Мектеп жасындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
БЦП бар балалардың өмірінің алғашқы жылында-ақ, қоршаған орта әлемін белсенді қабылдау үдерісінде бұзылу болады, бұл көбіне тамаша интеллетуалы мүмкіндіктер бола тұра, психикалық дамудың тежелуіне себеп болады, ceбeбi қабылдау, сезімдік таным ретінде, барлық психикалық танымдық жүйенің іргетасын қалайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтары

БЦП бар балалардың ic-әрекет түрлерінің дамуы, бірқатар ерекшеліктерімен жүзеге асады. Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез-келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, білік-дағдылардыңң, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптасуына бағытталады.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп оқушыларын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу мәселесінің маңызы айрықша. Бірақ мектепке дeйiнгi жастан бастап-ақ, церебральды сал аурулы балалардың еңбек дағдылары мен дағдыларын қалыптастыра бастауға болады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбек әрекетінің ұйымдастырылуы, спецификалық сипатқа ие. Себебі, ол түпкі нәтижеге қол жеткізуге емес, үдерістің өзін орындауға бағытталады. Мектепке дейінгі жаста бұл әрекет, баланың жан-жақты дамуының құралы ретінде, өте маңызды: баланың қоршаған орта туралы, заттардың қасиеттер» мен сапалары туралы, олардың өзара қарым-қатынастары мен себеп-салдары байланыстары туралы мәлеметтері мен мағлұматтары молаяды. Яғни, осы әрекет шеңберінде. барлық танымдық психикалық үдерістер дамиды. Еңбек әрекеті, жеке тұлгалық дамудың қайнар көзі ретінде қарастырылады: ол epік сапаларын, тұлганың ынта-түрткі мен қажеттіліктер сапасын, мінез-құлыктағы еңбексүйгіштік, ұқыптылық тәрізді сапаларды калыптастырады. Еңбек, адамгершілік жағынан дамудың кушті қайнар көзі.

БЦП шалдыққан балалардың көру арқылы қабылдауының бұзылуы, заттар кескіндерінің әртүрлі нұсқаларын қиындатады (сызылған, қабаттасқан, бұрылған, т.б.). Кейбір балалардың санасында, алдында көрген суреттердің iзі сақталып қалады, бұл келесі суретті тануға бөгет жасайды. Суреттерді тануы бұлыңғыр, анық емес: бip суреттің өзін бірнеше рет, әрқалай «танулары» мүмкін. Балалардың көпшілігі, қажетті суретті дұрыс таңдап ала алмайды, суреттеп немесе түпнұсқадағы бөлітерді ажырата алмайды. Бұл сюжетті суреттердің мағынасын түсінуге кедергі болады. Сандар мен әріптерді жазуда айтарлықтай қиындықтар ұшырасады: олар төңкеріліп, баска бағытка қарап немесе айнадағы кескіндер тәрізді жазылады, бала дәптер бетіндегі торкөздер мен жолдарды бағдарлай алмайды. Әріптермен графикалық кескіндерін дұрыс жеткізе алмау, оптикалық-кеңістікті мағлұматтардың бұзылуымен ғана емес, неврологиялық көрністермен байланысты (атаксия, парез, гиперкинездер т.б.). Санау

дағдысының бұзылуы, сандарды қабылдаудағы қателіктермен байланысты болуы мумкін, демек, бала санның графикалық кескінін танымайды, заттарды санай алмайды т.б. байланысты болуы мүмкін, демек, бала санның графикалық кескінін танымайды, заттарды санай алмайды т.б.

Осылайша, БЦП бар балалардың өмірінің алғашқы жылында-ақ, қоршаған орта әлемін белсенді қабылдау үдерісінде бұзылу болады, бұл көбіне тамаша интеллетуалы мүмкіндіктер бола тұра, психикалық дамудың тежелуіне себеп болады, ceбeбi қабылдау, сезімдік таным ретінде, барлық психикалық танымдық жүйенің іргетасын қалайды.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Намазбаева Ж. И. Дефектологтің кеңесі - Алматы. - 1980.

  2. Тебенова К. С. Дамуында ауытқулары бар балалар. - Қарағанды, 2003.

  3. Ипполитова М. В., Бабенкова PJ1-, Мастюкова Е.М. Воспитание детей с церебральными параличами в семье. - М., 1993.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
1778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі