қаратады, 4 - б.ж, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.
«Аяқты жазу және бүгу» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 -аяқты барынша артқа қарай бүгеді, 2 - осы қалыпта барынша созу керек, 3 - 1 қалпына қайта оралады, 4 -б.ж., дәл осылай екінші аяқпен қайталанады.
«Аяқты сермеу» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - аяқ ұшын өзіне қарата алға сермейді, 2 - б.ж., 3 - аяқ ұшын өзіне қаратып артқа сермейді, 4 - б.ж.
«Табанды жазу және бүгу» - тік тұрып, қолды белге қояды, оң аяқты алға созады, 1 - табанды өзіне қарай бүгу, 2 - б.ж., дәл осылай екінші аяқпен қайталанады.
«Табанмен шеңбер жасау» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - 2 есебінде аяқты бір жаққа жылжытады, 3 - 4 есебінде б.ж.; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек.
«Аттап созылу» - тік тұрып, қолды екі жаққа жібереді, алға сәл адымдап, сол аяққа отырады, оң аяқ түзу артқа созылады, артқа - алға денемен шеңберлер жасау керек. «Қаз» - тік тұрып, бүгілген аяқтың сирағынан ұстайды, жібереді.
«Аяқтарды қозғау» - өкшені арқанға тіреп, аяқтың ұшын жерге тіреп бір жаққа қарай адымдап жүру.
«Серіппе» - тік тұрады, аяқтар бірге, қолдар төмен түсірілген, тізені қолмен қапсыра ұстап отыру керек, басты тізеге қояды, тіке тұру керек.
«Тарсылдақ» - тік тұрып, аяқты алға созады, жоғары көтеріп, аяқ астынан шапалақ соғады, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.
«Атлет»- отырады, арқаны түзу ұстап, екі қолмен таяқшаны алға қарай көтереді, тұрып қолды төмен түсіреді.
«Құтқарушы таяқшасы» - екі қолмен таяқшаны ұстап, серіппелі қимылмен отырып - тұру.
«Қарлығаш» - тік тұрып, қолды белге қояды, 1 - аяқты артқа созады, 2 - жоғары көтереді, 3 – 1 қалыпқа оралады, 4 - б.ж.
«Велосипед» - арқаға жатады, жұдырықты түйіп, қолды жоғары көтереді, тізені бүгіп, аяқты кезекпен айналдырады.
«Затты жалғастыр» - тік тұрады, қолды дене бойымен ұстайды, қолда текше бар, аяқты көтеріп, текшені бір қолдан екіншішісіне ауыстырады, дәл осылай екінші аяқпен қайталанады .
«Қысқыштар»- арқаға жатып, қолды дене бойымен ұстайды, аяқтар түзу, 1 - аяқтың арасын ашады, 2 - бірге ұстайды, 3 - тізені бүгеді, 4 - аяқты созады.
«Массаж» - тік тұрады, 1 - 4 есебінде бүгілген сол аяқты көтереді, 5 - 8 есебімен аяқты төмен түсіреді, бір жағынан табанмен өкшеден тізеге дейін уқалайды.
«Жіп орағыш» - тік тұрады, аяқты сәл бүгіп, қолды тізеге тигізеді, тізені жан - жаққа айналдырады.
«Реттеуші» - тік тұрып, аяқты бірге, қолды дене бойымен ұстайды, 1 - қолды жоғары көтереді, аяқты ұшымен артқа қарай жібереді, 2 - б.ж; екінші аяқпен дәл осылай жасау керек.
«Төңкеріліп жатқан қоңыз»- арқамен жатып аяқ - қолмен әр түрлі қимылдар жасайды.
3. Кеудеге арналған жаттығулар
«Әткеншек» - қолды белге ұстап, денені жан - жаққа бұрады.
«Тағзым» - алға қарай еңкейіп, қолды аяқ басына дейін жеткізу керек.
«Қайық» - қолды алға созып, ішпен жатады, қолды, иықты, басты көтеріп, бүгілу керек.
«Бауырсақ»- тізерлей отырып, допты айналдыра домалату керек.
«Қоңыз»- төрт тағандап тұрып, қолды, аяқты бүгу және жазу керек..
«Иілу»- аяқты алшақ қойып, тік тұрады, алақанды сырт жағына қаратып, алға ұзартып, қолды жоғары көтереді, саусақтарды айқастырады, артқа шалқаяды, солға бұрылады, денені алға еңкейтіп, оңға бұрылады.
«Шеңберлер»- тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастырады, 1 - есебінде денені еңкейтіп, қолды солға бұрады, 2 - дене мен қолды алға еңкейтеді, 3 - оңға, 4 - артқа. (қолды желкеге қоюға болады)
«Маятник» - тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолмен қабырғаны, сол қолмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.
«Болмашы» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, қолды кеудеге қояды; денені солға бұрып, қарама – қарсы бағытта (көлденеңнен сипалау) оң жақты сипалау; дәл солай екінші жаққа жасайды.
«Піл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды төмен түсіріп, қарын тұсынан бір-бірімен айқастырады, екі қолды бірдей жоғары көтеріп, алға еңкейеді, қолды иыққа дейін түсіріп, денені 90 градусқа бұрады, қолды жерге дейін түсіріп, бастапқы қалыпқа оралады.
«Керік» - аяқты бірге қойып, тік тұрады да, бір иық деңгейіне қояды, қолдың саусақтарын бір - бірімен айқастырып, қарын тұсынан төмен түсіреді, денені алға еңкейтіп, алақандармен аяқты ұстайды, б.ж.қайта оралады.
«Маймыл» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, екі аяқтың өкшесін өзек қылып, 180 градусқа бұрылады, алға қарай 45 градусқа еңкейеді, аяқты айқастырады, сол аяқ оң аяқтың алдында болуы шарт, түзеліп, екінші жаққа бұрылып жасайды.
«Ләйлек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейінен сәл алшақ ұстайды, алақанның сырт жағымен белден ұстап, денемен жартылай шеңбер жасайды.
«Диірмен» - аяқты иық деңгейіне қойып, денені алға қарай еңкейту керек, қолды екі жаққа жібереді, алға қарап, қолды алма кезек алға, артқа сермейді.
«Гүл» - қолды белге ұстап, тізерлей отырады, денені екі жаққа кезек бұрып, қолды жаяды.
«Шырақ» - негізгі қалып, қолды жоғары көтереді, алға еңкейеді, түзу тұрады, солға еңкейеді, түзу тұрады.
«Көтергіш кран» - аяқты алға созып, артқа қайырылған қолға сүйеніп отырады, табанды еденнен көтеріп, өзіне қарай тартады, аяқты созып, допты жерге қояды.
«Қайшы» - арқамен жатып, аяқты кезекпен - кезек көтереді, бір – біріне қарама қарсы бағытта қимыл – жасайды.
«Таразы» - аяқты алға созып, артқа қайырылған қолға сүйеніп отырады, табанмен еденнен допты көтеріп, өзіне қарай тартады, аяқты тартып допты қолмен алады, аяқты созып, допты жерге қояды.
«Серіппе» - қолға сүйене, аяқты түзу қойып, ішке жатады, 1 - денені жоғары көтереді, 2 - түсіреді.
«Терезе» - қолға шеңберді алып, аяқты айқастыра отырады, денені оңға-солға бұрады.
«Әткеншек» - қолды алға созып, аяқты артқа жіберіп, ішпен жату керек, біресе қолмен, біресе аяқпен тербету.
«Қапшықты жасыр» - аяқты айқастыра жерге отырады, қапшықты еденге алдына қояды, 1 - оңға бұрылады, қапшықты артқа қояды, 2 - оңға бұрылады, алдына қояды, дәл осылай екінші жаққа бұрылып жасайды.
III. ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
К.П.Бутейко бойынша бақылау үзілісі. 1 – 2, 3 - 4 есебінде танаудың әр тесігінен кезек - кезек демді ішке тартады; 1 – 10 (16) есебінде дем алуды бөгеп, сыртқа шығарады.
М.И.Фонарёва бойынша. «Кернейші» - гимнастикалық орындыққа отырып, қолды керней тартатындай күйде ұстап, ауызға жақындатады, демді ішке кең, баяу тартып, «Тру-ру-ру» деп дыбыстайды.
«Серуенге дайындық» - аяқты бірге ұстап, қолды төмен түсіріп тік тұрады, қолды екі жаққа жіберіп демді ішке тартады, екі қолмен тізені қапсыра ұстап, демді сыртқа шығарады.
«Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
«Жаңбырдан кейін» - шеңбер сызғандай айналып жүру керек, жүрісті біртіндеп баяулатып, қолды жоғары көтеріп, терең дем алады, төмен түсіріп, «а-а-а-ах-х-х-х» деп дыбыстап, демді біртіндеп сыртқа шығарады.
«Үйшік» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп, «үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады.
«Ояну» - басты, жауырынды, құйрықты қабырғасына тигізе, тізені бүгіп, гимнастикалық орындыққа отырады, қолды жоғары көтеріп керіледі, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, демді шығарады 2 - 3 мәрте қайталайды.
«Диірмен» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен - кезек алмастырады, еркін дем алады .
«Демалыс» - арқамен жатып, қолды жоғары көтереді, демді ішке тартып, жоғары көтеріледі, қолды төмен түсіріп, тізені қапсыра құшақтап, кеудеге тартады, демді сыртқа шығарады, дәл осылай келесі аяқпен қайталайды (4-6 мәрте).
Б.С.Толмачёва бойынша «Балдырған» - аяқты иық деңгейіне қойып, алақанды жоғары қаратып, саусақтардың арасын барынша ашып, қолды екі жаққа, содан соң артқа жібереді, демді қатты сыртқа шығарып, қолды кеуде тұсында айқастырып, саусақтармен жауырыннан қағу керек, қолды қайта екі жаққа жібереді, балалар өзін-өзі құшақтағандай болады.
«Үйректің балапаны» - түзу тұрып, аяқты иық деңгейінде қойып, аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру, жан - жағына созу; аяғын түсіріп ілгері еңкейу, терең демалып қолдарын кеудесіне айқастыру; демін жіберіп жайлап көтеріледі.
«Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады.
Т.Ф. Виноградова. «Жүргінші» - басын тік ұстап иықтарын сәл артқа алып, төмен ұстайды. Кеудесін жазып, ішін тартып, жауырынды арқаға жақындатып, тізесін тік ұстайды; 3 адым жүргенде демін жұтып, 4 адымда демін шығарады, 3 - 4 күннен кейін демін шығаруды бір санға көбейтеді.
«Шар» - ерніңді жұмып, ұртыңды томпайту; жұдырықпен жайлап жұмылу, еріннен ауаны шығарады (3 - 4 рет).
«Түтікше» - ысқырықты үргендей қылып, ерніңмен түтікшені қысып, сосын жымиып ерніңді босатасың; еріннің осындай қалыптарын кезектестіріп қайталайды.
«Балдырған»- ауыздың бұрыштарына шынашағынды салып, осындай жағдайда ерніңді жұму; мұрныңмен дем алып, ауаны аузыңнан шығарады.
С.М.Иванов «Сағаттар» - екі аяқты бос ұстап, қолын жіберу; түзу қолдарын ілгері кейін қозғап «тик-так,тик-так» - деп айту; мұрнымен демін ішке тартып, дыбыспен демін сыртқа шығарады
«Паровоз» - қолдарымен кезектестіріп қимылдар жасап, бөлме ішінде жүру; мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан «Чух-чух-чух» сөздерімен бірге демді шығарады.
«Насос» - аяқтарын қосып, тік тұрып қолдарын кеуде тұсында ұстау; демін ішке жұтып, сосын кеудесімен жанына қарай еңкею; демін сыртқа шығару, дауыстап (ССССС) деп дыбыс шығарып, қолдарын жылжыту; тік тұрып демін ішке жұтып, екінші жағына дыбыс шығарып еңкейеді.
«Реттеуші» - түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қойып, бір қолын жоғары көтеріп, екінші қолын жанына қарай бағыттау; ішке демді мұрнымен алу, қол қимылдарын өзгертіп, «Р-р-р» деген дыбыспен бірге созып, демін сырт қа шығарады
«Маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінде қойып, таяқты арқасына жауырыннан төмен ұстау; денесімен жанына қарай еңкейу; уақытта «Т-у-у-х-х» - деген дыбыспен демін сыртқа шығарады
«Шаңғышы» - «М-м-м-м» деген дыбысты мұрнынан шығарып шаңғышының қимылын салады.
«Үйректер ұшады» - жайлап зал ішімен жүру; демін ішке жұтып, қолдарын жанына қарай көтеру, «Г-а-а-а» деген дыбысты ұзақ созып демін сыртқа шығарып қолдарын түсіреді.
А.А. Бирюк.«Пирамида» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейлерінде қою; қолдарын жоғары көтеріп тартылу, демін ішке жұту, рет - ретімен қолдарын, иықтың тұсын, иығын, басы, денесін төмен түсіру, демін сыртқа шығарады
«Итеру» - түзу тұрып, аяқтарын иықтарының деңгейіне қою; қолын жоғары көтеріп, тізе бүгіп отыру, демін ішіне тарту, түрегеліп қолдарын төмен жіберіп демін сыртқа шығарады
«Мысық» - аяғын қосып, түзу тұру; демін ішке тартқан уақытта ілгері еңкейіп, көлбеу бағытта ұстау, кері бастапқы жағдайға келу, демін сыртқа шығарады
«Египтянші» - түзу тұрып, аяқтарын еркін қойып, қолдарымен жандарына созу, демін ішке тартқан уақытта отырып, қолдарын артына арқасына қайыру, оларды қосуға тырысу, демін сыртқа шығару.
«Тук-тук» - түзу тұрып, қолдарын иығына ұстау; демін ішке алғанда белді айналдыра, шынтақтарын артқа жіберіп, жауырынды қосады; содан кейін кері жайып, тұрып, демін сыртқа шығарады.
А.Н.Стрельникова. «Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару.
«Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.
«Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару.
«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.
«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу;
қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен;
қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады.
«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу.
IV. НҮКТЕЛІ - САУЫҚТЫРУ МАССАЖЫ
1 нүкте – сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғарғы жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау;
2 нүкте – сұқ саусағымен жеңіл түрде кеуденің негізгі ортасын басып 1 минуттай өткізіледі;
3 нүкте – кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ ұйқы бездерін басу;
4 нүкте – бас бармақпен мойынның екі жағынан жеңіл басып массаж жасау;
5 нүкте – сұқ саусақпен мойынның жетінші және кеуде омыртқасының бірінші тұсын байыппен басады; құлақтың алдыңғы жақ сүйегі жағынан жеңіл массаж жасау ;
6 нүкте - сұқ саусақпен құлақтың алдыңғы екі жағынан жақ сүйегіне массаж жасау;
7 нүкте - ортаңғы саусақпен мұрынның екі жаны танау тұсынан массаж жасау;
8 нүкте - сұқ саусақпен қастың үстіңгі доғасына массаж жасау.
9 нүкте – ортаңғы саусақ пен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтың көмегімен жеңіл басып жасайды..
2.Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар. «Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.
«Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді:
Желаяқ киік шабады,
Жолменен киік шабады.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Оны қалай ұстаймыз?
Оны қалай ұстаймыз?
Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады.
«Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді.
«Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.
«Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды.
«Жыландар». Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады.
«Айгөлек». Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды:
Айгөлек, Айгөлек
Айдың беті аппақ қардай дөңгелек.
Таудан биік, көлден жүйрік,
Бастаймыз біз, жүгірмек.
Кәне, бізге кім керек?
Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет.
Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады.
«Темірбай». Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді:
Бес күн Темірбайда
Қызықты, тату ойнаймыз,
Өзенге барып шомылып,
Тентек болып шылпылдап,
Әдемі болып сәндендік.
Тамақ және су ішпей
Кешке орманда жүгірдік.
Бір - бірімізге қарадықта,
Осылай жасадық.
Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды.
«Құрылысшылар». Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.
3.Секіру ойындары.«Қоян мен қасқыр».«Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады.
«Байланған орамал». Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.
«Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.
«Тиынды көтер». Алаңның қарама - қарсы жағына бастау сәті
және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.
«Қалпақты атып түсір». Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына белбеу алып, секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.
«Ұя». Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады.
«Қоян мен ит». Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады.
«Қақпан». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда - «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады.
«Шабыс». Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады. Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.
«Балықшылар». Үш «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді:
Суда балықтар жүзіп жүр,
Балықтар асыр салып ойнап жүр,
Балақтар, балықтар – тентектер
Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.
Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады.
«Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды.
Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.
4.Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары.«Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады. .
«Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз.
«Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады.
«Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті - орамалды доппен қағу.
«Шұңқыр және доп». Ойыншылар кең түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады, қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады.
«Аңшылар». Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.
«Арқа». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды.
«Ұшты-ұшты». Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды.
«Доп соғу». Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады.
5.Кеңістікті бағдарлау ойындары.«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.
«Инені тап». Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.
«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.
«Өз орныңды тап». Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.
«Кім кетті?». Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.
«Жұбыңды тап» Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.
6.Эстафеталық ойындар.«Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.
«Арқан тарту». Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу.
«Жасақ». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әрбір команда келесі тапсырманы орындайды: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден өту, «батпақтан» төсеніш іздерден өту, «гранаталар» лақтыру - кішкентай дорбаларды лақтыру.
«Жігіттер». Тәрбиеші: Құрметті жігіттер,
Біз сіздерді қызықты,
Әдемі ойынға шақырамыз.
Отырғандардың ішінен бір жігіт таңдап алынады. Ал қалған балалар аттың жүрісін салады. Сөйтіп, екінші ойыншы мен жігітті ауыстырады.
Мен атқа отырғызыңдар!
Киізде үй маған тар енді,
Жарқыраған жол үстінде,
Әшекейлері кілемше тәрізді әдемі,
Ат үстінде отырып алға қарай шабамын.
Қалған балалар ат үйірін бейнелейді. Ойын жігітті алмастырумен жалғаса береді.
«Тапқыр». Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек.
7.Жолдағы кедергілер.«Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды.
«Поезд». Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді.
«Татулы жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді.
«Алғырлар». Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Тәрбиешінің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады.
VI.РЕЛАКСАЦИЯ
«Босаңсу және қатаю». Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды.
«Жаяу ат айдаушы қалпында» Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны елестетеді.
«Теңіз өмірі». Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атауларын күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.
«Күн». Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.
«Гүлдер». Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.
«Көбелек». Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді.
«Қысқы орман». Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.
«Күз». Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді.
«Теңіз». Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.
«Арамен ойнау». Аю алтын араны қонжықтармен бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы былай дейді: «Ұшты» және қонжықтар болып ұйымшыл аяқтарын тіке қояды, бірақ әккі ара ұстатқызбайды.
«Факирлер». Балалар аяқтарын айқастырып еденге отырады, қолдарын тізелеріне қойып, бел және мойын денелерін еркін ұстайды, көзін жұмып, басын жібереді. Әуен шырқалады, факирлер демалады.
«Шаңсорғыш». Күн сәулесінде шаңдар көңілді болып билейді. Шаңсорғыш жұмыс жасайды. Ақырын - ақырындап шаңдар айналып кетеді де, еденге барып шөгіледі. Шаңсорғыш шаң жинайды; кімге тисе, сол орнынан тұрып кетеді.
«Салқын - ыссы». Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады.
«Ұйықтап жатқан мысық». Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда оның іші жай қампиып, кері орнына түседі.
«Шар». Шарды үрлеп жатырмын деп елестет, қолдарыңды іштеріне қойып, ішімізді де шар сияқты қампитамыз. Қарын бұлшықеттері қатаяды. Иығымызды көтермейміз. Дем аламыз, демді шығарамыз. Қарын бұлшықеттері босаңсынып, жұмсақтанады.
«Штанга». Залға жүргізушінің кіріп көргендегісі...
Аулада қарсы алады ол
Топ адамдары, әрқайсысы ұйықтап жатыр..
Жүргізуші әр түрлі қалыпта тұрған балаларға жақындайды. Ол оларды оятқысы келеді, екі қолдарын көтереді, бірақ олар кері төмен түсіреді..
«Түс періштесі». Балалар орындыққа шеңбер болып отырады. Оларға қолында кішкентай таяқшасы бар қыз келеді, ол-түс періштесі. Ол әр ойыншының иығына тиеді, сол адам ұйықтап қалады...
Періште барлық балаларға қарайды. Бәрі ұйықтап жатады, сосын ол жәймененкетіп қалады.
«Насос және доп». Балалар жұптасып бөлінеді. Біреуі үлкен доп, екіншісі допты үрлейтін насос болады. Тізені жартылай бүгіп, кеудені тұрған допқа жақындатады. Насос допты «С» дыбысын шығарып, үрлей бастайды. Үрлеген сайын доп үлкейе түседі. Тігінен тұрып, аяғы, тізесі түзеліп, аузы, ұрты, томпайа бастайды. Досы, доптан насостың шлангасын жұлып алады. Доптан қатты «Ш» деген дыбыс шығады.
«Қызыққыш Варвара». Айналасы жақсы көрінетіндей бастарын солға бұрады. Қазір мойын еттері қатайып тұр.Сол жақ мойынға тигізген кезде бұлшықеттер тас сияқты қатайған.
«Ғажайып түс». Тәрбиеші өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды...»
«Менің орманым». Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым... Қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта.Осы үзілісті есіңе сақта.
«Шипалы күштер». 1 Жаттығу. Мен қолайлы орналастым. Менің денемнің жағдайы еркін, босаңдау, қолайлы. Менің зейінім физикалық денеге және өзімнің көңіл - күйіме аударылды. Мен толықтай өз денемді сезінемін.
2 Жаттығу. Маған өте ыңғайлы және тыныш. Менің ойым, балалық шағым уайымсыз. Мен өзімді бақылаймын. Менің «мен» дегенім менің денемнің әр түйіршіктерінен кіріп өтеді.Әрбір түйіршік менімен кездесуге қуанышты.
3 Жаттығу. Мен өз зейінімді бетіме қойдым.Мен маңдай, ерін, бет, мойын бұлшықеттерін сезінемін және босаңсытамын. Менің қабағыма салмақ түседі және жабылады. Менің ернім босаңсынып, тілім еркінсінеді. Менің түр - әлпетім босаңсынып, мен терең - терең жайлылықты сезінемін және қорқынышсыз боламын.
4 Жаттығу. Мойын бұлшықеттері жұмсақ. Арқа, қарын бұлшықеттері толықтай босаңсыды. Менің аяғым және қолдарыма салмақ түседі. Мен жағымды ауыртпалықты сезінемін. Менің денем толықтай еркіндікті сезінеді.