Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп жұмысының нәтижесіне талдау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Есенгалиева Менсулу Телагисовна
Жәнібек ауданы, «ЖББ Т.Жароков атындағы ОМ» КММ
Тәжірибелік жұмысты орындаңыз. Өткен оқу жылындағы мектеп жұмысының нәтижесіне талдау жасаңыз (логикалық жүйелілікпен жылдық жұмыс жоспары бойынша күшті және әлсіз жақтарын анықтаңыз, сол бойынша мектептің мәселесін, жаңа оқу жылының тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бір елде жаңалық ашылса, басқа жерде оны дер кезінде тез үйреніп үлгеруде. Барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білім саласында. Қазіргі мектептің міндеті:
-
Ел болашағын ойлайтын тұлғаны қалыптастыру;
-
Халықтың тәрбие тағылымын игерген, білімді ұрпақ тәрбиелеу;
-
Өресі жоғары, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу.
Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмірі мен қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске ұшырап отырған кезінде өмір сүрудеміз. Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды , қол жеткен табыстарды саралауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында : «Қазіргі мектептердің біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндетін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», - деп атап көрсетілуі мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа бағыт сілтейді. Ал мектептегі басты тұлға қашан да мұғалім. Қазіргі білім берудің басты тұлғасы да -мұғалім.
2018-2019 оқу жылында мектебімізде оқушы саны - 823 болды. Мектепалды дайындық сыныбында – 89 бала тәрбиеленді. Оның ішінде жекелей алып қарасақ, І-ІҮ сыныпта - 355 оқушы , Ү-ІХ сыныпта - 392 оқушы, Х-ХІ сыныпта 76 оқушы.
Жыл қорытындысы бойынша оқу озаттары саны - 169, өткен оқу жылымен салыстырғанда 41 оқушыға жоғары. Сыныптар бойынша І-ІҮ сыныпта -125, Ү-ІХ сыныпта - 35, Х-ХІ сыныпта - 9 оқушы. Оқу екпінділер саны-249, өткен оқу жылымен салыстырғанда 1 оқушыға кем. І-ІҮ сыныпта-110, Ү-ІХ сыныпта-106, Х-ХІ сыныпта-33.
Білім сапасы мектеп бойынша - 51% , өткен оқу жылымен салыстырғанда 3%-ға жоғары. Мектеп түлегі 42 оқушы. 2018-2019 оқу жылында ҰБТ-ға қатысқан оқушылар саны - 42. 22 маусым 2019 жылы өткізілген ҰБТ қорытындысында мектебіміздің оқушылары 95,6 орташа ұпай жинады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 10,8 ұпайға жоғары. Мектеп түлектерінің 34-і ЖОО-ның грант иегерлері, 2 оқушы арнаулы орта оқу орындарының грант иегерлері атанды.
Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектептебімізде осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда 60 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, 1 оқу ісінің меңгерушісі критериалды бағалау жүйесі бойынша үйлестіруші курсын аяқтап, 35 мұғалім Кембридж технологиясы бойынша оқытудың деңгейлік курстарын және 2 мұғалім жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бейінделіп, В1, В2 деңгейінде ағылшын тілін меңгеріп, информатика, биология пәндерінде терминдерді ағылшын тілінде қолдану арқылы сабақтар өтуде. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын сыныптарда критериалды бағалау жүйесі енгізіліп, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, 2018 жылдың16 қарашасында « Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілі пәнін тиімді стратегиялар мен әдістер арқылы оқыту» тақырыбында аудандық семинар оздырылып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында диалогтік оқытуға мән беріп, семинарда бес пән мұғалімі жеті модульді кіріктіре отырып өз тәжірибелерімен бөлісті. 21 қараша күні аудан көлемінде орыс тілі пән мұғалімдері «Обновление содержания образования и использование новых технологий» тақырыбындағы семинарда тренинг, ашық сабақтар, коучингтер ұйымдастырып жемісті жұмыс жасады. Сонымен қатар 27 қараша күні дене шынықтыру пән мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында дене шынықтыру пәнінде әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі» аудандық семинарда ашық сабақтар мен баяндамалар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің ризашылығын алды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында « Жайық пресс медиахолдингі ұйымдастырған «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалінің қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Серік Ж республикалық «Шалқар радиосының» арнайы жүлдесімен марапатталды, жетекшісі Б.Сүйінішқалиева. 2018 жылдың 24 желтоқсанында «Жаңа жыл шамдары» атты Республикалық дарынды оқушылар байқауына 10 сынып оқушысы Шукурова Д, 5 сынып оқушысы Тельман А қатысып, дипломдармен марапатталды, жетекшілері Г.Шукурова, Ж.Самодиянова . Сәуір айында өткізілген аудандық бастауыш сынып оқушыларының экологиялық сауаттылығы мен ой-пікірлерін қалыптастыру, белсенді және талантты балаларды анықтау мақсатында аудандық «Green time» атты сырттай байқауда 2 «А» сынып оқушысы Нұрлан Айнара, 3 «Ә»сынып оқушысы Қуаныш Даяна, 3 «А» сынып оқушысы Есетова Нэлли қатысып бас жүлдеге иеленді.Жетекшісі: Абдрешева Нұргүл Сайфоллақызы.Бұл топ облыстық кезеңге жолданып, нәтижесінде «Экологиялық кейс» номинациясы бойынша І орын, «Мерекелік look» экостильдегі дефиле номинациясы бойынша ІІІ орын иеленіп дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектебіміздің пән мұғалімдері де әртүрлі сайыстарға қатысып марапаттарға ие болып жүр.Математика пәні мұғалімдері арасындағы облыстық регатада Жәнібек ауданының «Алгоритм» командасы «Тапқырлар» номинациясын иемденді. Команда құрамындағы мектебіміздің ұстаздары М.Есенгалиева, А.Жүнісова өз үлестерін қосты. Қазан айында физика пәнінің мұғалімі А.Марданов облыстық байқауға қатысып, «Үздік экспериментатор» номинациясын иемденді. Қараша айында оздырылған КИО қашықтық олимпиадасының республикалық кезеңінен химия пәнінің мұғалімдері Н.Нуралиева, Б.Закина ІІ, ІІІорындармен марапатталды. Сәуір айында аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасына Есетова Б.Ж қатысып ІІІ орынды иеленді.Облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасына Төлеуова Ә.З қатысып, қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Ақпан айында облыстық «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» атты сайысқа бастауыш сынып мұғалімдері Абдрешева Н.С, Куаншалиева С.Ж, Джумагалиева Г.Т қатысып 1 орынға ие болды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған «Ғажайып өлке» шығармалар байқауында оқушысы жеңімпаз атанғаны үшін Бибінұр Сүйінішқалиева марапатталды. Облыстық «Ғұмар Қараш оқулары» шығармашылық байқауында жүлделі орын алған оқушының жұмысына жетекшілік жасағаны үшін Сексенбаева Жанаргүл Төлегенқызы марапатталса, ҚР тіл күніне орай Жәнібек ауданы әкімінің орынбасарының алғыс хатымен Джунусова Асылай және Докпанова Гүлфариза марапатталды. Шамелов Э.З. БҚО білім басқармасы мен БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы БҚО білім басқармасы мен БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған үстел теннисінен «Үздік ойыншы» мадақтамасына ие болса, Хисин Н.Н. Зеленов ауданы әкімі ұйымдастырған волейбол ойынынан «Үздік шабуылшы» мадақтамасымен марапатталды.
Есенгалиева Менсулу Телағысқызы аудандық «Үздік ДОІЖО-2018» номинациясы;
Шапагатова Гулсара Шапағатқызы аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаты;
Аудандық кәсіподақ алғыс хатымен Халенова Даражат Мұханбетқызы және Оспанов Қанат Серікұлы;
Облыстық кәсіподақ алғыс хаты Шапагатова Олеся Шапағатқызы;
Облыстық «100 жаңа есім» сертификаты Закина Балжан Тарғынқызы марапатталса, Куаншалиева Салтанат Жәрдемқызы облыс әкімінің кездесуінде болды.
Сараптаманы негізге ала отыра 2018-2019 оқу жылының жұмысында төмендегідей әлсіз жақтарды белгілеуге болады:
1) оқушылардың пән олимпиада, ғылыми жоба байқауларында жетістігінің төмендігі;
2) педагогтардың өз тәжірибесін тарату деңгейінің төмендігі;
3) жоғары оқу орындармен байланыстың төмен деңгейі;
2018-2019 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмысын талдауында көрсетілген проблемаларды ескере отырып, 2019-2020 оқу жылына төмендегідей міндеттер қойылды.
Міндеттер:
-
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру жұмыстарын ары қарай жалғастыру:
-педагог кадрларды білімін жетілдіру курстарына жіберу;
-ашық сабақтар, семинарлар, семинар-тренингтер ұйымдастырып өткізу;
-әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу жұмысты күшейту;
2.Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтап қорыту, тарату:
-мұғалімдерден инновациялық шығармашылық тұрғыда ойлауды, алға қойған міндеттерді өз бетінше шеше алуды талап ету;
-ақпараттық әдістемелік құралдарды толықтыру;
-қала, облыс көлемінде тәжірибе алмасу семинарларын өткізу;
-педагогтардың инновациялық жұмысын жүйелі, жоспарлы түрде, жетістікке бағыттап жүргізу
-білім беруді ғылымиландыру жұмыстарын жолға қою.
3.Жас мамандарға көмекті жүйелі түрде ұйымдастыру.
4.Бала тұлғасына зерттеу жүргізу, олардың қабілетін анықтап, нәтижеге бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізуді жалғастыру:
-TIMSS, PISA, ОЖСБ-ға, ҰБТ-ға, қорытынды аттестаттауға жоғары нәтижеге бағытталған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.
-
9, 10, 11 сынып оқушыларына деңгейлік оқыту әдісін тиімді қолдануды жалғастырып, ҰБТ-ға, қорытынды аттестаттауға мәтіндік дайындықты ары қарай жалғастыру.
-
9, 10, 11 сыныптың пән мұғалімдері педагогикалық кеңестерде, ғылыми-әдістемелік кеңестерде әр оқушының білім деңгейіне сараптама беруін жоспарлау.
-
Әр тоқсанның соңында 9,10,11 сынып оқушыларынан білім деңгейінің мониторингі әр пән бірлестікте кеңінен талқылансын;
-
9,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмысты күшейту.
5.Дарынды балалармен нәтижеге бағытталған мақсатты жұмысты күшейту:
-қала, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі І, ІІ орындарға ие болу;
-қала, облыстық ғылыми жоба байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болу;
6.Үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмысты ары қарай жалғастыру.
7.Біртұтас жүйелі мониторингтер мен рейтинг арқылы салыстырмалы нәтижелерді талдап, нәтижеге байланысты іс-шаралар ұйымдастырып, мақсатты жұмыстарды күшейту.
Мектептің ғылыми-әдістемелік жүйесінің тақырыбы:
«Білім беру мазмұнын жаңартуда заманауи инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланып, мұғалімдердің шығармашылық дағдысын көтеру, бәсекелестігін арттыру»
Мақсаты:
Мұғалімдердің білімдері мен дағдыларын жетілдіру, қызметтерін белсендіру
2019-2020 оқу жылында алға қойылған негізгі міндеттер:
-
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша деңгейлік курстан өткен педагогтарға тәжірибені тарату жобасын іске асыру.
-
Курстардан кейінгі педагогикалық жұмыскерлерді қолдау: методикалық кітапхана, электроникалық методикалық жинағы, желілік қауымдастық, коучинг, сондай-ақ семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар ұйымдастыру.
-
Оқытудың озық технологияларын дамыту және тарату (дамыта, деңгейлеп-саралап оқыту, модульдік технология, ақпараттық технология, СТО, т.с.с.).
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
-
Бәсекеге қабілетті тұлға жетіліп, тәрбиеленеді.
-
Мұғалімдердің үздіксіз білім жетілдіру нәтижесінде заман талабына сай жаңа әдіс – тәсілдерді меңгерген шығармашыл ұстаз қалыптасады.