«№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп» география пәні мұғалімі Карипжанов Нурбек Амангелдыевич
Мектепте жобалау технолоиясын пайдалану
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» [1].
Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде жаңа жобалау технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне жобалау технолоиясын жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін,фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Мектеп бағдарламасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енуін оқушының рухани, интеллектуалды дамуының маңызды түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық үрдістің нәтижелі түрі болып табылады. География сабағында жобалау технолоияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әріпедагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У.Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін пайданалуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы. Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
-
тәжірибелік құндылықтары болуы;
-
оқушылардың өздері зерттеулерді жүргізуінің болжауы болуы ;
-
онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да болжаусыз болуы;
-
оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
-
өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
-
оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
-
күрделі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
-
оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс [2].
Дамыған елде сыныптан тыс сабақ жүргізудегі ең басты мақсаты: Сабақ барысында мәдени қатынасқа түскісі келетін оқушының жеке тұлғасы. Мектеп алдында тұрған басты мақсаттың бірі : жаңа педагогикалық технологиялардың өнімді қолдануы мен еңгізілуі.Оларға әрине бірінші жобалау әдісі жатады. Осы тұрғыда, Е.С Полаттың жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді.
-
Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді.
-
Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді.
-
Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
-
Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде [3].
Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді.
Жобалау әдісін әсіресе мектептің орта орта және жоғары буынында және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Өйткені осы уақытта (8-11 класстарда) алдыңғы қатарлы жаңа мәлімет алу география пәніне ерекше қызығатын және табиғатта болып жатқан ғажайыптар мен құпиялар туралы білгісі келетін табиғатты, жерді шексіз сүйетін балалармен неғұрлым тереңірек жұмыс істеу үшін қажет. Табиғаттағы ғажайыптарды білуіне, қосымша мәліметтер мен жұмыс жасауына, оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті нығайтуға, табиғаттың бізге сыйлаған байлықтарын қастерлеуге баулу білімдернін кеңейту.
Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке — тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
-
Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
-
Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;
Зерттеудің өзектілігі, теориялық маңыздылығы осы мәселелерді шешудегі практикалық өңдеулердің жетіспеушілігі берілген тақырыпты таңдауға негіз болды. “Орта және жоғары буынында жобалау әдісін сыныптан тыс сабақтарында қолдану”
Зерттеу обьектісі: мектепте орта және жоғары буынында география пәнінен сыныптан тыс сабақтар үрдісі мен сыныптан тыс іс – шараларында қатысуы.
Зеріттеу пәні: “ орта және жоғары жобалау әдісін сыныптан тыс география пәні сабақтарында қолдану”
Зеріттеудің ғылыми болжамы: Егерде мектептің орта және жоғары буынында география пәнінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдансақ, біз мынадай жетістіктерге жетеміз:
-
оқушының өз бетімен жұмысы;
-
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-
экономикалық тиімділігі;
-
іс-әрекет, қимылды қажет ететін географиялық тапсырмаларды оқып үйрену;оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор,
Оқытушы сабағында жобалау технологияларды әдістерін пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Жобалау технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Зерттеудің міндеті: Сыныптан тыс география пәні сабақтардағы жобалау әдісін теориямен негіздеу, өңдеу, және оның нәтижелі, өнімді технология екенін дәлелдеу. Алға койылған мақсат мынадай шешімдерді талап етті:
— жобалау әдісін сыныптан тыс география пәні сабақтарында қолданудың теориялық негіздерін аңықтау.
— жобалау әдісін сыныптан тыс география пәні сабақтарында жобалау әдісін қолдану бойынша интерактивті сабақтардың маңыздылығын анықтау.
— жобалау әдісін сыныптан тыс география пәні сабақтарында жобалау әдісін қолданудағы жаттығулар кешені ұйымдастыруымыз керек.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр. Олай болса, мұғалім мен оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі мұғалімнің өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы оқушыларға зор ықпал ете алуымен байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2016.
2. Дьюи Дж. «Школа и общество» (1925) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 –
3. Полат Е. С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. - М., 2002.
4. https://www.Ustаz.kz
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз