Материалдар / Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара. 5--7-8-9-10-11 сыныптарға арналған

Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара. 5--7-8-9-10-11 сыныптарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара. 5-11 сынып аралығында өткізуге болады 4 түрлі сыныптан тыс жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кім жүйрік ойлы – сол алады!


Сабақтың мақсаты:

Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту. Шығармашылдыққа, тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.


Сайыстың көрнекілігі:

Тақырыптық сөздер, топшамалар, сөзжұмбақтар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов). «Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус). «Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз».


Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы.


Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.


Сайыстың жоспары:

1. Таныстыру.

2. Бәйге сайысы (логикалық сұрақтар).

3. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер).

4.Қызықты әзіл сұрақтар.

5. Тіл өнері (сөздер құрау).

6.Кім жылдам?( математикалық жұмбақ).

7. Ширату (сөзжұмбақтар шешу).

8. Қорытынды.


Сайыстың барысы:

Мінекей, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың ғылымы –

Математика жайында

Кешімізді бастаймыз.

Қазылар алқасымен таныстыру.

«Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Әрқашан да мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты» - дей келе І тур бойынша топтар өздерін таныстырып өтсін.

І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. тең қабырғалы үшбұрыш

  2. тең бүйірлі үшбұрыш

  3. әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. тік бұрышты үшбұрыш

  2. сүйір бұрышты үшбұрыш

  3. доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.

Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.

«Осындай дүбірмен күй ақтарған,

Бәйгеден озып келу сияқты арман.

Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,

Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан» - дей келе келесі турымызды бастаймыз.

ІІ тур. «Бәйге» сайысы

І топ «Үшбұрыш» тобына:

1.Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. Радиус.

2. Сәуленің ұшы бола ма? Иә.

3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. Шаршы.

4. Тік бұрыштан кіші бұрыш. Сүйір.

5. Қосудың теңдігі. Қосынды.

6. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз.

7. Санның жүзден бір бөлігі. Процент.

8. Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.

9. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? Жазыңқы.

10. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін кесінді Биссектриса.

ІІ топ «Квадрат» тобына:

1. Тік бұрыштың шамасы . 900

2. Көбейтінді қай кезде нөлге тең? Біреуі нөлге тең болғанда.

3. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға қалай аталады? Гипотенуза.

4. Бірге және өзіне бөлінетін сан. Жай сан

5. Екі санның бөліндісі. Қатынас

6. Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік

7. Математика патшасы. Арифметика

8. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. Диагональ.

9. Диаметрдің жартысы. Радиус

10. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. Радиус

ІІІ топ «Трапеция» тобына:

1. Жазыңқы бұрыштың шамасы. 1800

2. Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең?

3. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларын қалай атайды? Катет

4. Алымы мен бөлімін бірдей санға бөлуді. Қысқарту

5. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. Бұрыш

6. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар.

6 бала

7. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? 900

8. Түзудің ұштары бола ма? Жоқ

9. Қиылыспайтын екі түзуді қалай атайды? Параллель

10. Екіден артық бөлінгіші бар сан. Құрама сан.

ІІІ тур. «Ойымды жалғастыр» бөлімі. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

І топ «Үшбұрыш» тобына:

1. Жеті жұрттың тілің біл, (жеті түрлі білім біл).

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

ІІ топ «Квадрат» тобына:

1. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

2. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

4. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

5. 2 жақсы қас болмас, (2 жаман дос болмас).

ІІІ топ «Трапеция» тобына:

1. 7 атасын білмеген (жетесіз),

2. Бір тал кессең, (он тал ек).

3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді).

4. 5 бармақ жұмылса (жұдырық болады).

5. 30 тістен шыққан сөз (30 рулы елге тарайды).

IV.Қызықты әзіл сұрақтар:

  1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минутта)

  2. Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)

  3. Қалай 2 литрлік сүтті 1 литрлік ыдысқа сыйғызуға болады? (қоюлатылған сүтке айналдырамыз)

V тур. «Тіл өнері» (сөздер құрау). Оқушылар берілген сөздерден 1 мин 30 секундта сөздер құрау керек. І топ «Үшбұрыш» тобы: Теорема – ар, ор, ер, мама, тер, ел, ара, арала, терме, ем, ерме, тор, тар.

ІІ топ «Квадрат» тобы:

Аралас – ас, лас, ар, сал, рас, ара, алас, Сара, сарала, ал, салалас.

ІІІ топ «Трапеция» тобы:

Бөлшек – бөшке, бөлке, бөле, өкеше, өлше, бөл, шек, бел, лек, кел, шөл, шөк, шел, кеш, ек, еш, ел, өш.

«Таза мінсізі асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.

VI-тур: «Кім жылдам?». Математикалық жұмбақ.

1. Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді.

(8)

2. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой.

(15)

«Бұл кезеңнің сұрағы,

Сайыскерлерге ұнайды.

Көп шаршының орнында,

Қандай әріптер тұрады.

Ойланайық азырақ,

Уақытты да үнемдеп.

Кім жазады кәнеки?,

Жауабын мен білем деп»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.

VІІ тур. Ширату

Әр топқа жеке сөзжұмбақ беріледі.

І топ «Үшбұрыш» тобына:

қ

ұ

р

а

м

а










п

а

й

ы

з




м

а

т

е

м

а

т

и

к

а

ш

е

ң

б

е

р





м

е

т

р





х

о

р

д

а







т

а

қ





т

а

б

и

ғ

и





а

к

с

и

о

м

а




р

а

д

и

у

с




1. Екіден артық бөлгіші бар сандар.

2. Санның 100 ден 1 бөлігі.

3. Барлық ғылымдардың патшасы.

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды .

5. Ұзындық өлшемі.

6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.

7. 2 бөлінбейтін сандар.

8. Натурал санның мағанасы.

9. Дәлелденбейтін ұғым.

10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.



ІІ топ «Квадрат» тобына:


т

р

а

п

е

ц

и

я


с

ә

у

л

е






ф

и

г

у

р

а



т

е

ң

д

е

у



р

о

м

б



ғ

а

с

ы

р


с

а

ғ

а

т



1. Тек қарама – қары екі қабырғасы параллель болатын төрт бұрыш.

2. Бір нүктеден шығатын түзу.

3. Бейне, кескін.

4. Құрамында белгісізі бар теңдік.

5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады.

6. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.

7. Уақыт бірлігі.


ІІІ топ «Трапеция» тобы:



ж

а

й










п

а

р

а

л

л

е

л

ь




п

е

р

и

м

е

т

р




П

и

ф

а

г

о

р


д

и

а

м

е

т

р


п

е

р

п

е

н

д

и

к

у

л

я

р


т

а

қ





ш

и

р

е

к







к

е

с

і

н

д

і





ж

а

з

ы

ң

қ

ы




1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.

2.Қиылыспайтын түзу.

3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.

4. Ғұлама ғалым.

5. Ең үлкен хорда.

6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

7.2 бөлінбейтін сан.

8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.

9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.

10. 180о-тең бұрыш.


Әділқазы армысыздар, алқалар,

Талай-талай шындық сізде бар табар!

Бағаларын балалардың беріңіз,

Қымбат бізге-билігі бар орталар – деп сөз кезегін әдіқазыларға беріледі.

Жеңімпаз топтар марапатталады.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!
























Математикадан сыныптан тыс іс-шара "Көңілді сағат"

Мақсаты:

1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан). Командаға қажетті құралдар:

Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж

Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі: Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі.

Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.

Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек. Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.


- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! - Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. - Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.

- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?

- Ойынды бастайық!!!

1 ТУР Әдебиеттегі сандар

100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір) 200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )

300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)

400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі.Ләззат 7 жігітпен,Гүлзат 8 жігітпен,Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мереке келген барлық жігітпен би биледі.Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)


«Көңілді балық аулау» сайысы

Қағаздан жасалған балықтардың артында тапсырмалар бар сол тапсырмаға дұрыс жауап берсе 1 ұпай,жауабын білмесе өз тобынан немесе жанкүйерлерден көмек сұрайды.

Тапсырмалары:

  1. Қосарланып жетілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді.Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген.(12 км жол жүрген).

  2. Ағаш үстінде 100 тоғай отырды.Аңшы 10 тоғайды атып алды.Торғайлардың қаншасы қалды?(10 торғай қалды қалғаны ұшвп кетті)

  3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(түйеқұстар ұшпайды)

  4. Қандай сандарды төңкере жазғанда бір жарым есе көбейеді.(66,999 т.с.с)

Бөлшектер

100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)

200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)

300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )

400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.) Математикалық калейдоскоп

100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)

400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

Төртіншісі артық

100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)

200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш) 300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)

400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)

2 ТУР

Топ жетекшілер сайысы (Топ жетекшілерге сұрақтар қойылады ойлануға жарты минут беріледі).

1.Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты.Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді.Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды.Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50км.Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?(Электр пойызының түтіні болмайды)

2.Әкемнің жеті ұлы бар,оның әрбір ұлының қарындасы бар.Сонда әкемнің қанша баласы бар?(8 баласы бар)

Қызықты сұрақтар:

100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)

200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)

Логика

100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5) 200. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)

Адасқан әріптерден сөз құрау сайысы.

Адасқан әріптерден сөз құрау

лесуә – сәуле;

анс –сан;

А П Р Е Л Ь Л Л А-параллель;

К И Р Ь Л У Ц-циркуль;

У К Б-куб; З У Ү Т-түзу;

Ұ Р Ш Ы Б-бұрыш,

Н У К Я И Ф Ц-функция

3. Cұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыздар 8, 6, 7, 5, 6, 4, ? (5)

Қорытынды. “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н.Назарбаев

Әр сөздің астарына осы арада, Ағайын, ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы Елбасының жеке дара!

П Р Е З И Д Е Н Т

Р И Н Е Т Д П Е З

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы –Назарбаев егіз ұғым,

Өркендеген тәуелсіз өз елімен!

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Қорытындылау. Топтарды марапаттау. Сайыс қорытындысын қазылар алқасы шығарып, жеңімпаз топқа мақтау қағазын тапсырады.

Математика және біз математикадан сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты:

-Оқушылардың математикалық білімдерін тексеру және кеңейту, тереңдету;

- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

- Оқушырды шығармашылыққа баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : математикалық сайыс

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар, ” Білімді азамат- ел ертеңі”,“Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде”, “Білегіңе сенбе – біліміңе сен” жазулары, ұпай парақтары.

Өтілу барысы.

  1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!

  2. жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! “Математика және біз” атты кешімізге қош келдіңіздер.

1- жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.

2-жүргізуші: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз-түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орыны ерекше . Әл- Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов сөзінше математика ақыл–ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек.

1- жүргізуші: Бүгін біздің кешімізде екі топ оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші.

2 – жүргізуші: Көңілді тапқырлар, білгірлер бар білімін алдарыңа салады. Кім білімді, көп оқыған болса, бүгінгі күн жеңімпазы болады. Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп. Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп . Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау .Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. Қазылар мүшесін сайлау.

1 – жүргізуші: Сайысымызды бастаймыз.

2- жүргізуші: Кезекті таныстыруға берсек.

І топ. «Ұлан» Ұраны: Білікті бірді жығар , Білімді мыңды жығар.

ІІ топ : «Жалын» Ұраны: Өнер- ағып тұрған бұлақ, Білім- жанып тұрған шырақ.

«Тез жауап» бөлімі І топқа:

1. Санауға арналған сандар (натурал сандар)

2. Алымы бөлімінен үлкен бөшек? (бұрыс бөлшек)

3. 5 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)

4. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180)

5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы)

6. Жазыңқы бұрыштың өлшемі нешеге тең? (180)

ІІ топқа:

1. Ең кіші уақыт өлшемі (секунд)

2. 0 –ден үлкен сандар (оң сандар)

3. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)

4. 1 километрде неше метр бар? (1000)

5. Кесіндіні өлшейтін құрал (сызғыш)

6. 0 –ден кіші сандар (теріс сандар)

«Дода» бөлімі ( Ұяшық таңдау бойынша сұрақтар)

Кенгуру – 20: 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (4,5)

Кенгуру -30: Таңба амалдарын қолданып 2, 3, 5 сандарынан 4 –ті алуға бола ма? (5+2) -3=4 , (3+5) /2=4 (5-3) +2=4 ; (5-3)*2=4

Ақбота -20: шапшаң және дұрыс есептеу керек. 8-4-3= 1 8:4·3= 6 (8-4)·3= 12 8·4+3=15 8 6 5

Ақбота-30: 4 6 5 12 15 9 Қандай да бір заңдылықтарды тауып, сұрақ белгісін санмен алмастыр.

Тұлғалар -20: Жанды сұрақ

Тұлғалар -30: Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым, математик кім? (Әл-Фараби)

Лабиринт ойыны.Әр топ екі-екіден лабиринт шешу керек.

І- топқа





ІІ- топқа

5-



ЦShape3 Shape2

86

81

ифрограмма шешу.



