«Медиасауаттылық – ақпараттық қауіпсіздіктің негізі»
Қазіргі заман толассыз ақпараттық майданға айналды.Бұлай айтуымызға басты себеп- жалған ақпараттың үздіксіз көбеюі.Ақпараттың таралуы қалай тез болса адамдардың ақпаратқа қол жеткізуі де оңай.Бірақ осы тұста күнделікті таралатын ақпараттың қоғам санасына әсері қандай?
Әлеуметтік желідегі жаңалықтар, мессенджер арқылы тараған хабарламалар немесе бейресми дереккөздер арқылы келген мәліметтер сана-сезімімізге, пікірімізге және шешімімізге ықпал етеді. Мұндай ақпарат тасқынында адаспай, әр дерекке сын көзбен қарап, жалған мен шынның арасын ажырату-әр адамның маңызды дағдысына айналуы керек.Бұл дағды - медиа сауаттылық деп аталады.
Медиасауаттылық- бұл адамның ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны талдай білуі, мәнін түсінуі, жалған ақпаратты ажырата білуі, обьективті бағалауы және бөлісе алуы. Бәріміз білетіндей бұл журналистер мен медиа саласы мамандарының жұмысында басты талап етілетіні белгілі. Алайда бүгінгі күнде медиасауаттылық-тұтас қарапайым қоғам мүшесінің жауапкершілігіне айналды.Себебі ақпарат алатын кез келген интернеттік кеңістіктің салдары- қоғамдық дау дамайға, қауіпке, алаяқтардың құрбаны болуға әкелуі мүмкін.
Соңғы жылдары елімізде де фейк ақпараттың таралуы жиілеп кетті.Әсіресе, СОVID-19 пандемиясы кезінде көптеген негізсіз мәліметтер ел ішінде алаңдаушылық тудырды.Сондай-ақ саяси оқиғалар кезінде шындықты бұрмалап жеткізу, манипулятивті видеолар жиі таралып отыр.Осындай жағдайда медиа сауатсыз адам кез келген ақпаратқа сеніп, оны өзгелерге таратып, еріксіз дезинформацияның құрбанына әрі құралына айналады. Қазіргі күнде дезинформациямен күрес- дүниежүзілік өзекті мәселе. Дезинформация қоғамға жиі тарала берсе, бірте бірте адамның жалған ақпаратқа еті үйреніп, шын ақпаратты елемей кетуі мүмкін.Әсіресе көпшілікке қолжетімді WhatsApp, Telegram cынды әлеуметтік мессенджерлерде фейк ақпараттар көп таралады. Осы тұста медиасауатты адам жалған ақпаратты ажыратып , өз деректерін қауіпсіздікте ұстауға тырысады. Жақында еліміз бойынша журналистік «Media Net» халықаралық ұйымының «FactChec Dive» тренингіне қастыстым. Дәл осы тренинг барысында медиасауаттылық, фактчекинг бойынша білімімді жетілдірдім. Ашық дереккөздермен жұмыс істеуді, фейк ақпараттарды ажыратуды үйрене отырып, бұл білім кез келген ақпарат тұтынатын адамға қажет деген ой түйдім. Елімізде медиа сауаттылықты арттыру үшін осы бағытта жұмыс істейтін шаралар, білім беру жүйесіне енгізу, медиа жобаларға сұраныс арттыру қажет деп санаймын.Медиасауаттылықты бала кезден қалыптастыру маңызды. Мектеп бағдарламасына арнайы модуль ретінде «медиасауаттылық» тақырыбын енгізу қажет.Онда оқушыларға жалған ақпаратты қалай тану, дереккөзді қалай тексеру, әлеуметтік желіде жауапкершілікпен әрекет ету секілді дағдылар үйретілуі тиіс.
Медиа сауаттылық тек мемлекеттік саясат немесе медиа өкілдеріне ғана байланысты емес.Ол әрбір адамның жеке саналы шешімінен басталады.Ақпаратты қабылдағанда сұрақ қою: Бұл рас па? Қайдан алдым? Басқа дереккөздер не дейді? Келесі қадам- ақпаратты тексерусіз бөліспеу. Кез келген ақпаратты бөлісу алдында оның қоғамға әсерін ойлау қажет. Қоғамда медиа сауатты адам көбейген сайын фейк ақпараттың ықпалы әлсірейді.Ал бұл -еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің күшеюіне жол ашады.
Медиа сауаттылық- тек ақпаратты тексеру емес, бұл- ойлау мәдениеті.Ақпаратпен саналы қарым – қатынас орната алған қоғам ғана еркін, әділетті және қауіпсіз өмір сүре алады.Медиа сауаттылық- шындыққа сүйеніп ойлай алатын, болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы ұрпақтың негізі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Журналистика және қоғаммен байланыс мамандығы
3- курс студенті Зейнуллаева Жанна МАҚСҰТҚЫЗЫ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Медиасауаттылық- ақпараттық қауіпсіздіктің негізі
«Медиасауаттылық – ақпараттық қауіпсіздіктің негізі»
Қазіргі заман толассыз ақпараттық майданға айналды.Бұлай айтуымызға басты себеп- жалған ақпараттың үздіксіз көбеюі.Ақпараттың таралуы қалай тез болса адамдардың ақпаратқа қол жеткізуі де оңай.Бірақ осы тұста күнделікті таралатын ақпараттың қоғам санасына әсері қандай?
