"Мен – заманауи педагогпін" педагогикалық эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен – заманауи педагогпін" педагогикалық эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда менің заманауи педагогикалық ұстанымдарыммен көзқарастарым туралы ой толғамым. Бүгінгі педагогтің өй-өрісі мен педагоика саласындағы жетістікке жету жолдарына нұсқау берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мен – заманауи педагогпін


«Адамды заман сүйремек...»,– деп Абай атамыз айтқандай, шетсіз-шексіз ақпараттың ағынында адам тағдыры талқыға түсер заманда өмір сүріп отырмыз. Техниканың тегеурініне табынатынымыз да рас. Сондықтан бұл заманда білікті де білімді, бәсекеге қабілетті адамдар мен мамандар ғана өз биігін бағындыра алады. «Өмір бойы білім алу – әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», – деген қағиданы Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Маман ретінде менің әр күнім ізденсіпен өтеді. Сондықтан да менің өмірлік ұстанымым: «Ізденген жетер мұратқа». Үнемі біліктілігімді арттырып, заманыма қарай адам болуға, маман болуға тырысып келемін.

Конфуцийдің «Сен неге қол жеткізгің келеді?» деген сұрағы өз шәкірттерінің көзқарасы мен мақсаттарын және болашаққа жоспарын білуге бағытталған болатын. Оған бір шәкірті өз байлығын достарымен қалай бөлісетінін айтса, басқалары өзінің тәртібіне қатысты жауап берген.Олардың жауаптары әртүрлі болғанына қарамастан, Конфуций шәкірттерінің мінез-құлқы мен өмірдегі ұмтылыстары туралы жеткілікті ақпарат алған. Ғұлама философ шәкірттеріне бір сұрақты қайталап қойған сайын оған әртүрлі жауап алатын. Бұл әр адамның ойы, түсінігі, жауабын ұйымдастыруы өз табиғатына тән ерекше екендігіне байланысты. Бұл мысалдан менің өзіме түйгенім: Әр адамның көзқарасы бір бағытқа қаратсада ол бағытты әркімнің өзінше көруі.

Әр адам өз қызметіне, атқарып жүрген ісіне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарауы керек. Сонда ғана өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Мен де сондай маманмын. Өз мамандығымды жақсы көремін. Әр сәтті өткен сабағымнан рухани ләззат аламын. Мен баланы жан-жақты тәрбиелейтін пәніммен мақтанамын. Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес. Ол - едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі. Тарихымыздың тереңдігі мен тұтасты­ғына ешбір байыпты зерттеушілер бүгінде таласа алмайды. Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі. Тарихи таныммен ұр­­­­­­пақ өсе­ді, ұлттық сана қалып­та­сады деп Елбасының "Таңдамалы сөздер" атты кітабында жазылғандай оқушылардың санасын өзгертуге ықпал ететін пәндердің бірі тарих деп ойлаймын. Менің әр сабағым ұлтты сүюге арналады, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, ата-бабамыздың тарихын құрметтіп, туған жерге деген сүйіспеншілікпен ұштасып жатады.

Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтасымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген олай болса ұстаз оқушыға ықпал ету объектісі ғана емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналу керек. Мамандығыма деген жауапкершілігім деңгейлі курста тренерім Г.Байболова мен тренерлік курста А.Бипажанова апайлардың ықпалы, алған білім арқылы арта түсті. Сабақ барысында жаңа тәсілдермен жаңаша көзқарастармен, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны сыни ойлатуға жетелеу арқылы ұлттық сана қалыптастыруға итермелейтін тапсырмалар құрудан бастадым. Тарихта болған әр оқиғаға оқушы сыни қарап, ой толғамын жасап, өзгемен пікірталасқа түсіп, сыни талдауға үйретуге жетеледім. Сабақтағы оқушы әрекетін тиімді ұйымдастыруға арналған тапсырмалармен байыта отырып, креативті ойлатын, коммуникативтілік қабілеттерін дамытуға, командалық жұмыста өзін белсенді болуына ықпал жасадым.