Тақтада көрсетілген 81 санынан 63-ті алып,ал 86 санына 12-ні қосу керек.Сонда біріндегі азайытқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады?

Топ басшыларының сайысы. «Әр қолда - өзінің ісі» Ойынышларға қағаз және екі қолына қарандаш беріледі.Тапсырма: сол қолы мен үшбұрышты,оң қолымен шеңберді салу керек.

Қорытынды.Әділ-қазылар қорытындылап,жеңімпаздарды анықтап,оларды құттықтайды.Екі топқа да сыйлық тапсырылады.

«Жұлдызыды сәт» математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс

Мақсаты:

Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту

Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жаупкешілікке тәрбиелеу

Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбындағы ойынымызда 6 - 7 сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік: «Алғырлар» мен «Тапқырлар». Ойынымызға төрешілік жасайтын әділқазылармен тансытыра кетейік.

Мәңгі бақи есте қалар .

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,- дей отырып ойынымыздың бірінші туры

«Қызықты басқатырғылар» (әр топқа 9 сұрақтан қойылады, әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):

1. 1888 санын екіге бөл. Оның әр бөлігінде 1000-саны болатын болсын

2. екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөліндісі де 24-ке тең .Осы екі санды тап. (24,1)

3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қай сандар? (1,2,3)

4. Үш таяқтың неше ұшы бар? (6)

5. Екі санның қосындысы 8 ге тең, айырмасы 2 ге тең, көбейтіндісі 15 ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3)

6. 4 пен 5 тің арасына қандай таңбаны қойғанда 4 тен артық 5 тен кем сан шығады? (үтір)

7. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (АЖҚТ)

8. Жаттықтырылған ит алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрғанда салмағы 3 кг. Төрт аяқтап тұрғанда салмағы қанша?

9. Алманың жартысы неге ұқсас?

10. Тақтайды 12 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?

11. Екі ана, екі бала 3 алманы тең бөліп жеуі мүмкін бе?

12. Жолаушы шаршаған соң түнгі сағат 10 да ұйықтауға жатты. Ұйықтар алдында сағаттың қоңырауын ертеңгі сағат 11 ге қойды. Сағат 11 де қоңырау шырылынан оянған ол неше сағат ұйықтады?

13. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6 кг)

14. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72)

15. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар?

16. Алмас күнде сабақтан қайтқанда жаяу қайтады. Жазда үйіне дейін 85 минут жүреді. Ал қыстыгүні дәл сол жолмен 1 сағат 25 минутта үйіне жетеді. Неліктен?

17. Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, ал үшеуі тізбектеліп ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді?

18. Екі бас, екі қол, алты аяқ, бірақ төрт аяқ қана жүріп келеді. Бұл не?

Екінші тур: «Сырлы сандар әлемі» (әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):

1. Басынан аяғына төңкере жазған түрінде оқығанда өзгермейтін

қандай сандарды білесіңдер?(69,619,88)

2. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100

3. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100

4. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық (* / - + таңбаларын пайдаланып): 3 3 3 3 3 3 = 333*3+3/3=1000 4 4 4 4 4 4 4 4=444+44+4+4+4=500

Үшінші тур. «Сөз жұмбақ»

1. “Ас-адамның арқауы”, ал компьютердің асы ? (электр тогы)

2. Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан (монитор)

3. Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)

4. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар (тінтуір)

5. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

7. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

8. Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль)

Викториналық сұрақтарға жауап беру.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?


Қорытынды.Әділ-қазылар ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топты жариялайды.









«Эрудит» математикалық-танымдық интеллектуалдық ойыны.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту,білімге деген құштарлықтарын арттыру,озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын,білімге деген қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Эрудит-2017» деген лента,жеңімпазға берілетін сайыстың аты жазылған плакат,номерлер жазылған парақшалар,тапсырмаларды жазуға арналған парақшалар.

Барысы:

1.Ойынның мақсатымен таныстыру.

2.Ойынның шартымен таныстыру.

3.Ойыншылармен таныстыру.

4.Жеңімпазды анықтау.

5.Жеңімпазды мараппаттау.

Ойынның шарты:

1тур.Сен білесің бе?Математика тарихынан сұрақтар беріледі.Кім бұрын жауап берсе 5 ұпай алады.

2 тур. «Менің сүйікті авторларым».Әр ойыншыға бір сұрақтан қойылады.Кітаптың авторын дұрыс тапқан ойыншы 10 ұпай алады.Жауап бере алмасаныз кезек келесі ойыншыға өтеді.

3 тур. «Қызықты деректер».Ұяшықтарда сұрақтар бар плакат ілінеді.Ойыншы өзіне ұнаған ұяшықты таңдап алып сұрағына жауап береді.

4 тур. «Ізгі дәстүр». Әр сайыскер сандарға қатысты ұлағатты ұғымдар айтады 10ұпайдан 20 ұпайға дейін ұпай беріледі.

5 тур. «Кім көп біледі?». «А», «Ш», «П», «С», «К» дыбыстарынан басталатын математикалық терминдер қай оқушы көп айтады сол оқушыға көп ұпай беріледі.

Ойыншыларды таныстыру.

Жүргізуші:Біреудің жүрегінің түгі бар,

Біреудің қоғамдағы арқалап жүрген жүгі бар.

Бәрінен де басты-барлығының,

Қатты істейтін миы бар.

Енді сайыскерлерімізбен танысып өтейік.............................................................

Енді сайысымыздың әділқазылар алқасымен танысайық.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына,-дей келе сайыскерлеріміздің сәттілік тілейміз.

І тур. «Сен білесің бе?»

Сұрақтары:

1.Қосу және азайту белгілерін «489 жылы Шалтта ырайлы есеп» кітабында алғаш рет пайдаланғае ғалым.(Я.Видман)

2.Қазіргі көбейту және бөлу таңбаларын ХVІІІ ғасырда алғаш қолданған неміс ғалымы.(Г.Лейбниц)

3.Теңдік белгісі алғаш қай жылы Р.Ренадтың «Алгебра» кітабына енгізілді.(1557)

4.Алғаш мектеп күнделігі-Ресейде пайда болды.Мектептерде үй тапсырмасын жазу мен баға қою үшін қай жылы енгізілді?(1872)

5.Дж.Непердің логорифмдік таңбасы қай жылы жарияланды?(1614)

6.Жердің шар тәріздес екенін бірінші болып ұққан және дұрыс үшбұрыштардыңәйгілі теоремасын дәлелдеген ғалым.(Пифогор)

7.Әлемге әйгілі бірінші математиктің есімі-Ахмес.Оның математикалық есептерге құрылған еңбектерінің ұзындығы 6м (20 дут) папирус орамасы қай жылы жазылған?(Б.Э.Д 1700 жыл).

8.Қандай елде ең алғаш рет шеңбер 3600-қа бөлді?(Вавилон)

9. «Функция» сөзін ең алғаш рет кімнің еңбегінде кездесті?(Г.Лейбниц)

10.Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына 100 өгіз сойып құрбандық жасаған ғалым?(Пифогор)

ІІ тур. «Менің сүйікті авторларым»

  1. «Эврика» кімнің еңбегі? (Архимед).

  2. «Бастамалар» кімнің еңбегі? (Евклид).

  3. «Хисаб ал- жабр уа-л-мукабаля» кітабының авторы кім? (Әл-Хорезми).

  4. «Негіздер» кімнің еңбегі? (Евклид).

  5. «Арифметика кілті» кімнің еңбегі (Әл-Каши).

  6. 5-6 сыныптардағы математика кітабының авторы (Т.А.Алдамұратова).

  7. «Білімділер тәжі» кітабының авторы.(Боскара).

  8. «Ғылым тарихына кіріспе» кімнің еңбегі (Сартон).

  9. «Ғылымдардың тізбегі»(Әл-Фараби).

  10. «Шар мен цилиндр» еңбегінің авторы (Архимед)

ІІІ тур.Қызықты деректер

1.Сандарды бірді-І(таяқша),онды П(кіпсен),жүзді-С(өлшеуіш жіп), мыңды –(гүлжапырақ) деп белгілеген мемлекет (Мысыр)

2.Адамның дене мүшелері арқылы 33-ке дейінге санды өрнектей алатын австриялық жабай тайпалар мекендейтін бұғаз (Торрес)

3.1-9 дейінгі сандарды алфавиттің бастапқы тоғыз әрпімен белгілеген мемлекет(Гректер)

4.Атақты Архимед заңын моншада ойлап тауып,қуанғаннан таптым!Таптым! деп айқайлап,жалаңаш көшеге жүгіріп шыққан кітаптың атауы? (Эврика)

5.Архимед ғажайып құрал жасап,римдіктердің теңіздегі флотына өртеп жіберген.Ол қандай құрал(Айна,оптика).

6.Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кдіре тұр,сызбамды сызып, аяқтап алайын»-деп айтқан ғалым (Архимед).

7.Ұзындық өлшемдері.1чп=10 цунь; 1 цунь= 10 фэнь; 1 фэнь = 10ли; 1 ли =10 фа; 1фа=10 хало –ға тең қай мемлекетікі? (Қытай).

8.Санаудың позициялық жүйесі деп аталатын,қазіргі жаппай қолданып жүрген он таңбалы сан кімдерден келген?(Үнділіктерден).

9.Философия және жаратылыстану ғылымдары бойынша жүзлен аса бағалы еңбек жазған ғалым.(Әл-Фараби).

10.Хорданы олар – «джива» - садақтың кермесі деп алған кімдер?(Үнділіктер).

IV тур.Ізгі дәстүр.Әр сайыскер(берілген кеспелерді алып) сандарға қатысты ұлағатты ұғымдар айтады.

1.Үш санына қатысты.

Үш алыс-жер мен көк аралығы,жас пен кәрі аралығы,жақсы мен жаман арасы.

Үш із-бала,байлық,бақыт.

Үш бақыт-халық,тіл,отан.

2.Екі снына қатысты.

Екі ата-Адамата,Хауана.Екі мәңгілік-ай мен күн.Екі сезім-үміт,сезім.Екі дүние-бұл дүние-фәни,о дүние-бақи.

3.Төрт санына қатысты.Әлемнің төрт құрашысы-от,су,жел,жер. Төрт ана-туған жер,туған тіл,салт-дәстүр,туған тарих.Төрт тірек-иман,намаз,мейірімділік,білім.Тәурат-Мұсаның кітабы,Дәуіттің кітабы,Исаның кітабы,Мұхаммедтің кітабы.

4.Бес санына қатысты.

Бес қару-сада,мылтық,найза,қылыш,айбалта.Бес мүше-көз,құлақ,ауыз,мұрын,тіл.Бес жақсы-қара нан,жүйрік ат,қалың киім,алмас қылыш,бұлғын ішік.Бес қатер-от,жау,борыш,ауру,сөз.

5.Алты санына қатысты.Алты ата-анасыз туған-Адамата,Хауана,Әзірет Ысмайыл,Әзірет Шиш,Әзірет салықтың түйесі,Әзірет Иса.Алты игілік-денсаулық,қазына,дос,әйел,білім,бала.Алты иман-Алла тағалаға иман,Періштелер,Кітаптарға иман,Пайғамбарларға иман,Ақырет күніне иман.Алты асқар-ақыл,білім,жомарттық,әділдік,шындық,кең пейіл.

6.Жеті санына қатысты.Жеті шәріп-мекке,мәдина,бұхар,шам,қатым,құддыс,кәләм.Жеті қазына-ер жігіт,сұлу әйел,ақыл,білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы.Жеті күн-бүгін,ертең, бүрсігуні,арғы күні,ауыр күн,соңғы күн.Жеті жұт-құрғақшылық,жұт,өрт,оба,соғыс,топан су,зілзала.

V.Із кесу.Математикалық терминдер.

1.Геометрия терминінің мағынасы (жер-өлшеу)

2.Нөл қай елде не деген сөдің орнына қолданылады-Мисса.

3.Градус қандай сөзден шыққан?(қадам басқыш)

4.Циркуль қандай сөзден шыққан(дөңгелек)

5.Цифр сөзінің мағынасы(бос орын)

6.Математика сөзінің мағынасы(ілім,ғылым)

7.Натурал сан мағынасы (табиғат)

8.Метр-қандай сөден шыққан (өлшем)

9.Фигура сөзінің мағынанасы(бейне кескін)

10.Арифметика сөзінің мағынасы (сан)

VI тур.Кім көп біледі?

Ақырғы 3 ойыншы жарысады.А.Ш.П.К.С. әріптерінен біреуін таңдап алып математикалық сөздер айтады.

А-аргумент,арифметика,абссица,аксиома,айқас.

К-көбейту,конус,куб,кесінді,көлем,кескін.

С-синус,сүйір,сектор,сәуле,сегмент.

П-пирамида,параллель,пифогор,плюс,перпендикуляр.

Қорытынды.Сайыс соңында қазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап,белсене қатысқан оқушылар марапатталады.









ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Ф
13 Желтоқсан 2024
453
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі