Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс,
топтық жарыс
Іс-шара мақсаты:
-
Математикадан білімдерін толықтыру, математика
пәніне деген қызығушылықтарын ояту
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық
қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын
дәлелдей білу іскерлігін дамыту
-
Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа,
ұйымшылдыққа, жаупкешілікке тәрбиелеу
Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі
«Математика ертегілер елінде» тақырыбындағы ойынымызда 5 - 6
сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен
таныстыра кетейік: «Ханзадалар» мен
«Ханшайымдар».
Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ. Біз сендермен
ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен
таныса отырып, тапсырмалар орындаймыз, жұмбақ
шешеміз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен
танысалық...
Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады:
1) «Ертек-ертек , ерте
екен...»
2) «Ақ сандық, көк
сандық»
3)
«Ойнар»
4) «Сырлы сандар
әлемі»
5) «Тапқыр болсаң шешіп
көр»
І бөлім. «Ертек-ертек ,
ерте екен...»
Сайысымыздың І бөлімі «Ертек-ертек , ерте
екен...». Бұл бөлім бойынша қатысушыларымыз кезек-кезегімен
ұяшықтарды таңдау арқылы ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды
орындауы қажет.
1-ұяшық. «Күлшеқызға
көмектес»
Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де
үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып,
туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.
Сұрақ:
Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары
жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа
Золушка төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)
2-ұяшық. «Қаршақызға
көмектес»
Өгей шешемнен қорықпас үшін
үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың
ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.
Шарбақтың ұзындығын
анықтаңдар? (24м)
3-ұяшық. «Алладинге
көмектес»
Алладин: «Ұшатын кілемнің
көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде
желге қарсы бағытта ұшамын».
Сұрақ:
Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55,6 км/сағ, ал
желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен
қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы
ше?
4-ұяшық. «Алтыншашты ханшайымның
тапсырмасы»
Сұрақ белгісінің орнына қандай
сан сәйкес келетінін анықтаңдар:
5-ұяшық.
«ЕСЕПТЕҢДЕР»
Баспалдақтың екеуін бірден
аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше
басқыш болғанын анықтаңыз. (20)
6-ұяшық.
«ЕСЕПТЕҢДЕР»
Үш ағайындының жастарының
қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы
неше болатынын анықтаңыз. (53)
ІІ
бөлім. «Ақ сандық, көк сандық»
Сайысымыздың ІІ бөлімі
«Ақ сандық, көк сандық».
Бұл бөлім бойынша әр топ екі сандықтың бірін
таңдап, сандық ішіндегі жұмбақтарды шешуі қажет. Іске
сәт!
2)
Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатары кәсіп
етпес.
Өзінің мекенінен шығып кетсе.
Тіршілік көремін деп үміт
етпес.
(балық)
3)
Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл
не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.
(Түзу)
1)
1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр
бұтағында 30-дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір
жағы қара, кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
2)
Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды.
Кезіп кетті сай-сайды.
(қаңбақ)
3)
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл
жауапты қостадым.
(шеңбер)
ІІІ бөлім.
«Ойнар»
Басыр, басыр бас ойнар,
Екі
бақсы тас ойнар.
Көбік қарда түлкі ойнар,
Көктемде жылқы ойнар,
Жыртық үйде тамшы ойнар,
Көже менен тұз ойнар,
Етік пенен біз ойнар...
-дей отырып, сайысымыздың ІІІ бөліміне көшелік.
Сайысымыздың осы бөлімінде сендер логикалық есептер
шығарасыңдар.
I.
«Кім
мықты» сайысының шарты бойынша
сайыскерлеріміздің ойын сергіту үшін, 4 топтың әрқайсысына
математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса жасырылатын жұмбақ
математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ. Мұқият
тыңдайық. (Әр дұрыс жауапқа 5-ұпайдан)
1-топ:
1)
Түйе, бота маң
басқан,
Төрт аяғын тең
басқан.
Шұнақ құлақ бес
ешкі
Төрт қозылы екі
қой,
Бәрін бірге ойлап
қой. (17)
2)Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар)
3)Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (теңгелер)
4)
Үлкен кіші сандарды сен
Ажыратқын келсе егер
Қандай таңба қояр едің
Қане ойлан куәгер
(теңсіздік)
2-топ:
1)Екі
егіз он алты,
Және сегіз және алты.
Жанап жүрген бір алты,
Қосындысы неше алты?
(36)
2)Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір
мәреге келмейді. (паралель
түзулер)
3)Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы
бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(домбыра)
4) Патшаларға мола болған
Геометрияға мұра болған.
(пирамида)
3-топ:
1)
Бір-бірімен
жарысқан,
Төрт аю, бір
арыстан.
Екі қой мен бір
түлкі,
Бәрі нешеу кім
білді? (8)
2)
«Біліміңді байқап
көр»
Математикалық таңба
ол.
Білімің болса
ашасың,
Теріс сан болса
астында,
Мағынасы жоқ деп
қашасың. (квадрат
түбір)
3)
64
бөлмеде
32 тұрғын
бар.
Ақ, қара қып
бөлгенде
Бірін-бірі
қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)
4) Дүниеде бүтін нәрсе бола
бермейді
Көңілге армандаған қона
бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін
көрсететін
Қандай сан бар достарым пікір
демейді. (бөлшек
сан)
4-топ
1)
Санасаң сан жетпейтін
нүктелерден,
Құралған фигура бар
қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш
ізде,
Бұл
не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.
(Түзу)
2)1 ағаштың 12 бұтағы
бар
Әр бұтағында 30-дан жапырағы
бар.
Жапырақтың бір жағы
ақ,
Бір жағы қара, кәнеки ойлан
тап?
(жыл, ай, тәулік, күн
мен түн)
3)Доп
емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл
жауапты қостадым.
(шеңбер)