Материалдар / «Массаждың адам денсаулығына пайдасы»

«Массаждың адам денсаулығына пайдасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі












«Мамандыққа-ғылым арқылы» атты

колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияға баяндама тақырыбы

«Массаждың адам денсаулығына пайдасы»












Өтеуова Ақжүніс

ІІ курс, 835 топ студенттері

Мамандығы «Әлеуметтік жұмыс»

Ғылыми жетекшілері: арнайы пән оқытушысы, педаго-психолог Шналиева М.У

дене тәрбиесі пәні оқытушысы Сатмағамбетова С.Г












Орал 2021

«Массаждың адам денсаулығына пайдасы»


Түйін

Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен.

Аннотация

Массаж-это механическое раздражение, которое передается в организм человека. Выполняется руками массажиста или специальным аппаратом. Влияние массажа на организм, его физиологические свойства наглядно продемонстрировали в своих работах известные ученые И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский и др.

Abstract

Massage is a mechanical irritation that is transmitted to the human body. It is performed by the hands of a masseur or a special apparatus. The influence of massage on the body, its physiological properties were clearly demonstrated in their works by famous scientists I.M.Sechenov, I.P. Pavlov, N.E. Vvedensky, N.A. Ukhtomsky and others.

Кілт сөздері: массаж, адам денсаулығы, массаж түрлері

Ключевые слова: массаж, здоровье человека, виды массажа

Key words: massage, human health, types of massage

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты:

-Массаждың пайдасы мен зияны туралы білімімді толықтыру;

-Адамдардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық денсаулық екендігі туралы терең түсінік беру;

-Осы тақырыпты толық меңгеріп, болашақта массаж курсын оқу.


Зерттеу жұмыстың теориялық бөлімі

Массаж –француз сөзінен шыққан. Ол денеге медициналық, гигиеналық, спорттық, косметикалық және тағы басқа мақсатпен механикалық әсер ету тәсілдерінің жүйесін құрайды. Мағыналық жағынан массаж сылап-сипау, уқалау деген ұғымды білдіреді. Кейбір ғалымдардың зерттеулеріне сүйенер болсақ, массаж біздің заманымыздың І және ІІ ғасырларында халықтық емдеу әдісі ретінде кең қолданылған, ал VІІІ ғасырдан бастап ресми түрде шығыстық медицина атанған.

Массаж жасағанда тері нерв талшықтарының ұштары (мұны механо-рецептор деп атайды), сондай-ақ бұлшық ет пен буындағы тереңірек жатқан нерв талшықтары (проприорецепторлар) және тамырлар мен ішкі органдағы интерорецепторлар тітіркенеді, сөйтіп бұл тітіркеністердің бәрі жинала келіп ми қабығына белгі береді. Ал соның нәтижесінде органдар мен тканьдерге мидан жауап реакция келіп жетеді.Ол организмде түрлі қимылдық өзгерістер тудырады, адам денсаулығына, жай-күйіне қолайлы әсер етеді.

Массаж терінің жылулық рецепторына да ықпал етеді. Сипағанда, уқалағанда тканьде жылу пайда болады, оның денедегі тамырлардың тонусына және зат алмасуына жағымды әсері бар. Массаж сонымен бірге клеткалардың бөлінуі нәтижесінде пайда болатын заттардың есебінен теріде химиялық заттардың түзілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге массаж тканьдердің оттегімен тыныстауын арттырып, қандағы гемоглобин мен эриторицит мөлшерінің көбеюіне жағдай жасайды. Мысалы 15-30 жасқа дейінгі адамдар өздеріне күштірек массажды керек етеді, ал 31-50 жасқа дейінгі адамдарға орташа күш түсетін жеңілдеу массаж жасаған дұрыс.

Массаж жасаудың ұзақтығы әр түрлі. Жалпылама жасалатын массаж 10-20 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Массажды күнде немесе күнара жасайды. Ауырған адамға емдеу курсы кезінде жалпы 10-20 массаж жасалады. Егер емдеуші дәрігер қажет деп тапса, онда жылына массаждың 2-3 курсын қабылдауға болады.

Массажды жасау жолдарының төрт тәсілі бар: сипау, үйкеу, жұмсарту және дірілдету.

Массаждың түрлері:

1.Емдік массаж

Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторий- профилакторий сияқты медициналық- мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері жүйке жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады.

2. Гигиеналық массаж

Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждьң көмегі өте қажет.

3. Сегментарлы массаж

Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады.

4.Нүктелі массаж

Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді (2— 10 мм). Клиникалық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға болады. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Нүктелі массаж жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Оның екі түрі бар: қоздыру және тежеу. Тежейтін нүктелі массаж бұлшық етті босатуға және ауырған жерді басуға бағытталады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут саусақпен нығарлап басып отырып. оң жаққа бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше бұрап саусақты босатқандай басады. Арасында сәл кідіреді.

5.Қоздыратын нүктелі массаж

Бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде) колданылады. Ол үшін саусақты бір нүктеге қадап 20—30 секунд дірілдетеді. Қазіргі кезде ғалымдардыд айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған. Олардың тек 140— 150-ін ғана массажға колданып жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек пайдаланылады. Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей байланысты. Ол бір, екі, үш... саусақтармен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады. Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-қимыл, буын зақымданған кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық активті нүктелердің, тиімділігін арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей тұру тәсілімен қолданылады.

6.Классикалық массаж

Ол ертеңгі дене тәрбиесінің алдында өткізіледі. Сонда адам денесі сергек, бойына күш, ойына рухани азық толғандай болады. Жұмысқа да, сабаққа да жадыраңқы көңіл-күймен аттанады. Бұл массаждың ерекшелігі – оны барлық жерде жасай беруге болады. Мәселен, ұйқыдан оянған бойда кереуетте (төсекте), жазу жазатын үстел басында (қызмет арасында), тоғайда, моншада, далада, үйде, аулада– қысқасы барлық жерде адам өзіне-өзі массаж жасай алады.

Массаж жасауға болмайтын жағдайлар!!!

Ауырған адам температурасы көтеріліп қалтырап, дірілдесе, ауруы қатты болса, тыныс жолдары инфекцияға шалдықса, қан кетуі мүмкін болса, қан қысымы қатты көтерілсе, не төмендесе, өкпе-жүрек жетімсіздігінің ІІІ дәрежесі кезінде, ашық жарасы болса, қан ауруына ұшыраса, кез келген іріңді процестерге ұшырағанда, тері ауруына шалдыққанда, күре тамыры мен венасына қан ұйығанда, аяқ венасы варикоздық кеңеюге шалдыққанда, қан тамырлары кеңейгенде, туберкулездің активті формасында, созылмалы остеомиелитте, түрлі этиологиядағы ісіктер кезінде психикалық ауруды анық білгенде, жүрек-қан жетімсіздігі анық байқалса және жасы ұлғайғанда адамға массаж жасауға болмайды!

Гимнастика- пайдалы массаждың бір түрі ретінде

Емдік гимнастика – қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің тиімді түрлерінің бірі. Дене жаттығулары – емдік гимнастиканың басты құралы. Адам өмірінде маңызды рөль атқаратын бұлшық еттердің қызметі осыған негізделген. Организм біртұтас дүние екенін барлығымыз білеміз, ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланысты болса, жоғарғы нерв жүйесі (ми қыртысы) бәрін қадағалап бір жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл-қозғалыстық тапшылықтығы (гиподинамия) әр түрлі аурудың пайда болуына әкеп соқтырады. Қазіргі ғылыми-техника жетістігі адамдарды ауыр жұмыстан, қарапайым үй тіршілігінде қимыл-қозғалыстан (шөп шабу, отын жару, жер қашау) қол үздіріп отыр. Өндірісті автоматтандыру мен шаруашылықты механикаландырудың кеңінен орын алуы адамдардың ой еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етті. Күнделікті өмірде транспорттың көбеюі, лифтінің пайда болуы және теледидар алдында ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру да организмге зиянды әсер етеді. Ол дағдыға айналып кеткен соң, оған, тіпті, мән де берілмейді. Адамның аз қимылдауы – бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалардың қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан жүйке-тамырға, жүрекке айтарлықтай күш түседі. Мәселен, қан айналымы әлсіреп, жүрек-тамыр аурулары байқалды, буындардың қозғалысы кеміп, омыртқалар арасындағы шеміршек жұқарып, семіп, остеохондроз және т.б. ауруларға шалдығуға мәжбүр етеді.

Емдік гимнастикасының тәсілдеріне жаттығулар жиынтығы және табиғат факторлары (ауа, су, күн сәулесі) жатады. Бұлардың ішінде негізгісі жаттығулар жиынтығы. Олар гимнастикалық, спорттық-қолданбалы, ойын түрлері болып үшке бөлінеді.

Гимнастикалық жаттығулар анатомиялық белгілеріне (қол, аяқ, дене бұлшық еттеріне), белсенділігіне (жылдам, ақырын, күшпен), ерекшелігіне, түр-сипатына (тыныс алу, дайындау, реттік санау, түзету, үйлестік лақтыру, тепе-теңдік, қарсыласу, асылу, тіреу т.б.), жабдықтандыруға (снарядпен, снарядсыз, арнайы аппараттармен) байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

Спорттық-қолданбалы жаттығулар. Бұған жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жоғарлау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, экскурсия, серуендеу, тұрмыстық еңбекке бейімделген қимылдар, қайықта ескек есу т.б. жатады.

Ойын – адамдардың көңіл-күйін көтеріп, қимыл қозғалыстың үйлесімділігін, назарын, ілтипат-ықыласын арттырып, жылдамдықты шыңдайды. Ойын бір орында қозғалмайтын, жылдам жүгіріп ойнайтын және спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, баскетбол, бадминтон, теннис және т.б.

Массаждың әсерлері

МАССАЖДЫҢ ДЕНЕГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ ТЕРІГЕ ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ ҚАН ЖӘНЕ ЛИМФА АЙНАЛЫМЫНА ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ БУЫНДАРҒА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

МАССАЖДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда массаждың әсер етпейтін жері жоқ. Ол орталық нерв жүйесіне, бұлшық ет қан тамырларына организмнің өзге жерлеріне үлкен әсер етеді. Массажды физиотерапия немесе емдік гимнастикамен қоса қабылдаса оның нәтижесі бұрынғыдан да аса түседі. Өйткені ол адам денеіне жан – жақты күш түсіреді. Сондықтан массажды қолдау әр – түрлі ауруларға пайдаланады. Өйткені науқастанған мүшенің орталық жүйесімен үзіліп қалған байланысын жалғастырып жандандырады. Көптеген ғалымдардың айтуынша, массаж әлсіреген денеге әл береді. Шаршаған организмге күш қосады. Бұзылған мүшені қалпына келтіреді. Тек методикасын дұрыс білу керек.


Зерттеу жұмыстың практикалық бөлімі

Массаж туралы ақпарат алу үшін біз Орал қаласындағы, Ихсанов көшесі 44/3 орналасқан №1 қалалық емханасының «Сауықтыру бөліміне» экскурсияға бардық. Бұл орталықта арнайы массаж кабинеттері жұмыс жасайды. Орталықтың мамандары бізге массаждың түрлері, қолданыстағы құрал жабдықтары туралы толық ақпарат берді. Мысалы арнайы массаж керуеттері, емдік дене шынықтыруға арналған құралдар және т.б.


Зерттеу жұмыстың қорытындысы

Дұрыс орындалған массаж дауасы - тек ағза саулығының ғана емес, сондай-ақ көтеріңкі көңіл- күйдің кепілі. Жиі істелінетін массаждың емдік қасиеттері жетерлік. Ол шаштың тамырларын берік қылады, шаштың өсуін тездетіп, бастағы қан айналымын реттейді, көңіл-күй мен жалпы денсаулық жағдайын жақсартады. Массаж қабылдауда ең алдымен дәрігерден кеңес алуға, массаж жасайтын маманды дұрыс таңдаудан қателеспеңіз дегім келеді. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Барлығымыздың деніміз сау, ғұмырымыз ұзақ болсын!

 








Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Икиманова Г. Массаж. Алматы, 2002 ж

2. Бегалина Р. Массаж және оның пайдасы. Алматы, 1984 ж

3.Сабырбек Ж.Б. «ЕМДІК ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ. МАССАЖ» ПӘНІНЕН ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