жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА СМАРТФОНДАРДЫҢ ӘСЕРІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА СМАРТФОНДАРДЫҢ ӘСЕРІ
Өзектілігі: Бала - ата - ананың айнасы. Қазіргі ата - аналардың өз балаларын тәрбиелеуге уақыт бөле алмай жатқандығы, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін, барлығы гаджеттерге телміріп, әркім өз вертуалды әлемінде өмір сүріп жатқандығы мен осы смартфондардың балалардың санасын улап, түрлі психикалық ауруларға шалдықтырып, қарым – қатынасты шектеп жатқандығы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына гаджеттердің әсері» деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына смартфондардың тигізетін кері әсерін анықтау және дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың смартфондарға тәуелділігінің себептерін анықтау;
- Смартфондардың балалардың деңсаулығына тигізетін кері әсерін анықтау және дәлелдеу.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балалардың смартфон қолдану уақыты шектеліп, ата-аналар тарапынан бақылау күшейтілсе, онда балалардың танымдық, тілдік және психологиялық дамуы жақсарады, өйткені смартфонды шамадан тыс пайдалану олардың денсаулығы мен әлеуметтік қарым-қатынасына кері әсер етеді.
Зерттеу әдістері: педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасау, бақылау, салыстырмалы талдау жасау, эксперимент.
Негізгі нәтижелер мен талқылау:
Пайдасынан зияны басымырақ болып тұрған және балалардың дамуын тежейтін смартфондарға деген тәуелділік күннен күнге артып бара жатыр. Ата-аналардың көпшілігі смартфондардың зиянын біле тұра, оны баланы жұбатар және алдандырар құрал ретінде пайдаланатыны өтірік емес. Жұмысқа кедергі болмасын деп қолына ұстатып, мультфильм, әуен, т.б қосып береді. Үйренген бала смартфонсыз ұйықтамай, тіпті жұбанбайды да. Қолынан алып қойсаңыз жылайды, яғни, тәуелділік туындай бастайды.
Телефонға тәуелділік уақыт өте пайда болады, тіпті ата-ана оның қай уақытта бұлай болғанын аңғармай қалуы да мүмкін. Смартфонға тәуелділіктің ең көп тараған түрлерінің бірі – ол ата-ананың өзінің балаға телефонды беруі. Мұндай жағдайды әсіресе екі жасқа дейінгі балалардың ата-анасы жасайды. Себебі ол жастағы балалар әлеуметтік желіні білмейді, оларға бар болғаны түрлі видеолар мен ойындар қойып бере салады. Ал видео мен ойын баланы өзіне тартып, баурап алатын бірден-бір дүние.
Мектеп жасына дейінгі балалар нағыз ойын баласы болса да, ойыншықтармен ойнауға деген қызығушылықтары төмендеген. Жаңа ойыншықпен ғана бірнеше күн бір – екі сағат ойнайды да, кейін оған да қарамай кетеді. Бұл ата - аналардың өз балаларына көрсеткен үлгісіне тікелей қатысты. Себебі олардың өздері телефондарын қолдарынан тастамайды, үй шаруасын жасап жатқанда да қосып қояды, ұйықтағанда да жанына алып жатады, ал балаларына көрме деп ұрысады. Мектеп жасына дейінгі бала үшін күнделікті кешкі уақыттың 1-2 сағатын ғана сурет салуға, жазуға, ертегі оқу мен қол еңбегіне, бірігіп түрлі ойындар ойнауға бөлсе олардың жан – жақты дамыған тұлға болып өсуіне жеткілікті болар еді деп ойлаймыз.
Ақпараттық тасымалдағыштардың қол жетімділігі аясында жасалған зерттеулердің қорытындылары бойынша, Қазақстанның 16 өңіріндегі сұрау алынған балалардың жартысынан астамында (59.2%) дербес компьютерлері бар, балалардың 73% ұялы телефондары бар екендігі анықталды. Бұлар арқылы балалар өздерінің дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін интернет жəне əртүрлі бейнеақпарат көзіне қол жеткізе алады.
Мектеп жасына дейінгі 2 – 3 жастағы балаларға смартфондардан мультфильмдерді ата - аналардың өздері қосып беретін болса, 4 - 5 жастағы балалар ғаламторды өздері еркін игеріп, түрлі Minecraft, GTA тәрізді ойындарды өздері жүктеп ала алады және оларды ойнау уақытын шектемесе, күні бойы ойнай береді екен. Яғни, бұл ғаламтордың үлкенді ғана емес, балаларды да өзіне тәуелді ету қасиеті болып табылады.
"Ғаламторға тәуелділік" терминін психолог Айвен Голдберг ғылымға енгізген болатын. Голдберг ғаламторға деген тәуелділікті психоактивті заттарды шектен тыс қолдану деп суреттеген. Голдберг ғаламтордың әкелер зияндарын былайша жіктеген:
Ғаламторды қолдану адамды стрессқа түсіреді немесе дистресс;
Ғаламторды қолдану адамның физикалық күйіне, жүйке жүйесіне, жеке өміріне, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигіздеді.
Әр түрлі зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, қазіргі кезде ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді. Қазақстанда ғаламторға тәуелділікті ресми түрде мойындамағанымен, кейбір елдерде бұл ресми түрде ауру болып саналады.
Ғаламторға тәуелділіктің белгілеріне:
Әр түрлі вебсайттарды қолдану - ғаламтордан ақпараттар іздеу;
Виртуалды әлемдегі достарымен сөйлесу - әлеуметтік желілерде көп хат алмасу;
Ойынға тәуелділік – смартондарда ойын ойнау, компьютерлік ойындарды көп ойнау;
Ғаламторда ақша құрту/табу - ғаламтор желісі арқылы құмар ойындарын ойнау, ғаламтор арқылы сауда жасау;
Ғаламтор арқылы фильмдер қарау жатады. Қазіргі таңда аталған әрекеттердің барлығы жасөспірімдерде ғана емес, мектеп жасына дейінгі балаларда да кездесіп жататындығы қыңжылтады [1].
Балалардың смартфонды жиі қолдануынан есте сақтау қабілеттері нашарлайды, танымдық қабілеті төмендейді, қимыл-қозғалысы тежеледі. Балалардың көбісі ашушаң, шаршағыш, жүйке жүйесі әлсіз бола бастайды. Санасы енді жетіліп келе жатқан балаға табиғи тығыз қарым-қатынас ауадай қажет, ал смартфондар қарым – қатынасты шектеп қана қоймай, ата - ана баламен сөйлеспегендіктен, тілінің дамуына да кері әсерін тигізеді. Сізбен емес, смартфонмен ғана сырласатын баланың өсуіне жол бермеуіміз керек.
Смартфондағы түрлі ойындар мен бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік алған баланың шығармашылық ойлау процесі тоқтай бастайды, оптикалық-сенсорлық дамуы тежеледі. Ғалымдардың зерттеуінше, смартфон жатын бөлмеде болған жағдайда ұйқының қанбауы, шаршаңқылық пайда болады. Ал баланың уақытылы ұйықтап, келесі күнге миын тынықтыруы оның өсуінде маңызды рөл атқарады. Балалар арасындағы депрессия және анфекция себептерінің көп жағдайда интернет пен смартфон секілді құрылғыларды пайдаланудан болады дейді. Смарфондағы ойындарындағы түрлі құбыжық кейіпкерлер мен қорқытып-үркітулер балалардың псиxикасына, сондай – ақ физикалық деңсаулығына зиянын тигізеді. Бала бір орында қимылсыз отырғандықтан, дене бітімінің дұрыс қалыптаспауы, арқасының қисаюы, көзінің көруінің нашарлауы, артық салмақ жинауы тағы да басқа аурулары пайда болуы мүмікн. Смартфондарды күніне 2 сағаттан артық пайдалану бала эмоциясының өзгеруіне, тұйықтықтың пайда болуына, көңіл - күйлерінің бұзылуына, өзімен-өзі жалғыз болуға деген ынтасының артуына алып келуі мүмкін. Түрлі зорлық — зомбылық ойындар, чаттар немесе интернеттегі әдепсіз видеолар агрессивтілік пен агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады.
Негізгі нәтижелер мен талқылау:
Смартфондың ата-ананың балаға көңіл бөлуге уақыты жоқ кезде құтқаратын көмекшісіне айналғаны ақиқат. Оның үстіне, ата-анасының қолынан түспейтін ұялы телефонға бала да ұмтылып тұрады. Осылайша балалар 4-5 жастан бастап смартфондың қыр-сырын ата-анасынан да жақсы меңгеріп алады. Баланың ата–анасынан көп нәрсені көбірек білуі адамзат тарихында алғашқы рет орын алуда. Смартфондардың балаларды ақпараттармен байыту тәрізді пайдасымен қатар, жоғарыда атап өтілген көптеген зиянды тұстарын ұмытпауымыз керек. Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта адамның бір айдың ішінде алған ақпараты XVII ғасырда адамның өмір бойы алатын ақпаратына тең келеді екен.
Қолданылған әдебиеттер мен дереккөздер:
Дрепа М. И. Интернет-зависимость как объект научной рефлексии в современной психологии // Знание. Понимание. Умение. - 2009. - № 2.
Дүйсенова, Ж.Қ. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығыметова; ҚР Білім және ғылым министрлігі.- Алматы: Нур-Принт, 2015.
Бапаева М.К. Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014.
Выготский С.И. Обратная сторона Интернета. Психология работы с компьютером и сетью. — М.: Феникс, 2010.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген