МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ МӘСЕЛЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ МӘСЕЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ МӘСЕЛЕСІ туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫ МОНИТОРИНГТЕУ МӘСЕЛЕСІ


Кусаинова Бибинур Абилгапаркызы,

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

45 бөбекжай-балабақшасының

ІІ санаттағы тәрбиешісі


Мектеп жасына дейінгі кезең баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп жасына табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, дамуының әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиеттерінің психикалық дұрыс дамып жетілуі үшін әлеуметтік педагогтік ұжымдардың кәсіптік белгілері, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген балабақша мен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамытуды олардың мектепалды даярлыққа деген ортақ көзқарасын біріктіретін тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырады. Оның мәні балалардың интеллектуалдық күйзеліс пен қуану қабілетін, әрбір баланың бірегейлігін, оның тұлғасының қайталанбастығын тануда болып табылады. Ересектер бала тұлғасын құрметтей отыра, бірқатар айқын ақиқатты құрайды: бала игерудің объектісі емес, даму үдерісінде тануы керек адам болып табылады; балаларда өсу және жетілу үрдісіне тән, ішкі интуициялық ақылдылығы бар; кез келген адамда тумысынан белгісіз дүниеге қызығушылығы болады, әрбір бала – зерттеуші.

Сөйтіп, баланың интеллектін жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларын осы дамуға тарта отырып, баланың барлық іс-әрекетін мақсатты, әрі жүйелі дамыту қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы барынша жиі қолданылатын әдістер, тәсілдер мен нысандар келесідей:

  • практикалық (ойын);

  • эксперименттік;

  • модельдеу;

  • қайта жаңғырту;

  • түрлендіру;

  • құрастыру.

Балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың нысаны:

  • жеке-шығармашылық іс-әрекет;

  • кіші қосымша топтағы шығармашылық іс-әрекет (3-6 адам);

  • оқу-ойын іс-әрекеті (танымдық ойындар, сабақтар).

Қазіргі даму жағдайында білім саласында білім беру қызметін ұйымдастырудың ең өзекті жағы – білім сапасын жоғарғы деңгейге көтеру. Оқытудың тиімді әдістерін анықтау, оқу әдістемелік қызметті жетілдіру арқылы оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, түйінді мәселелерді сараптау – оқытушыларға қойылып отырған міндеттердің бірі – мониторинг.

Оқыту нәтижелілігін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту процесінің нәтижесін бағалау, контингенттегі білімгерлердің ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және оқытушылардың тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг дегеніміз – «оқытушы – білімгер» жүйесінде білімгерлердің дамуы, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижелерін жүйелі, үздіксіз бақылау.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы – білімгердің білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, таратудың ұйымдастыру түрі.

Мониторинг не үшін қажет? Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Сондықтан да, мектепке дейінгі баланың даму мониторингіне қарап білім деңгейін бақылап отыруға, одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.

Мониторингінің ерекшеліктері:

1. Баланың белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.

2. Бала өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.

3. Өз зейінін тәрбиелейді.

4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.

5. Оқу, сөйлеу, жазу т.б. дағдыларын дамытады.

5. Ойланып оқуға дағдыланады.

Мониторинг жүргізудің нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы көп мәселелерді талдап, сараптап, баламен жұмыс, педкадрлармен жұмыс сапасын арттыруға болады. Жүйелі талдаудың арқасында сабаққа қатысу деңгейі жақсарады, маңызды себептерсіз сабаққа келмеушілік қысқарады.

Болашақта мониторингтік зерттеу жүргізуіне байланысты тәжірибені ескере отырып, жұмыста тек сандық деректер ғана қолданылады. Сонымен қатар дұрыс бағытта жүргізілген педагогикалық талдау мен жоспарлы жүйе балалар мен мұғалімдердің жетістіктерге жетуіне ынталандырып, балабақшаның рейтингілік бағасының жоғарылауына себепкер болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі