МЕН БІЛІКТІ ТӘРБИЕШІМІН

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕН БІЛІКТІ ТӘРБИЕШІМІН

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ тәрбиесі ұлт тәрбиесі екендігін бәрімізге белгілі. Бұл жолда баланы есін біліп, қоршаған ортасын тани бастағаннан бері жөнді тәрбиелеу ата - ананың, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мен мектеп мұғалімдерінің парызы іспетті. Сонда ғана, болашақ күніміздегі нағыз ұлт көшбасшы болатын азамат пен азаматшаларды тәрбиелеп шығарамыз. Менің ойымша, өзімнің таңдаған мамандығымның әр баланы түзу жолға салу барысында атқаратын міндеттері көп деп білемін. Ендеше, осы пікірімді дәлелдеп өтейін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕН БІЛІКТІ ТӘРБИЕШІМІН

Тек қана ата - аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
Василий Сухомлинский

Ұрпақ тәрбиесі ұлт тәрбиесі екендігін бәрімізге белгілі. Бұл жолда баланы есін біліп, қоршаған ортасын тани бастағаннан бері жөнді тәрбиелеу ата - ананың, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мен мектеп мұғалімдерінің парызы іспетті. Сонда ғана, болашақ күніміздегі нағыз ұлт көшбасшы болатын азамат пен азаматшаларды тәрбиелеп шығарамыз. Менің ойымша, өзімнің таңдаған мамандығымның әр баланы түзу жолға салу барысында атқаратын міндеттері көп деп білемін. Ендеше, осы пікірімді дәлелдеп өтейін.

Әдебиетіміздегі Абай Құнанбаевтың есімін қазіргі күнде тек қазақ ғана халқы емес, барша әлем білетіндігі айтпасақ та белгілі. Бұл тұрғыда, Абайдың балдырған 3-4 жастағы бүлдіршін кезеңінде Абайға әжесі Зере мен анасы Ұлжан түрлі ертегілер мен нақыл сөздер айтып, қазақ тарихына сусындатып өсірген болатын. Соның нәтижесінде қазақтың алып тұлғасы дүниеге келіп, тарихымызда «Бас ақын» атауымен есте қалды.

Ойланып қарасақ, сол бүлдіршін кезеңдегі 3-4 жастар, бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тәлім алатын жеткіншектердің жасы. Егерде біз өзімізді Зере мен Ұлжандай дана тұлғалар ретінде сезіне отырып, тәрбиеші мамандығының қыр - сырын білер болсақ, бізде келешек өмірдің бір ғалымын, бір ақынын, бір батырын тәрбиелеп, шығара аламыз. Себебі, бала жас күнінде армандау арқылы, сол арманды өсе келе мақсат етіп орындауға бар күшін салады. Тек өзінің күші ғана емес, бүлдіршінге сенім беріп, қайратын арттыратын да тәрбиеші екендігі анық.

Неге десеңіз, мұғалім мамандығының атқаратын қызметін түсіну – өз кәсібінің маманы бола білу сөзімен пара – пар ұғымда жатыр.

Келесі кезекте, «жақсы сөз – жарым ырыс» деген қазақ нақыл сөзімен бәрімізде таныспыз. Иә, сөз арқылы тән жарасын да, жан жарасын да жазуға болады. Бұл жердегі ең маңыздысы – жылы сөздің жүректен шығуы. Мәселен, мен тәрбиеші ретінде өз шәкірттерімді, балапандарымды тілді құрал ретінде пайдаланып, тілдесу арқылы адал ұрпақ, отанын сүюді, патриот болуға дәріптей аламын. Міне, осы нәрсе арқылы келешекте мен тәрбиелеген бүлдіршіндер ұлтқа қызмет етері хақ!

Сөзімізді қорытындылай келе, мамандық таңдар алдын, барынша ақылға салып, жүрегімімізбен шешім қабылдап, бойда жатқан қабілеттерімізге бір көз салып қояиық! Себебі, бұл өмір бір рет ғана берілгеннен соң, мамандыққа білім алу жолында жұмсаған уақытымыз өте бағалы!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.07.2022
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі