"Мектепке жол - қайырымдылық акциясы аясында" тақырыбында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектепке жол - қайырымдылық акциясы аясында" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие, әлеуметтік педагогтарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы туралы анықтама

Мектебімізде 2020-2021 оқу жылында жетім 4, жартылай жетім-33, көпбалалы-304, аз қамтылған-150 оқушы анықталды.

Қазақстан Республикасында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 12 жыл бойы өткізіліп келеді. Акция барысында әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтағы балаларды мектепке дайындау бойынша көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Жалпы акция мақсаты көмекке шынайы мұқтаж оқушыларды анықтап, көмек көрсету. Осы мақсатта Б. Қосынов орта мектебі 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында мектебіміздің мұғалімдері арасында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, жиналған 80 мың теңге қаражатқа әлеуметтік жағдайы төмен 13 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Әйтей ауыл тұрғындары арасында жиналған 40 мың қаражатқа 5 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.

«1 маусым балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған қайырымдылық акция барысында жиналған 45 мың теңге қаражатына мектеп 54 балаға түрлі тәттілер, балмұздақ, ойыншықтар, мектеп құрал жабдықтары берілді.

Қыркүйек айында «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры ұйымдастыруымен 4 оқушыға құны 250мың теңге ноутбук берілді. Демеушілер тарапынан құны 50мың теңгеге 2 оқушыға планшет берілді. Демеушіміз Зекенов Ғалымжан мырза тарапынан 15000 теңгеге 3 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары және 2 оқушыға 2500теңгеден ұялы телефонға бірлік салып берілді.

«Жүрек жылуы» атты қыркүйек айында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына мектеп әкімшілігі мен ұжымы 80 мың теңге қаражат жинап, 1 оқушыға телефон, 10 оқушыға оқу құралдары, 10 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекенім» қоғамдық бірлестігі «atamekenim.kz» порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісім жасасты. Осы орайда мектеп тарапынан 24 оқушы өтініш беріп, тіркелді. «Бірлік бар жерде - береке бар» дей отырып, мектебіміз алдағы осындай қайырымдылық іс шараларға жыл бойы атсалысады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі