Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша педагогтарға және студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ

БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Алимбаева Жанат Жадикбаевна

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы .

Тараз қаласы. Қазақстан Республикасы.



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету; балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру; инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және жеке гигиеналық жабдықтар , т.б. жарақтандыру) көрсетілген.

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Инклюзивті білім беру – этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне, жасына, жынысына, қарамастан, барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында «Бір мақсат», «Бір болашақ» деп нақты көрсеткен болатын.

Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларда оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін , ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу қызметіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен тәрбие берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Мүмкіндігі шектеулі балаларда дене кемістігіне немесе ақыл-ойының баяу дамуына қармастан, оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашылары сөзсіз деп білемін.

Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

Инклюзивті білім берудің міндеттері:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті ортаны бейімдеу;

  • әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, оқыту қызметіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез-құлық қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құралдармен қамтамасыз ету;

  • баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;

  • көңіл-күйі, тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

  • адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады;

  • әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

  • әбір адам қарым-қатынасқа құқылы;

  • барлық адам бір-біріне қажет;

  • білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;

  • барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

  • әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;

  • жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:

  1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар мектепке дейінгі ұйымға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.

  2. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.

  3. Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.

  4. Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында арте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.

Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар:

Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын болуы.

Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.

Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.

Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту процесіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.

Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.

Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті оқыту бағытында жұмыс істеу мақсатында педагог қызметкерлерін даярлау.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында және колледждерде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.

Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелерінің өзара сабақтастықта жұмыс жасауы.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту қызметі жүйесі жұмыстарының нормативтік-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.

Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.

Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары:

мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;

қатарластарымен қарым-қатынас;

толыққанды білім беру;

қоғамға кіріктіру және бейімделу;

мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу;

даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету-педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;

балаға міндетті психологтық-педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру процесімен кіріктіру;

әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау;

даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету;

даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау;

ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал жабдықтармен толықтыру;

инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата-аналарды қатыстыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру процесіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтың жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатысады (сурет салу, жапсыту т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырған оқу іс-әрекеттеріне қатысып үлгілік оқу бағдарламасы бойынша білім алады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мектепке дейінгі ұйымның өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.

Қорыта айтқанда , инклюзивті оқыту мектеп жасына дейінгі балаларды оқуда, түрлі салаларда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқытудың жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие-сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақсан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Астана.2010 ж.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, 14.12.2012 ж.

  3. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақсан Республикасының Заңы. 11 шілде, 2002 ж.

  4. Малофееев Н.Н. Специальное образование в меняющемся мире. Европа: учебное пособие для студентов пед.вузов /Н.Н.Малофеев.-М.:Просвещение,2009.

  5. Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал. Әлеуметтік педагог. №4,2010 ж.

  6. А.А.Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы,2008 ж.

  7. Оразаева Г.С., и.о.директора ННПЦ КП,к.п.н., доцент, Фурсова Л.М., старший научный сотрудник лаборатория специального школьного образования, к.м.н. Анализ результатов мониторинга психолого-педагогического сопровождения детей с ограниченными возможностями в развитии в общеобразовательных организациях республики. 2012 г.

  8. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру. Әдістемелік ұстаным. «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы. Астана 2014 ж.

  9. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Астана. 2015 ж.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2020
5054
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі