Қайырлы күн, құрметті кітапсүйер қауым, сайысқа қатысушы әріптестер, қазылар алқасы!
Бүгінгі сайыста қорғау үшін таңдау жасаған кітабым – жазушы Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» атты роман-эссесі.
Не үшін мен бұл кітапты таңдадым?
Жуырда ғана елімізде Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы үлкен резонанс тудырды. Себебі, кітаптың бас кейіпкері жастарға белгісіз, бірақ тарихта аты мәлім «Өзбекәлі Жәнібек қайдан пайда болды? Бұл кейіпкердің өмір жолы неге бізге соншалықты әсер етті?» деген сұрақтар туындады. Өздеріңізге белгілі Өзбекәлінің алдында үлгі болар екі бірдей ірі мәдени қайраткер болды, олар Темірбек Жүргенов және Ілияс Омаров. Міне, осы екеуінен жалғанған сабақтастықты үзбей, кешегі кеңес үкіметі кезінде еліміздің мәдени қабатын сақтап қалған тұлға Өзбекәлі Жәнібек – мәдени майданның ері.
Ал мен Қанышты ғылыми майданның ері деп атар едім, мен осы үшін де бұл кітапты таңдадым, себебі 1932 жылғы АШАРШЫЛЫҚ, халықтың 49 пайызы қырылған, босып кеткен, статистикалық дерек бойынша 2 млн 200 мың адам құрбан болса, 110 мыңнан астам адам ұшырап, оның 25 мыңы атылған 1937 жылғы ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ қарамастан ҚАНЫШ СӘТБАЕВ сауатсыздықпен күресті.
«Бұл ҚАЗАҚТЫҢ КҮНІ бітті, енді орнынан тұрмайды!» деген ұлттың қайта басын көтеріп, ашаршылық ЖАНЫНАН, қуғын-сүргін БАСЫНАН айырып, еңсесі басылып, кеудесі тапталды деген тұста жарқ етіп, Қаныштай тұлға қазақтың маңдайына бітіп, Білім мен Ғылымның шыңы ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯны құрды. Онан қалса, сол академиядан өзі ұқсаған 14 академикті өсірді. Халық санына шаққанда 1980 жылдары Қазақстан Одақта ғалымдар саны жағынан 1-ші орынға шықты. Бұл - түгелдей Қанаңның еңбегінің жемісі.
Мен өзіме мектеп басшысы ретінде мына сұрақты жиі қоямын: «Қазіргі біз оқытып жатқан балалардан Қаныштай, Өзбекәлідей тұлғалар шығады ма? Ол мүмкін бе? Ондай тұлғалар шығуы үшін не істеуіміз керек?». Міне, осы сұрақтардың жауабын «Қазақтың Қанышынан» таптым. Дәл Өзбекәлі аспаннан түспегені сияқты Қаныш та өзінен өзі шыңдалып шыққан жоқ. Оның жауабын білу үшін кітап желісі бойынша «Қаныштың балалық шағы қалай өтті? Ол орыс оқуына дейін немен сусындады? Қалыптасу кезеңі неден тұрды?» деген сұрақтардың жауабын бірге талдайық.
Міне, кітапты оқу барысында көзімнің жеткені көкірегіне ілімнің қазығы қағылған балаға мектептің білім берілсе, одан ғылым туады.
-
Ілім
-
Білім
-
Ғылым
Ілім – туғаннан бастап мектеп жасына дейінгі берілетін құндылықтар, әкесі Имантай орыс оқуына бергенге дейін Қаныштың көкірегіне «Жүсіп-Зылиқа, «Ләйлі-Мәжнүн, «Гүлстан», «1001 хикмет», «Диуани пәни» жырлары мен қатар шығыстың шайырлары Руми, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи және Алтын орда дәуірінен бастау алатын бесік жыры, дастандар, батырлар жыры арқылы ұлттық құндылықтарымызды құйды. Ілімді адамның іргетасы деп алатын болсақ, үйдің іргетасы тек цемент пен арматура сынды материал арқылы соғылатыны белгілі, оған сіз басқа материал араластырсаңыз, соққан үйіңіз құлайды. Әкесі арқылы көкірегіне ілімді құйған ҚАНЫШТЫҢ тұлғалық қалыптасуы орыс оқуына барғаннан соң жұтылып кетпеді, керісінше сәуле болып құйылды.
-
Сіздермен сергіту сәті болсын: Айтыңыздаршы, адамзаттан шыққан тұңғыш геолог кім?
-
Адамзаттың тұңғыш геологі – Ер Төстік, иә, ертегінің кейіпкері (жеті қат жер астына түскен кезде Бапы ханның байлығы, ондағы өмір), осындай ертегімен өскен Қаныштың геолог болмауы да мүмкін емес.
Міне, «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫН» оқи отырып, мынадай ой түйдім:
-
Егер біз, ұстаздар қауымы Қаныштай тұлға тәрбиелеп, қазақ ғылымын қайта өркендетеміз десек, әр оқушының көкірегіне ұлттық құндылық құюымыз керек, мен өз тәжірибемде болашақта осыны мақсат еттім, ол жұмыс бізде басталып та кетті, күні ертең мектепте «Ұлттық құндылықтар» кабинетінің тұсауы кесілгелі тұр.
Жезқазған... Ұлытау... Орталық Қазақстан... Неге бұл өңір? Неге Батыс? Немесе Оңтүстік емес? Себебі, Қанышты Жезқазғанмен байланыстырып тұрған тылсым күш бар. Қаныштың кеудесі аңыздар мен әфсанаға толы, ол Ұлытау өңірінің әрбір тасы мен тауының, шоқысы мен қырының тарихын біледі. Қазақ ат қоюға шебер-ақ, Мәскеу геологтары Жезқазғанның қазба байлықтарының қоры небәрі 12 жылға ғана жететіндігін, оны зерттеуге аса күш пен қаржыны жұмсау қажеттілігін жоққа шығарған кезде Қаныш білімі мен «геологтың ерекше түйсігі» арқылы Жезқазған, Алтынқазған, Күмістөбе, Қорғасынды, Темірші, Жезтөбе сияқты жер-су атауларының өзінен-ақ барлау жұмыстарын бастау керектігін, түбінде Жезқазғанның ҮЛКЕН ЖЕЗҚАЗҒАН атанатынына сенімді болды, Мәскеудегі ОДАҚ АКАДЕМИЯСЫНДА атақты академиктер мен гелогтардың алдында ғылыми дәлелмен таңдай қақтырып қорғап, дәлелдеді және ол сенімі еселене ақталды.
Академиядан жалған жаламен қызметінен қуылып, тірсегінен тістелсе де арадағы үзілістен соң академия президенті қызметіне қайта кіріскен сәтінде Қаныш ешкімді қудалап, кек сақтамайды. Шығыс даналығында «Кімнің кеудесінде КЕК болса, оған хикмет (даналық) қонбайды» деген сөз бар. Бұл нағыз Қанышқа арналған сөз. Қандай қиын жағдай болса да ҒАЛЫМНЫҢ рухы сынбайды, керісінше алға қойған ұлы мұратына қарай өршелене ұмтылады. Ет жүректі пенденің шыдау-шыдамауы неғайбыл ситуацияда Қанаң шын мәнінде парасаттылық пен даналықтың, азаматтық пен табандылықтың үлгісін көрсетеді.
Оның кез келген адаммен қарым-қатынасындағы кішіпейілдігі - ерекше қасиеттерінің бірі. «Білу үшін – көру керек, көру үшін – жүру керек» деген нақылды ғалым жиі айтатын, міне осындай сапарларының бірі Лондонда Ұлыбританияның премьер-министрі Черчильге берген жауабынан Қаныштың тұлғалық қырларының бірін байқайсыз: «Менің халқым менен әлдеқайда биік». Қаныштың осындай тұлғалық қасиеттері менің басшылық қызметімде басты мұратыма айналатыны даусыз.
Қаныш ұлтқа қызмет етуде еліне, қазағына АДАЛ. Академиядағы басшылық қызметінен босаған бір сәтінде Қанышқа Мәскеу «МЕН» деген 3 қызметті ұсынады, алайда Қаныш уақыт сәті келгенде өзіне пайдалануға берілген мықты үй-жайды өздеріне қайтарып, Қаныш елге қызмет ету үшін Мәскеуден Алматыға қайтып кетеді.
Бұл 3 бөлім, 584 бет, 40 баспа табақтан тұратын «Қазақтың Қанышы» роман-эссені сайыс талабына сай 7 минутқа сыйдырған үзінді ғана.
Бұл кітап арқылы ҚАНЫШ тұлғасы ұлықталып қана қоймай, шәкірт жүрегінде, оқырман жүрегінде ҚАНЫШТАЙ болсам деген үміт оты жанатынына сенімдімін.
Кеңестің саясаттың интригасына жұтылып кетпей, өзінің азаматтық және ұлттық мықты ұстанымының арқасында ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ мәңгі БОЛМЫСҚА ие болды, тіпті небір қуғын-сүргін кезінде Қанышты ерекше тылсым күш жан-жақтан қоршап, қорғап тұрғандай көрінеді.
Англияның бәсекелес мектептерінің көрсеткіші премьер-министр шығару статистикасы екен. Неге премьер-министр? Себебі, премьер-министр болған мемлекеттік қызметкер ағылшын арманын орындауға кіріседі екен.
Егер болашақта әр қазақ мектебінен Қаныштай, Өзбекәлідей 1 тұлға шығатын болса, әлі-ақ қазақ арманы орындайтын ел басқарар, елге тұтқа болар азаматтар шығатынына сенімім мол. Ол үшін әр қазақ азаматы, әр ұстаз, әр мектеп оқушысы ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ туралы кітаптар сериясын оқуы тиіс, сондай ҮЗДІК 10 кітапты ата десе, мен ойланбай «Қазақтың Қанышын» ұсынар едім.
Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауи хикметімен Қаныштың тау тұлғасы туралы кітапты қорытындылағым келіп тұр:
-
Арыстаннан алтау тумай ма?
-
Арыстаннан туған алтаудың біреуі абадан болмай ма?
-
Бөріден алтау тумай ма?
-
Бөріден туған алтаудың біреуі арлан болмай ма?
-
Тұлпардан алтау тумай ма?
-
Тұлпардан туған алтаудың біреуі тарлан болмай ма?
-
Азаматтан алтау тумай ма?
-
Азаматтан туған алтаудың біреуінде арман болмай ма?
-
Арманы бар біреуі ата жолын қумай ма, еліне қорған болмай ма?
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
2
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Медеу Сәрсеке. "Қазақтың Қанышы" кітабының таныстырылымы.

шағым қалдыра аласыз