Әлеуметтік желідегі жаңалықтар, мессенджер арқылы тараған хабарламалар немесе бейресми дереккөздер арқылы келген мәліметтер сана-сезімімізге, пікірімізге және шешімімізге ықпал етеді. Мұндай ақпарат тасқынында адаспай, әр дерекке сын көзбен қарап, жалған мен шынның арасын ажырату-әр адамның маңызды дағдысына айналуы керек.Бұл дағды - медиа сауаттылық деп аталады.
Медиасауаттылық- бұл адамның ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны талдай білуі, мәнін түсінуі, жалған ақпаратты ажырата білуі, обьективті бағалауы және бөлісе алуы. Бәріміз білетіндей бұл журналистер мен медиа саласы мамандарының жұмысында басты талап етілетіні белгілі. Алайда бүгінгі күнде медиасауаттылық-тұтас қарапайым қоғам мүшесінің жауапкершілігіне айналды.Себебі ақпарат алатын кез келген интернеттік кеңістіктің салдары- қоғамдық дау дамайға, қауіпке, алаяқтардың құрбаны болуға әкелуі мүмкін.
Соңғы жылдары елімізде де фейк ақпараттың таралуы жиілеп кетті.Әсіресе, СОVID-19 пандемиясы кезінде көптеген негізсіз мәліметтер ел ішінде алаңдаушылық тудырды.Сондай-ақ саяси оқиғалар кезінде шындықты бұрмалап жеткізу, манипулятивті видеолар жиі таралып отыр.Осындай жағдайда медиа сауатсыз адам кез келген ақпаратқа сеніп, оны өзгелерге таратып, еріксіз дезинформацияның құрбанына әрі құралына айналады. Қазіргі күнде дезинформациямен күрес- дүниежүзілік өзекті мәселе. Дезинформация қоғамға жиі тарала берсе, бірте бірте адамның жалған ақпаратқа еті үйреніп, шын ақпаратты елемей кетуі мүмкін.Әсіресе көпшілікке қолжетімді WhatsApp, Telegram cынды әлеуметтік мессенджерлерде фейк ақпараттар көп таралады. Осы тұста медиасауатты адам жалған ақпаратты ажыратып , өз деректерін қауіпсіздікте ұстауға тырысады. Жақында еліміз бойынша журналистік «Media Net» халықаралық ұйымының «FactChec Dive» тренингіне қастыстым. Дәл осы тренинг барысында медиасауаттылық, фактчекинг бойынша білімімді жетілдірдім. Ашық дереккөздермен жұмыс істеуді, фейк ақпараттарды ажыратуды үйрене отырып, бұл білім кез келген ақпарат тұтынатын адамға қажет деген ой түйдім. Елімізде медиа сауаттылықты арттыру үшін осы бағытта жұмыс істейтін шаралар, білім беру жүйесіне енгізу, медиа жобаларға сұраныс арттыру қажет деп санаймын.Медиасауаттылықты бала кезден қалыптастыру маңызды. Мектеп бағдарламасына арнайы модуль ретінде «медиасауаттылық» тақырыбын енгізу қажет.Онда оқушыларға жалған ақпаратты қалай тану, дереккөзді қалай тексеру, әлеуметтік желіде жауапкершілікпен әрекет ету секілді дағдылар үйретілуі тиіс.
Медиа сауаттылық тек мемлекеттік саясат немесе медиа өкілдеріне ғана байланысты емес.Ол әрбір адамның жеке саналы шешімінен басталады.Ақпаратты қабылдағанда сұрақ қою: Бұл рас па? Қайдан алдым? Басқа дереккөздер не дейді? Келесі қадам- ақпаратты тексерусіз бөліспеу. Кез келген ақпаратты бөлісу алдында оның қоғамға әсерін ойлау қажет. Қоғамда медиа сауатты адам көбейген сайын фейк ақпараттың ықпалы әлсірейді.Ал бұл -еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің күшеюіне жол ашады.
Медиа сауаттылық- тек ақпаратты тексеру емес, бұл- ойлау мәдениеті.Ақпаратпен саналы қарым – қатынас орната алған қоғам ғана еркін, әділетті және қауіпсіз өмір сүре алады.Медиа сауаттылық- шындыққа сүйеніп ойлай алатын, болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы ұрпақтың негізі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Журналистика және қоғаммен байланыс мамандығы
3- курс студенті Зейнуллаева Жанна МАҚСҰТҚЫЗЫ
шағым қалдыра аласыз


