Мен өз саламның маманымын... Өз іс-тәжірибемнен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен өз саламның маманымын... Өз іс-тәжірибемнен

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім деген мамандық қой, ал мен ізгілік пен мейірімге шақырар ұлағатты ұстаз болғым келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен өз саламның маманымын...


Адам баласының арманында шек болмайды. Армандамайтын, қиял жетегінде ойды-қырды аралап, шексіз әлемге саяхатқа шықпайтын адам бұл өмірде кемде-кем. Әсіресе, осы арман қалаға балалық шақта сапар шегетініміз рас.

Арманы жоқ бала бола ма? Жүйелі ой түйе бастағаннан сол балалық тәтті де биік армандарымыздың жетегінде жүріп ер жетеміз. Үлкендер «Өскенде кім боласың?» деген сұрақты жиі қоятын. Мектепте де «Кім болам?» деген тақырыпқа шығарма жазғанда арман-қиялымызға ерік беріп, шабыттанып, сонау болашаққа сапар шегетінбіз. Менің жазушы, суретші, тіпті дәрігер болғым келетін. Ақ қағаздың бетіне қаламмен түсірген ертегі, әңгімелерім елді тамсандырып жүрсе деген кез де болды. Көшеде жайқалып өскен гүлдер мен көкке атылған ағаш, тауларды қылқаламның күшімен сұлулықтың символына айалатын туынды жазғым келетін.

«Адамның дегені емес, Алланың дегені болады...» Бала күнімде әкем осы сөздерді жиі айтатын. Сонда осы сөздерге аса мән беріп, байыбына бара бермеппін. Уақыт өте келе адамның ойы мен дүниеге деген көзқарасы өзгереді екен. Мектеп қабырғасында жүргенде жазушы да, суретші де, болам деп, нақты шешім қабылдар кездің келерін түсіне бермеппін. Қолымызға аттестатты алып, шешім қабылдар кезде қатты қиналғаным әлі есімде. Осы кезде қандай мамандық иесі болғым келетінін өзім де нақты айта алмайтынмын. Тек шын жүрегіммен тілегенім қай мамандық болса да, адамдық атыма кір келтірмей, адал қызметкер болғым келді. Ата-ананың сенімін ақтап, елімнің үкілеген үміті екенімді естен шығармай, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына қолдан келгенше өз үлесімді қосу еді. Әкем айтқандай Алланың дегені болады...

Мұғалім деген мамандық қой, ал мен ізгілік пен мейірімге шақырар ұлағатты ұстаз болғым келеді.

Мақсатсыз адам қанатсыз құс сияқты, ұша алмайды. Ал, менің осы ұстаздық жолда алдыма қойған үлкен мақсатым бар. Ол жүректері мейірім мен ізгілікке толы, адал, еңбекқор, Отансүйгіш ұпақ тәрбиелеу.

Қазіргі білім мен ғылым дамыған ғасырда «Қазіргі заман педагогы қандай болу керек?» деген сұрақ кімді де болса толғандыратыны анық. Ия, мен –қазіргі заман педагогымын. Мен жас ұрпақты, кеудесінде оты жалындаған патриот ұрпақты тәрбиелеуде қандай міндеттер атқарып жүрмін?

Мақсатым-айқын, міндетім-біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игерту. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жүгерім мен білімімді сала бермекпін.


Туленова Бақытнұр Жасұзаққызы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Технология пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі