Материалдар / МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда математиканы оқытудың әдістері туралы түсінік берілген.Сонымен қатар математиканы оқытудың маңыздылығы,міндеттері туралы түсінік беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2019
2430
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласының Білім басқармасының

«Алматы құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК




математика пәнінің оқытушысы

Мусаханова Шолпан Бақтығалиқызы




















МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.Тіпті бір қатар дамыған бұл идея ұлттық қағидаға айналған.Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған.Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін,дағдыларын қалыптасыру қажеттігі еліміздегі ғылым- техникалық жане әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.

Математикаға оқыту – бұл жеке әрбір студентке бағытталған өнер. Ол бір күй сияқты, қоңырау салынғанда басталып ,қоңыраумен аяқталатын. Ал, осы аралықта аудиторияда отырған жас талаптарға өзінің санасында да көңілінде де сақталып қалатын із қалдырамыз. Ол шытырмандар мен жыралар арқылы ақиқатқа, түсінуге,білімге деген із. Бірақ барлық студенттер еңбексүйгіш емес. Сондықтан әрбір жас талапты түсіну және жүрегіне жол табуы өте маңызды.

Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік – экономикалық жане саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу –ағарту,білім беру саласындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.

« Білім берудің гуманитарлық сипаты,онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес,ең алдымен,шығармашылық пен таным субъектісі құдіреті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен студенттерді баурап әкететін субъект ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету-білім мазмұның жаңартумен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.

Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту әдістері арқылы студенттердің ақыл- ой қабілеттері мен дербестігі дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.

Колледжде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр.Олардың бірі – математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл студенттердің математкалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады. Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады, ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.

Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта колледждегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Студенттердің қарапайым есептеуді үйренуі жайды алғашқы ақпараттар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі.

Колледждегі математикалық білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен септігін тигізді, мұнда б.э.д ғасырда сауданың және теңізде жүзудің дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия оқытылды.

Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.

Сонымен қатар, ғылымның үздіксіздік дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді; тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.

Математиканың оқу курсы үнемі математика-дамушы ғылым мен математика –оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның даму математикалық білім берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлуметтік қажеттіліктерге сай болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі –бұл математиканы оқытудағы тапсырмалар,мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым.Ол пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсатында математикалық білім беру процесін оқытады және зерттейді3Математиканы оқытудың әдістемесі математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.

Математиканы оқыту әдістемесінің колледждегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты зерттеу болып табылады.Мұның негізгі компоненттері деп математиканы оқытудың мақсатын,мазмұнын,әдістерін,формалары мен құралдарын тусіну керек.

Математиканы оқыту әдістемесінің пәні өзінің қиындығымен ерекшеленеді. Математиканы оқыту әдістемесінің пәні математикалық білім беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан, әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады.

Математиканы оқыту әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен математикалық ғылымды бір бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен қатар ол философия, математика, логика,психология,биология, кибернетика және өнермен байланыста болатын педагогиканың шекарасы болғандықтан. Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:

  • Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;

  • Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және студенттердің танымдық қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;

  • Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырылушылық формаларды құру;

  • Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және оқытушының жұмыс тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.

Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы қалай оқыту керек?

Бағдарламада қарастырылған колледждегі математиканың мазмұны ондағы болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің әрбіреуінде колледжде оқыталатын пән бетінде өздерінің даму тарихы бар. Оларды оқыту жайлы сұрақтар арнайы математикадан сабақ беру әдістемесінде көрсетілген.

Оқыту әдісі дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі- бұл мұғалім мен студенттердің мақсатқа бағыттауға әрекеттерінің байланысқан түрі. Оқыту әдісі деп оқытушымен студенттердің белгілі бір дидактикалық мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін айтады.

Сабақ беру әдісі – студенттердің танымдық қабілеттерін басқаруға және бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары.

Оқу әдісі – оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен тәсілдері,оқу мен өзін - өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті әдістері.

Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау және тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру,жалпылау және специализация,абстрактілеу және конкретизация.

Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер: проблемалы(перспективті) әдіс; зертаханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі; аксиоматикалық әдіс және т.б

Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:

  1. Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған кинофильмдер мен видеофильмдерді демонсртациялау және т.б)

  2. Білімді өз бетінше табу(оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, ақпараттық, берілгендердің ақпарттық базасымен жұмыс-ақпараттық технологияларды қолдану).

Проблемиалық – іздеушы әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын проблемалы талқылау ( эвристикалық әңгімелеу), оқу дискуциясы, зертханалық іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау қабілеттерін(ұоқ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс,ұйымдастырушылық-әрекет етуші) {4,15 Б}

Репродуктивті әдістері: оқу материалын мазмұндау , мысал бойынша жаттығуларды орындау,инструкция бойынша зертханалық жұмыс.

Мәдени-репродуктивты әдістер: шығарма,вариациялық жаттығулар,өндірісітк жағдайларды анализдеу ,әртурлі ойындарды ұйымдастыру жане мамандырылған әрекеттерді имитациялаудың баска турлері.

Мұғалім мен оқушылардың әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің қураушы бөлігі болып табылады(М.И. Махмутов) Тәсілдер –белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу, конкретизация, қорытынды шығару,көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері).

Оқытудың арнайы әдістері – математиканың өзінде қолданылатын оқуға адаптацияланған танымның негізгі әдістері (математикалық модельдерді құру, осындай модельдерді құруда қолданылатын абстрагтілеу тәсілдері, аксиоматикалық әдіс).

Мұның нәтижесінде математика курсына бірнеше әдістемелік көрсеткіштерді ұсынуға болады:

Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.

Сабақта үнемі студенттердің өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырамаларды пайдалану керек.

Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен студенттерді берілген тапсырмаларды орындауға уйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.

Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс.

Оқушылардың индувиалді қасиеттерін есте ұстау, әртүрлі типтегі тапсырмаларды қолданып олардың әрбіреуіндегі танымдық әрекеттерді дифференциялау.

Оқыту процесі кезінде мұғалімнің студенттердің танымдық қызығушылықтарын қоздыру, жақсарту және дамыту оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және студенттердің танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығырмашылық, продуктивті етіп жасай білуінде.

Оқыту : біріншіден- колледждін, отбасының, қауымдастықтын арнайы ұйымдастырылған жағдайында, тарихи,әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін адамдарға бірізділікпен, нысаналы түрде жеткізу: екіншіден-студенттің оқуын ұйымдастыруға бағытталған және оны оқып-үйренуге жетектейтін оқытушының іс-әрекеті болып саналады.

Қазақсатанда математика жақсы дамыған ғылымдар санатында. Бастауын әйгілі Әл-Фарабидан алатын Қазақстан математикасының дамуына және оның өркендеуіне атақты ғалымдарымыз, академиктер О.Жәутіков Ө. Сұлтанғазин, Қ.Қасымов Т. Кәменов үлкен үлес қосты. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ерекше жетістікке жеткен ғалымдар М. Өтелбаев, Ш. Смағұлов, Б.Жұмағұлов, Н.Данаев, У.Өмірбаевтар Мемлекеттік сыйлықтың лауриаттары атақтарын алды. Осындай ғылымның жетістіктерді жастарға жеткізіп, оларға ғылымның жаңа шыңдарына жетелеу ғалымдар мен математика оқытушының негізгі мәселесі.



















Әдебиеттер:

  1. Епишева О.Б. общая методика преподавания математика в средней школе\ тобольск , Изд-во ТГПИ им. Менделеева, 1997.

  2. Ермолаева Н.А. Маслова Г.Г. Новое в курсе математики средней школы\ М: просвещение,1978.

  3. Ерошников Н.П. организация обучения математики в 4-5 классах сельской школы: пособие для учителей,2-е издание перераьотано\ М: просвещение,1982.

  4. Колягин Ю.М., Луканкин Г.Л., Мокрушин Е.Л. и другие. Методика преподавание математики в средней школе. Часные метождика\ М., просвещение,1977.

  5. Новосельцева З.И. развернутые планы лекций и учебные задания для студентов по курсу «Теоретические основы обучения математике»\ С.-Петербург, Изд-во«Образование», РГПУ,1997.б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