Американ психологы Дж.Брунер: «Білуге деген қызығушылық пен жаңаны білуге талпыныс адамға тән»- деп айтуы оқушылының қызығушылығын туғызатын, оқуды өмірмен байланыстырып, білімінің саналы, қабылдануын және дамуын байқап, қамтамасыз етіп отыру ұстаз жұмысының негізгі шарты екеніне дәлел. Шәкірттер сабақта «үйрету мүмкін емес, үйрену керек!» деген қағидамен жұмыс істесе ғана көздеген мақсаттарына жетеді. Ол қандай әрекеттермен іске асуы мүмкін? Әрине белсенді әрекеттер арқылы. Себебі білім тек белсенді әрекеттің арқасында игеріледі. Сондай-ақ білімді жекелей емес, бірлескен жағдайда шағын топта, жұпта меңгерген тиімді. Көркем әдебиет өмір сүруге үйрету құралы болғандықтан, өз өмірлеріңе жақындатуды ұмытпаймын. Сондай-ақ әр сабақта «Мен не білемін?», «Мен не үйрендім?», «Бұл білім маған қажет пе?», «Мен бұл білімді қалайша қолдана аламын?», «Мен тағы не білгім келеді?», «Мен оны қалайша білемін?» төңірегінде ой тұжырым жасатамын. Себебі өмірдің басты заңдылығы – «кім болуда» емес, «қандай адам болуда».

Елбасымыз 05.10.2018ж «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында білім сапасын бағалау халықаралық стандартқа негізделуі тиіс дегені Кембридж бағдарламасының идеяларымен үндеседі. Заманауи педагог болуға ұмтылысым үш айлық деңгейлік курстарға жетеледі. Оны ойдағыдай аяқтадым. Оқыту жүйесіне өзгеріс керек екенін түсіндім. Не үшін керек? Біз тәуелсіз халықаралық қоғамдастықта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі таңда қай елде болмасын инновациялық, индустриялық бағыттағы даму қарқын алған. Экономикалық өрлеу кез келген саланың өркендеу кепілі. Сол экономиканы дамытатынадам капиталының білім деңгейі бәсекеге төтеп беру үшін өзгеріс керек. Жылдам өзгермелі қоғамда өз пікірін қалыптастыруға қабілетті, шешім қабылдай білетін, өз күшіне сенетін, атқарылған жұмысы туралы ой толғаныс жасай алатын тұлға керек. Бұл сапалық қасиеттер өзі үшін де өзге үшін де жауапкершілік қалыптастыра алады. Өзіндік таным жүреді. Оны қалай жүзеге асырамыз? Баланың ойлау туралы ойлануына жол ашуымыз керек екен. Оқушының бойында сын тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, рефлексия жүзеге асқанда оның тұлғалық бейнесі қалыптасады.

Педагог ретінде сынып жетекшілік жұмыс атқарып келемін. Бүгінгі дәуірдің баласы өзгеше. Олардың ой-санасы көбіне техникаға тәуелді. Солардың ішкі жан дүниесінің кілтін тауып, сабаққа деген қызығушылығын туғызу – оңай шаруа емес. Балаларды бірден қызықтырып, белгілі бір іске жұмылдырып кетпесеңіз, олар «өз әлеміне кіріп кетуі» әбден мүмкін. Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Қандай болсын әдіс, тәсіл, мақтау бетіне басып ұялту, көзін жеткізу , көндіру тәрбиешіден имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол шәкірттерінің шыншыл, адамгершілікті, сыпайы, әділ болуын қамтамасыз ете алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс» деп айтқандай осы қасиеттерді бойымда ұстауға тырысамын.

«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», – деген Елбасы сөзі санамнан әркез шықпайды. Бала мұғалімге қалтқысыз сенеді. Сол сенімді ақтау – біздің қасиетті борышымыз. Сенім – ұлы категория. Мен балалардың сенімінен шықпай қалудан қорқамын. Қателік жіберуден қорқамын. (қателеспейтін адам жоқ екенін білсем де) Мен жетекшілік ететін сынып – мен үшін ең ақылды, ең тапқыр, ең саналы сынып. Балаларды жақсы көретінім сондай – олардың кемшілігін де байқамай қаламын. Көрсем де көргім келмейді. Мен үшін бәрі – таза, бәрі – бір биік шың.

«Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдыретті сәулесі сияқты»- деген ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің теңеуіне сай заман ұстазы болып, оқушыларды сәулеммен нұраландырып, білім нәрімен сусындатып, «Мәңгілік Ел» ұрпағын тәрбиелеуге талмай еңбек ететін ұстаз болу, мен үшін маңызды да ұлы жауапкершлікіті мол талап ететін іс деп санаймын. Мен қарапайым нәрселерден қуаныш көремін, мысалы оқушы жетістігіне, бойындағы өзгеріске де қуанамын. Бұл менің жемісім деп санаймын. Мен нақыл сөздерді көп оқимын. Себебі даналық сөзден дән іздеп, зерделі сөзге зер салсам, мен білетін шындық айқындала түседі.

 


Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияның

Тарих пәні мұғалімі Кирбаева Жазира Канашевна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
1627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі