Сабақтың тақырыбы:
М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбай
бейнесі
Сабақтың мақсаты:а)
білімділік: : М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты
мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала
отырып , Құнанбай бейнесін
талдау.
ә) дамытушылық: жеке тұлға
ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де
шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;шәкірт бойында өзіндік
көзқарас қалыптастыру: ойды еркін, жүйелі жеткізе білуге баулу.
Сыни көзқарасын қалыптастырып, өзінше ой түюге, шығармашылықпен
жұмыс істеуге үйрету.
б) тәрбиелік: Оқушыларды адами
қасиеттерге баулу, тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке,
білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты
меңгерту
Сабақтың типі: іздендіру
сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ -
сыни тұрғыдан талдау, зерттеу, түсіндіру, проблемалық
сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту.
«Болжау»әдісі
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта, Құнанбай суреті, шығармалар жинағы, жазылған
мәтіндер,бағалау
парақтары,слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ
тілі, тарих, сурет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Сандар сөйлейді» әдісі бойынша оқушылар білімін
тексеру.Төменде берілген сандарды көрсету арқылы оқушылар
санға байланысты мәліметті табады.Мысалы: 116 санын параққа жазып,
оқушыларға көрсетемін.Оқушылар «Абай жолы» романы 116 тілге
аударылды деп жауабын табады.
1.«Абай жолы» романы неше
тілге аударылды? (116)
2.Қай жылы
роман-эпопея Лениндік сыйлық алды?
(1959)
3. Эпопеяда Абайдың неше
жыл өмірін көрсеткен?(45)
4. «Абай» трагедиясы қай жылы
жазылды? (1939 ж)
5. М.Әуезовтың алғаш
көркем шығармасы «Қорғансыздың күні» қай жылы
жазылды?(1921ж)
6. Эпопея қай жылы жазылып
бітті? (1956)
7.Мемлекеттік сыйлық алған
жылдар?(1942)
8.М.Әуезов
суреті.
Сабақтың
барысы:Топтастыру
Қызығушылығын
ояту: «Құнанбай»
фильмінен үзінді көрсету.
«Ой шақыру»
стратегиясы:
1. Бұл үзінді
қай фильмнен алынған?
2. Фильм
кімнің, қай шығарманың желісі бойынша
түсірілген?
3. Құнанбай
кім? Ол туралы не
білесіңдер?
Жаңа
сабақ:
«Абай жолы»
романының тараулары арқылы біз Абайдың биіктен көрінетінін
білдік.
«Қайтқанда»-
«Шытырманда»-«Бел-белесте»-«Өрде»-«Қияда»-
«Биікте»
«Болжау»
стратегиясы бойынша мәтін
таратылады.Алдымен мәтіннің бір бөлігі екі топқа да беріледі.Кесте
толтырады.(Кесте толтыру кезінде Құнанбай туралы слайд көрсетіліп
тұрады.)
Не болады
деп ойлайсың?
|
Дәлелің
|
Шынында не
болды?
|
1.
|
|
|
2.
|
|
|
3.
|
|
|
4.
|
|
|
«Абай жолы»
романынан Қамқа мен Қодар оқиғасы үзінді етіп беріледі.Осы мәтіннің
желісі бойынша оқушылар ізденіп келген Құнанбай туралы ойларын
ортаға салады.
Демек,роман
желісі бойынша Құнанбай образын
«Уақыт
тізбегі» стр.орналастыру.
«Биікте»
|
«Қияда»
|
«Өрде»
|
«Бел-белесте»-
|
«Қайтқанда»
|
Сыныпқа екінші мәтін таратылады.Мәтінді
қорытындылай отырып Құнабайға жаңаша көзқарас
білдіреді
Оқушылар
ізденісін оқытып, ойларын тыңдау.
Құнанбай -
сұңғыла ойшыл
Құнанбай -
шешен тілді, өзі де суырып салып өлең шығаратын ақын адам болған.
Ел арасында Құнанбайдың шешендік сөздері, ойлы өлеңдері мол - ақ.
Солардың қолға түскендерімен таныстыра
кетсем.
Бір беделді аға
сұлтан Құнанбайды сынағысы
келіп:
- Дүниедегі
алыс не, жақын не?- деп
сұрапты.
Сонда біртуар
білгір Құнанбай: - Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын
жоқ,- депті. Тағы мынадай афоризмі еске
түседі:
«Кешірім сұраса
- үлкен күнә да кешіріледі, қайталана берсе кішкентай күнә да
үлкенге айналады.
Осы айтылған
деректерге сүйене отырып, Құнанбайдың алып ойдың иесі, қара қылды
қақ жарған би,- деген қорытынды жасай
аламын.
1 .Құнанбай - көреген (Абайдай
ірі дара тұлғаның әкесі, Абайдан ерекше үміт
күткен)
2. Құнанбай - рухани таза адам
(Меккеге баруы, Қодар мен Қамқа
оқиғасы)
3.Құнанбай – елдің тұтастығын,
халқының қамын, келешегін ойлаған
адам.
4.Құнанбай – халқының қамқор
азаматы. Меккеде қонақ үй салдырды, ондағы ойы келгендер
қиналмасын, жағдайы болсын деген, өз қаражатына еліне арнап мешіт
салдырды.
«Бір айналым сұхбат»
әдісі-Топ басшыларына сұрақ
І
топ:Сол заманда өзің Құнанбай
орнында болсаң не істер едің?
ІІ
топ:Автордың Құнанбайды қатал
өктемдіктің өкілі етіп суреттеуінің сыры неде
жатыр?
Қорытынды (пікірлер
легі)
«Құнанбай- жұрт аузына қараған
қазақтың бас адамдарының бірі»
А.Байтұрсынов.
«Мен Абай кезіндегі қазақ
даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі тереңдегі
ескіні Құнанбай бейнесіне жинақтадым. Ал оның баласы Абай
бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, Абайдың
қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен
жаңаның қарама-қарсылығын , ескіні жаңаның жеңуін көрсетуге
тиіс болдым».
М.Әуезов.
Үйге
тапсырма: «Құнанбайдың
Шәкәрімді адалдыққа шақыруы», «Кеңгірбайдың теріс батасы»,
«Құнанбайдың екі рет ажалдан қалуы» естелік-әңгімелерін тауып оқып
келу
Оқушыларды бағалау:Сабақ
үстінде белсенділік танытқан оқушыларды
бағалау.
Сабақты
қорытындылау:Біздің мақсат – осы
қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда,
біздің бүгінгі өміріміздің бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи
дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің
міндет бірін даттап қаралау емес, бүгінде анығын білгісі келген
елге дәл пішінін көрсету