Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Математика және логика» Арнаулы курс 10 – 11 класс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ-ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ
_№40 жалпы білім беретін орта мектеп
(мектептің атауы)
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің
2017 жылғы «____» __________
№ _____ бұйрығымен
Б А Ғ Д А Р Л А М А
«Математика және логика»
Арнаулы курс
10 – 11 класс
Ақтөбе – 2017 жыл
Түсінік хат
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын, соның ішінде математикалық сауаттылығын дамытуда қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын оқып үйрену мен логикалық есептерді шешуді меңгеру басты құрал ретінде көрінеді.
Осы мақсатта 10-11 класс оқушылары үшін «Математика және логика» арнаулы курс бағдарламасы ұсынылып отыр. Бағдарлама И.П.Рустемова, С.Т.Рустемова «Пособие для к единому национальному тестированию по математике» оқулығын басшылыққа алып жасалынған.
Бағдарламаның ерекшелігі мектеп бағдарламасына сәйкес материалдарды тереңірек қарастыра отырып және логиканың заңдылықтарын қолданып, есептерді шешу барысындағы қандай да қиындықтарды жеңіл де тиімді түрде шешуді үйретеді. Курстың тапсырмалары, практикалық мазмұнды, оқушыға қызықты және оқушының логикалық ойын дамытуға, шығармашылық икемділігін арттыруға бағытталған. ҰБТ-ға дайындаудың негізгі құралы бола алады.
Курстың негізгі типі – практикалық. Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады. 1- бөлім 10- кластар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат, 11 – кластар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағатқа есептеліп, барлығы 68 сағатқа құрылды. Бағдарлама 2 жылға арналып жасалынған.
Мақсаты: Оқушыларды логикалық ойлау заңдылықтары мен ойлау формаларына және математикадан алған білімдерін жүйелеп, дамыта отырып, оны күнделікті өмірде орынды қолдана алуға үйрету.
Міндеттері:
-
Логикалық есептерді шешу жолдарын қарастыру.
-
Логикалық есептерді орындауда эстетикамен байланыстыра білу;
-
Математиканың негізгі бөлімдерін толықтыру және жүйелеу;
-
Мектеп бадарламасына сәйкес математикадан, физикадан, информатикадан және басқа пәндерден меңгерген білімді, есептерді жеңіл де тиімді шешуге қолдануды қалыптастыру.
-
Оқушының төменгі кластан игерген математикалық білімі негізінде, оның математикалық және логикалық ойлауын жетілдіре отырып, күнделікті өмірде өз білімін еркін пайдалана алу мүмкіндіктерін арттыру.
Оқушыларға қойылатын білім білік дағды.
Оқушы білуі керек:
І бөлім
-Логикалық есептердің әртүрлерін және оларды шешу тәсілдерін;
-ойлау формалары мен ойлау заңдылықтарын;
-логикалық есептерді шығарудың тәсілдерін;
-ұлттық мазмұндағы логикалық есептерді шығару барысындағы логикалық кателіктердің түрлерін;
- Күрделі арифметикалық есептеулердің тиімді шешілу әдістерін;
- Проценттер, ерітінді мен қоспа, қозғалыс, жұмыс өндірісіне байланысты мәтін есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін;
-Негізгі элементар функциялардың графиктерін салу мен график бойынша функция формуласын жазудағы кері байланысты;
- Тригонометриялық функцияларды қосу (азайту) формулаларын;
-Тригонометриялық функцияларға кері тригонометриялық амалдарды.
ІІ бөлім
-Комбинаториканың элементтері мен Ньютон биномын;
-Бернулли формуласын;
-Модуль таңбасымен берілген сызықтық, квадраттық, иррационал функциялардың және тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін;
-Функцияның дифференциалын;
-Дифференциалды жуықтап есептеуге қолдануды;
-Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуін;
-Екінші ретті туындының физикалық мағынасын;
-Функция графигінің ойыстығы мен дөңестік жағдайларын, иілу нүктелерін;
-Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін;
-Айнымалысы логарифмнің негізінде берілген логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін.
Күтілетін нәтиже:
І бөлім
-Күрделі ойларды белгілі бір
заңдылық немесе формула түрінде көрсете
біледі;
-Мүмкін нұсқаларды әртүрлі
тәсілдер арқылы таңдай біледі;
-Арифметикалық есептеулердегі тиімді әдістерін қолданады;
- Проценттер мен қоспа, қозғалыс пен жұмыс өндірісіне байланысты мәтін есептерді шешудің тиімді әдістерін қолданады;
-Күрделі функцияларды түрлендіру тәсілдерін қолданып, графиктерін параллель көшіру(жылжыту) әдістерін орындайды. Графигі берілген функцияны формуламен жазады.
- Тригонометриялық функцияларды қосу (азайту) формулаларын үйренеді;
-Тригонометриялық функцияларға кері тригонометриялық амалдарды қолданады.
ІІ бөлім
-Орналастыру, алмастыру, теру формулаларын, Ньютон биномын қолданып дәлелдеулерді орындайды. Оқиғаның ықтималдығын есептеу үшін Бернулли формуласы қолданады;
-Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешеді;
-Функцияның дифференциалын табу формуласын біледі;
-Дифференциалды жуықтап есептеуге қолданып үйренеді;
-Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуін біледі;
-Екінші ретті туындыны біледі, оның физикалық мағынасын үйренеді;
-Функция графигінің ойыстығы мен дөңестігін, иілу нүктелерін анықтайды;
- Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу тәсілдерін орындай алады.
Өзектілігі:
-Оқушы математикадан, физика мен информатикадан, технология
мен эстетикадан алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге,
сондай-ақ, игерген білімдерінің нәтижесін өзін-өзі бағалап көруіне
мүмкіндік алады;
-Математиканы техникада, практикалық қызметте қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда әртүрлі тәсілдерді қолдануға үйретеді.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы
«Математика және логика»
І бөлім. 10 класс
10- кластар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат
-
тарау. Логика және арифметика (7 сағат)
Логикалық және
арифметикалық есептер. Қатынастарға
байланысты, схемалардың, кестелердің көмегімен шешілетін логикалық
есептер.
2-
тарау. Алгебралық өрнектер (7
сағат)
Мәселе есептер. Проценттер мен күрделі проценттер, ерітінді мен қоспа, жұмыс өндірісіне байланысты және қозғалысқа есептер
-
тарау. Функция графиктерін салу (13 сағат)
Функция. Негізгі элементар функциялар және олардың графиктері. Функцияларды түрлендіру. Графиктерін параллель көшіру(жылжыту) әдістерін қолдану. График бойынша функция формуласын жазу.
-
тарау. Тригонометриялық функциялар (7 сағат)
Тригонометриялық функцияларды қосу (азайту). Тригонометриялық функцияларға кері тригонометриялық амалдар қолдану.
ІІ бөлім. 11 класс
11- кластар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат
5- тарау. Комбинаторика (7 сағат)
Орналастыру, алмастыру, теру. Ньютон биномы. Оқиғаның ықтималдығын есептеу үшін комбинаторика формулалары мен Ньютон биномын қолдану. Бернулли формуласы.
6- тарау. Модуль таңбасымен берілген теңдеу, теңсіздіктерді шешу. (9 сағат)
Модуль таңбасымен берілген сызықтық, квадраттық, кері функциялардың және тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, функциялардың графиктерін салу.
7-тарау. Туындыны қолданып есептеулер (11 сағат)
Функцияның дифференциалы. Дифференциалды жуықтап есептеуге қолдану. Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуі. Екінші ретті туынды және оның физикалық мағынасы. Функция графигінің ойыстығы мен дөңестігі. Иілу нүктелері.
8-тарау. Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер, теңсіздіктер (7сағат)
Айнымалысы логарифмнің негізінде берілген логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері. Күрделілігі жоғары көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.
«Математика және логика» арнаулы курсының
тақырыптық-күнтізбелік жоспары
10-класс
р/с |
Тақырыптары |
Сағат саны |
Өтілетін уақыты |
1-7 |
1. Логика және арифметика |
7 |
|
1 |
Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары |
1 |
|
2 |
Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу |
1 |
|
3 |
Логикалық есептерді схемалар арқылы шешу |
1 |
|
4 |
Ұлттық мазмұндағы логикалық есептерді шешудің жолдары |
1 |
|
5 |
Теңдеу құру арқылы логикалық есептерді шешу |
1 |
|
6 |
Теңдеулер жүйесін құру арқылы шешілетін логикалық есептер |
1 |
|
7 |
Қатынастарға байланысты логикалық есептер |
1 |
|
8-14 |
2. Алгебралық өрнектер |
7 |
|
8 |
Мәселе есептер |
1 |
|
9 |
Проценттер мен күрделі проценттерге есептер |
1 |
|
10 |
Ерітінді мен қоспаға байланысты есептер |
1 |
|
11 |
Жұмыс өндірісіне байланысты есептер |
1 |
|
12 |
Бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер |
1 |
|
13 |
Қозғалысқа байланысты есептер. Шеңбер бойымен қозғалыс |
1 |
|
14 |
Өзен бойымен қозғалыс |
1 |
|
15-27 |
3. Функция графиктерін салу |
13 |
|
15 |
Функция ұғымы |
1 |
|
16 |
Негізгі элементар функциялар және графиктері |
1 |
|
17 |
у=ах+в сызықтық функцияның графигі |
1 |
|
18 |
у=аx2 түріндегі функцияның графигін салу |
1 |
|
19 |
у=ах3 түріндегі функцияның графигін салу |
1 |
|
20 |
у= түріндегі функцияның графигін салу |
1 |
|
21 |
у=аx2+bх+с түріндегі функция графигін салу |
1 |
|
22 |
у= √х түріндегі функция графигін салу |
1 |
|
23 |
у=cosx, sinx функцияларының графиктері |
1 |
|
24 |
у=tgx ctgx функцияларының графиктері |
1 |
|
25 |
Функцияларды түрлендіру |
1 |
|
26 |
График бойынша функция формуласын жазу |
1 |
|
27 |
Графиктерді параллель көшіру (жылжыту) әдістерін қолдану |
1 |
|
28-34 |
4. Тригонометриялық функциялар |
7 |
|
28 |
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер |
1 |
|
29 |
Келтіру формулалары |
1 |
|
30 |
Қосу формулалары |
1 |
|
31 |
Екі еселенген бұрыштың формулалары |
1 |
|
32 |
Жарты бұрыштың тригонометриялық функциялары |
1 |
|
33 |
Тригонометриялық қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру |
1 |
|
34 |
қорытынды |
1 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
34 |
|
«Математика және логика» арнаулы курсының
тақырыптық-күнтізбелік жоспары
11-класс
р/с |
Тақырыптары |
Сағат саны |
Өтілетін уақыты |
1-7 |
5. Комбинаторика |
7 |
|
1 |
Кездейсоқ оқиға, оқиғаның ықтималдығы |
1 |
|
2 |
Алмастыру |
1 |
|
3 |
Орналастыру |
1 |
|
4 |
Теру |
1 |
|
5 |
Оқиғаның ықтималдығын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдану |
1 |
|
6 |
Оқиғаның ықтималдығын есептеу үшін Ньютон биномын қолдану |
1 |
|
7 |
Бернулли формуласы |
1 |
|
8-16 |
6. Модуль таңбасымен берілген теңдеу, теңсіздіктерді шешу |
9 |
|
8 |
Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңдеулерді шешу |
1 |
|
9 |
Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу |
1 |
|
10 |
Жоғары қиындықтағы теңдеулерді, олардың жүйелерін шешу |
1 |
|
11 |
Жоғары қиындықтағы теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу |
1 |
|
12 |
Иррационал теңдеулерді шешу |
1 |
|
13 |
Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу |
1 |
|
14 |
Тригонометриялық теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу |
1 |
|
15 |
Модуль таңбасымен берілген функциялардың графиктері |
1 |
|
16 |
Модуль таңбасымен берілген кері функциялардың графиктерін салу |
1 |
|
|
7. Туындыны қолданып есептеулер |
11 |
|
17 |
Функцияның дифференциалы. Дифференциалды жуықтап есептеуге қолдану |
1 |
|
18 |
Туынды табу ережелерін қолдану |
1 |
|
19 |
Жанаманың бұрыштық коэффициенті |
1 |
|
20 |
Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуі |
1 |
|
21 |
Күрделі функцияның туындысын табу формуласы |
1 |
|
22 |
Тригонометриялық функциялардың туындысын табу |
1 |
|
23 |
Кері тригонометриялық функциялардың туындысын табу |
1 |
|
24 |
Туындының көмегімен өсу, кему аралықтарын табу |
1 |
|
25 |
Функция графигінің ойыстығы мен дөңестігі. Иілу нүктелері |
1 |
|
26 |
Функцияның экстремумдары |
1 |
|
27 |
Екінші ретті туынды және оның физикалық мағынасы |
1 |
|
|
8. Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер, теңсіздіктер |
7 |
|
28 |
Көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістері |
1 |
|
29 |
Логарифмдік теңдеулерді шешу әдістері |
1 |
|
30 |
Теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу әдістері |
1 |
|
31 |
Күрделілігі жоғары логарифмдік теңсіздіктерді шешу жолдары |
1 |
|
32 |
Көрсеткіштік, логарифмдік функцияларды дифференциалдау және интегралдау |
1 |
|
33 |
Айнымалысы логарифмнің негізінде берілген логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер |
1 |
|
34 |
Қорытынды |
1 |
|
|
Барлығы |
34 |
|
Қолданылған әдебиеттер:
1. И.П.Рустемова, С.Т.Рустемова «Пособие для к единому национальному тестированию по математике», Алматы 2014
2.Л.В.Ершов, Р.Б.Райхмист «Построение графиков функций», Москва «Просвещение», 1984г.
3. «Ықтималдықтар теориясы және комбинаторика элементтері» Қ.Б.Бектаев
4. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу. АПИ, А.Ж.Избасова, К.С.Баешова, А.Д.Сарман. Ақтөбе 2014
5. «Математика в школе», «Математика және физика» журналдары.
6. Решения задач повышенной трудности на преобразования иррациональных выражений. С.А.Мырзабеков, С.К.Сулейменова, Г.С.Тамуова, М.А.Тлеубергенова. Ақтөбе, 2010
7.Қызықты математика Логикалық есептер жинағы. Алматыкітап, 2015
8.Талапкер 1- 2 бөлімдер.Егоркина
9. Математика, Жаңа талапкер,1-8 бөлім. А.Ж.Жұмаділова. «Келешек-2030»
10.Тесты по математике. К.Н.Лунгу. Москва, 2005