МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ «ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫН» ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Мақсаты: «Ертегі терапия» туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу, «Ертегі терапияның» түрлерімен таныстыру, әр бір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып, шыққан қорытындыны ұғыну, тиімділерін тәжірибеде пайда- лану.
Міндеттері: мектепке дейінгі ұйымда «ертегі тера- пиясын» пайдалану арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балаларға
«ертегі терапиясын» қолдану арқылы креативті ойлау- ын дамыту. Театр арқылы бала шығармашылығын да- мыту. Психокоррекциялық жұмыстың маңыздылығы.
Әдіс-тәсілдері:
Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейіпкердің атынан ба- яндап беруді ұсынуға болады.
Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін өзгертіп, бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін тап-
пай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай алады.
Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Бұл баланың қимыл – қозғалыстарын неғұрлым шынайы етіп, қуыршақтың мінез – құлқын да шынайы сомдай алуына көмектеседі. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы өзгерістер мен эмоция- ларды жағдайларға байланысты көзрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.
Ертегіні құрастыру. Кез–келген қиял–ғажайып ертегілерде мазмұнның даму заңдылықтары бар. Басты кейіпкер бір отбасында дүниеге келіп, қиындықтарға тап болып, ол кедергілерді жеңеді және үйіне оралады. Сонымен, ертегі барысында кейіпкердің өмірі ғана сипатталмай, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі айтылады.
Қазіргі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан- жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың білім
мазмұны мен тәрбиелеу әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу қажеттігі нақты көрсетілген. Осыған сәйкес мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің басты мақсаты – баланың өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс.
«Ертегі терапиясы» – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның ке- лешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындата- ды. Практикалық психологияның «ертегі терапия» бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты ай- ыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады. «Ертегі терапиясын» адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді. Көптеген адамдар «ертегі терапиясын» балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында «ертегі терапиясын» қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.
«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе», - деп М.Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерек- ше. Болашақта логикасы, шығармашылығы дамыған, еліміздің іргесін берік қалайтын жастар тәрбиелегіміз келсе, ертегіге ерекше көңіл бөлейік.
Жалпы психологтар бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһанданулық қоғамға қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, «ертегі терапиясы» арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата- анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді.
Ал, «ертегі терапия» ең бірінші оған болашақ ту- ралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді.
Мысалы: ертегідегі үнемі жуынатын мысықтың баланы тазалыққа үндейтін әдіске жұмылдырылғанын айтады. Мұндай ерікті энергиялар баланы жалқаулықтан арашалайтын көрінеді.
Орыстың «Шалқан» деп аталатын шағын ертегісі бар. Бәрімізге белгілі, отағасы – шалдың еккен шалқаны өте үлкен боп өседі де, күз келіп, егінді жинау науқанында шалқанды жерден суырып алу айтарлықтай қиындыққа соқтырады. Шал, кемпірі, қызы келіп тартқылағанмен, жерден суырылар болмаған шалқанды иті, мысығы, ең соңында олар тұратын үйдің жертөлесін мекен ететін тышқан келіп көмектескенде ғана жұлынады. Ертегінің айтпағы – ауызбіршілік. Олардың бір-біріне көмектесу себептері
– туыстығы мен бір үйді мекен еткен татулығы. Демек, бір отбасы, бір үйде тұратындар бір-біріне әрқашан да қамқор болуы керек деген ойды аңғарамыз. Орыс психологтары осы ертегіні естіген алты жасқа дейінгі көптеген қыз балалар шешесіне үй шаруасында көмектесуге талпынса, ұл балалар жөргектегі бауы- рын жұбатуға талпынғанын айтады.
«Ертегі терапиямен» жұмыс жасау тек мамандарға тән емес, бұл ата-ана үшін де міндетті нәрсе. Айталық,
«Мақта қыз» ертегісін арнайы қойылым етіп тамаша- лайтын қара көздеріміз аз болса, психологтар орыс отбасыларында баланың көңілін көтеру мақсатында көптеген ертегілерді арнайы қойылым ретінде үнемі қайталап тұратынын айтады. Ертегі – отбасы үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы. Әкелерге – Ерназар, шешелерге – мы- стан кемпір, ұлдары – алтын сақасын іздеген бала болып ертегі сомдаған шаңырақ қандай бақытты. Бұл отбасындағы өсіп келе жатқан бүлдіршіндер үшін
«ертегі терапиясы» ғана емес, ересектер үшін де тап- тырмас татулықтың көрінісі болып табылады.
Әдетте, ертегіні отбасында әже немесе ана ай- тады. Көп жағдайда ертегіге әке араласпайды. Ал,
«ертегі терапиясы» айтарлықтай әсер етуінде от- басы мүшелерінің түгел дерлік қойылымға қатысуы бүлдіршін үшін аса үлкен қуаныш. Ол ертегінің өзі үшін қойылғанын аңғарады. Және түрлі персонаждардың ойнап жүрген туыстарының өзін жақсы көретінін аңғарады. Осылайша өткен әрбір сәт баланың кеудесіне жақсылық дәнін себеді. Орыс пси- хологтары бұл мәселені ертерек ұғынды. Балабақшада осы әдісті біраз жылдан бері қолданып келемін. Айталық, мақтаншақтығының кесірінен аузындағы ірімшігінен айрылып қалатын қарға мен қу түлкі ту- ралы ертегіні қойылымға айналдырып түсіндіргенде, балаларды қарғаның рөлінде сомдату арқылы оны тапқырлыққа баулимыз.
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет- ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез- құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.
Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім- тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп:
«Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен
бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі», - деп анықтама береді. Ресейлік жазушы А.Н.Толстой «Ертегі – біз ұсақтап жинақтайтын, халықтың ұлы рухани мәдениеті, және де ертегі арқылы біздің алдымыз- дан халықтың мыңжылдық тарихы ашылады»,- де- ген екен. Көбінесе ертегілердің тәрбиелік құралы екеніне ата-аналар, яғни үлкендер сенбей жата- ды. Бұған К.Д.Ушинский көңіл бөліп былай деп жазды: «Халық ертегісінде балалардың ұлы және орындалған жыры бар – халық балаларға өз ар- мандарын айтады, асып кетсе, халықтың өзі осы арманға жартылай сенеді». А.С.Макаренко балаларға ертегілерді қолдану әдістемелері туралы былай деді:
«Кішкентай балаларға ертегілерді айтуда көптеген ертегілерді қысқартуға, тілін өзгертуге, ертегіні толық түсінушілікке әкелуге болады және солай ету керек». Әрі қарай А.С.Макаренко ата-аналарға ертегілерді таңдағанда оның идеялық көркем әдеби мағынасына көңіл бөлу керектігін айтады: «Балаларға арналған ең жақсы ертегілер, әрқашан жануарлар туралы ертегілер болып табылады. Орыс халық ертегілерінің байлығында мұндай ертегілер өте көп және олар өте жақсы ертегілер. Сол сияқты басқа халықтар да ертегілерге бай». А.С.Макаренконың бұл сөздерінің қазақ халық ертегілеріне де толық қатысы бар. Атақты педагог В.А.Сухомлинский балаларға ертегілердің үлкен эмоционалды әсері бар екенін айтып, келесідегідей жазды: «Бала фантастикалық бейнесі бар сөздерді естігенде немесе айтқанда, бала жүрегі аблығады». В.А.Сухомлинский жазған кезде оның ой- ына ерекше көңіл бөлу керек: «Мен мектептегі оқуды тыңдағаннан бөлек, ертегіні ойлап шығарусыз елесте-
те алмаймын».
«Ертегі терапиясын» жүргізу – адамзат дамуындағы тәрбиелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибиесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып та- былады. Ертегі терапиясы тәрбие арқылы баланың көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ер Төстік ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жерастында да көптеген патшалықтардың қонағы болды. Бұл бала психологи- ясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады.
Е.В.Чехтың пікірі бойынша «ертегі терапиясының» бірнеше түрін белгілеуге болады: ертегіні айту, ертегіні сурет арқылы салу, ертегі терапиялық диа- гностика, ертегі құрау, қуыршақ жасау, ертегіні қою және тағы басқа.
«Ертегі терапиясы» тек ата-ана үшін емес, ұстаз үшін де топпен жұмыс жүргізу барысында өте тапқыр әдіс болмақ. Адам баласында нашар деп бағаланатын көптеген мінездер бар. Соның бірі – жалқаулық. Жалқаулықты қаралайтын ертегілер мол болғанымен,
дені баянға құрылады. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың жөні бір басқа. Жалқаудың рөлін ой- наушы бала өзі қайталап отырған болмыстың шын мәнінде кім екенін түбегейлі ұғынады да, ондай одағай әрекеттерді қайталамауға тырысады.
Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева «ертегі терапиясын» төмендегідей түсіндіреді:
- емдеу (психотерапиялық болып табылатын баланың ішкі білімін ашу);
- мағына іздеу үдерісі (әлем туралы білімнің мағынасын ашу);
- шынайы өмірдегі және ертегідегі оқиғалар мен тәртіптердің арасындағы байланыстың білімі;
- мәселелік оқиғаларды объективтілеу;
- баланы тәрбиелеу және оған білім беру.
«Ертегі терапияның» бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.
«Ертегі терапиясының» жетекші идеялары болып:
• өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;
• оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;
• қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
• қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;
• үндестік пен күшті сезіну.
«Ертегі арқылы бала шығармашылығын дамыту» Мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешу- де театр ерекше рөл атқарады. Театрландырылған ойындар сюжетті-рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипаты- мен ерекшеленеді. Театрландырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие,
сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды.
Бірінші кіші тобынан бастап балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді, кіші сахна көріністерін ойнайды, екінші кіші тобында театр ойыншықтарын пайдалана оты- рып, мұны одан әрі жалғастырады, ересек тобында театр іс-әрекеті өз бетінше болады.
Театрландырылған әрекет бұл – эмоция – ынта- ландыру - сөйлеу әрекеті.
Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Ең көп тараған түрі - ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакль- дер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Орамал театрын әр түрлі материалдардан жасауға
болады. Қуыршақтар қолмен басқарылады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болу керек. Оның негізі - үшбұрышты орамал. Бір бұрышы қуыршақтың басына, екі бұрыштары рәзинке арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Бұл қуыршақтар әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады.
Саусақ театры. Саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын са- ханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады.
Үстел-үсті театры. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан, қасықтан жасалған театр; «диск театры», тоқылған театр, қолғап театры, қыстырғыштар театры.
Суреттер (картиналар) театры. Декорация мен кейіпкердің суреттері. Олардың әрекеттері шектел- ген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы көрсетіледі. Сиқырлы Қорап. Кітапша театры. Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді
көрсетеді.
Көлеңке театры. Жарық өте жақсы түскен экран- да адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Кейіпкерлерді көрсету үшін экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді жіп арқылы қозғалтады. Көрсеткенде қол көрінбеу керек.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойындар. Бұл ойындар 3-ке бөлінеді:
• дамытушылық;
• әсемділік;
• театрлық.
Ырғақтыиілгішті (ритмопластика) – бұған кешенді ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын, дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
• тыныс алу және артикуляциялық;
• дикциялық және интонациялық;
• сөздермен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Ойынның жіктелу түрлері: драматизация және режиссерлық ойындар.
Драматизациялық ойында бала – әртіс, интонация, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасай- ды, өзіндік әрекет етіп, рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған сахналық қойылымда бала ойын– драма- тизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипатта орындауға болады.
Драматизация түрлері: жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; мәтін бойынша негізделген диалог, монолог, рөлдік ойын- дар; шығармашылық көрсетілім; бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойылым қою.
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орнында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мими- ка ерекше орын алады.
Мектепке дейінгі жастағы балалармен спектакль құру – қызықты әрі пайдалы әрекет. Барлығы бірігіп жасаған шығармашылық әрекет белсенді емес бала- ларды да қызықтырып, әрекеттенуге, жанындағы ба- лалармен қарым-қатынасқа түсуіне себепші болады. Мысалы: театр түрін таңдауда, рөлдерді бөліп беруде. Қандайда да саханалық қойылымның алдында ба-
лалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі:
1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез- құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3. Сұрақ–жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс- әрекетін байқап, бағалап отырады.
4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау үшін талмай жаттығулар жасау керек.
Осы бағыттағы жұмыста балалардың эмоциялық жағдайын зерттеп, келесі нәтижелерге келдім (диа- грамма)
Қорыта келе, 2017 жылдың 16 мамырында Се- мей қаласының №7 «Ақ бота» КМҚК базасында
«Театрландырылған әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін да- мыту» облыстық семинар ұйымдастырып өткіздім. Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі мекемелер- де театрландырылған әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Семинарға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі мекемелерінің педагог- тары қатысты.
Және де балабақша тәрбиешілерінің ұсынысы бойынша «Ертегі терапиясы» атты әдістемелік құрал құрастырдым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Короткова Л.Д. Сказкотерапия в школе. Мето- дические рекомендации – М.: ЦГЛ, 2006.
2. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998
3. Ертегі терапиясы, Төлеген. А., Қазақстан мектебі, № 8, 2012 жыл.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз